ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
– Гедонизм құндылықтарын тарату да ерекше алаңдаушылық
туындатады. Әдемі, алаңсыз өмір, рахат пен ләззат, жасампаздық
еңбекке белсенді түрде қатыспай-ақ ырду-дырду өмірді көрсету
қоғамның псевдоидеалдарын жасайды. БАҚ «гламур» құндылықтарын
тарата отырып, тұтынушылық психологиясын қалыптастыру көзіне
айналуда. Бұл туралы Н. А. Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлеуметтік
жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына жиырма қадам»
атты мақаласында былай деп жазды: «Тұтынудың бұл идеологиясы
бүлдіруші болғанына бүгін бүкіл әлем ерекше көз жеткізіп отыр. Ол
әлемнің дамыған елдерінде жаппай әлеуметтік масылдық туындатты
және жаһандық дағдарыстың басты себептерінің бірі болып табылады»
[1].
– Егер ұлттық мәдениеттің мысалын алсақ, отбасында балаларды
еңбекке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу дәстүрі әрқашан да болған.
Сондықтан отбасында ұлттық тәрбиенің негізі, адамгершілік пен іс-
әрекеттің өзегі ретінде адал еңбек басым болуы тиіс. Сонда ғана отбасы
деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тосқауыл қоя аламыз. Бұл
тосқауыл осы мәселені заңдық реттеуге қарағанда мықтылау, тиімдірек.
– Жоғарыда айтылғандарға орай мынадай қорытынды шығаруға
болады:
– өскелең ұрпақты тәрбиелеуде отбасының адамгершілік жауаптылы-
ғын арттыру қажет;
– отбасында борыш, адалдық, ар-намыс, әділдік талаптарына сәйкес
келетін тұлғаның мінез-құлқының адамгершілік реттеуіштерін күшейту
қажет;
– адамды адамгершілік, әділдік пен ар-ождан рухында тәрбиелеу
тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің негізі ретінде
қоғам мен мемлекеттің тарапынан сұранысқа ие болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: