Дениет негіздері



Pdf көрінісі
бет34/70
Дата18.10.2022
өлшемі2,93 Mb.
#43883
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   70
Байланысты:
httpsemirsaba.orguploaddownloadid8670


Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы 
и институты развития
§ 8. Саяси партиялар мен БАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
мәдениетті қалыптастыру құралы ретінде
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда және сыбайлас жемқор-
лыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда саяси партиялар мен партиялық 
ұйымдар белсенді қатысуда. 
Саяси партиялар азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық 
орнатуға және қоғамдық бақылауды дамытуға ерекше көңіл бөледі. 
Әріптестер ретіндегі осы институттардың оң әсері олардың тәуелсіздігін 
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы мүдделілігін қамтиды. 
Олардың әлеуетін тиімді пайдалану қоғамның осы процеске қатысуын 
кеңейтуге мүмкіндік береді. 
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мақсаты сыбайлас 
жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік ахуалын қалып- 
тастыру болып табылатын «Нұр Отан» партиясы 2015 – 2025 жылдарға 
арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын 
әзірледі.
Бағдарламаны қабылдау бірінші кезекте «сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы тұрарлық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық бақылауды 
күшейту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты туғызатын себептер мен 
шаттарды жою» болып табылады. Осы құжатқа сәйкес Қазақстанда 
қоғамдық бақылау институты енгізілуде, сыбайлас жемқорлыққа
қарсы тұрарлық мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар қабыл-
дануда [1]. Бағдарлама шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимылдың қоғамдық инфрақұрылымын құру және азаматтар құқық- 
тарын қорғау, олардың лауазымына қарамастан тұлғаларды жауап-
кершілікке тарту, сыбайлас жемқорлықпен проблемаларды талқылау 
бойынша негізгі міндеттер шешілді. 
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру үшін
барлық қолда бар әлеуетті, бірінші кезекте Сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық жұмыс кеңесі
және «Нұр Отан» партиясының Партиялық бақылау комитеті сияқты 
партиялық ұйымдардың қызметін күшейту қажет. 
«Нұр Отан» жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 
жөніндегі республикалық қоғамдық жұмыс кеңесі – сыбайлас жемқор-
лыққа қарсы тиімді іс-қимыл, себептері мен оның пайда болуының 
алғышарттарын жою мәселелері жөніндегі консультациялық-кеңесші 
орган. 
Кеңес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылықтардың 
жолын кесуге жәрдемдесу, мемлекеттік билік, жергілікті мемлекеттік 
басқару және өзін өзі басқару органдарында сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлықты туғызатын себептер мен 
шарттарды жою, лауазымдық жағдайын пайдаланумен қасақана және 
құқық бұзушылықтарды түп тамырымен жою, қоғамда сыбайлас 
жемқорлыққа атымен төзбеушілік қатынасты қалыптастыру бойынша 
мемлекеттік саясатты жетілдіру, бойынша жұмыс жасайды.
Кеңестің міндеттері:
1) партияның, қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ партияның консуль-
тациялық-кеңесші институттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс 
57


ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛ ТУРЫ
қимыл жөніндегі бағдарламалық құжаттарын іске асыруды және орындау 
мониторингін қамтамасыз ету; 
2) партияның өңірлік және аумақтық филиалдары жанындағы 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестерінің 
қызметін үйлестіру; 
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамда төзімділік қалыптастыру,
4) сыбайлас жемқорлық жағдайына партиялық және қоғамдық ісер 
ету тетігін жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әртүрлі 
инновациялық нысандарын, әдістерін және құралдарын қолдану; 
5) азаматтық қоғам құрылымдарымен сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара әрекет жасасу; 
6) жеке және заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлықтың пайда 
болуы фактілері бойынша өтініштерімен жұмыс.
Саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар ынтымақтастығының 
негізгі бағыттары мыналар болып табылады: 
– 
мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және олардың 
лауазымдық тұлғаларының жұмысында ашықтыққа қол жеткізу; 
– 
олардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлықты туғызатын кемші-
ліктерді анықтау, сондай-ақ оларды жоюға бастамашылық ету; 
– 
әрбір сыбайлас жемқорлық фактісін қоғамдық талқылауға шығарып 
отыру; 
– 
азаматтық қоғам институттарының мемлекеттік органдардың 
қызметі туралы ақпаратты пайдалануының заңды және моральдық 
жауапкершілігі жағдайын қалыптастыру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық 
қоғамдық бірлестіктің, өңірлік және аумақтық қоғамдық кеңестердің 
қызметі, бұл жұмыстарға барлық деңгейдегі депутаттардың, ҮЕҰ мен 
БАҰ қатысуы арқасында мейлінше сыбайлас жемқорлыққа бейім 
салаларды қоғамдық бақылау арқылы қамту айтарлықтай кеңейді. 
Қоғамдық қабылдау бөлмелері азаматтардың сенімін ала отырып, кері 
байланыстың маңызды арнасы және халықтың құқықтарын қорғаудың 
пәрменді құралы болды.
2014 жылы «Нұр Отан» партиясының жанындағы сыбайлас жемқор-
лыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестер мәслихаттар-
дағы депутаттық фракциялармен, прокуратура, қаржы полициясы 
органдарымен, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттерімен 
және басқа да мемлекеттер органдармен бірлесіп халықтың сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға, азаматтардың 
құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, әлеуметтік маңызды 
мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына қоғамдық бақылауды 
дамытуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 
саласындағы іс-шараларды іске асырды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестер мен партиялық 
бақылау комиссияларының отырыстарында мемлекеттік органдардың 
жұмысы туралы БАҚ-та жарияланған сыни материалдар, мемлекеттік 
органдардың мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жұмысын 
ұйымдастыру, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, 
58



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет