Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы
и институты развития
болжайды, себебі қалыптасқан мінез-құлық нормалары мен дәстүрлері
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке ауысады. Л. В. Савинов атап
көрсеткендей, «осында [әртүрлі этностық топтар] өзге нысандары ғана
емес, сонымен қатар өзге түсінік пен сыбайлас жемқорлықты өзгеше
қабылдау бар [3].
Халық дәстүрінде көп уақыт өтуіне және осы практиканың күнделікті
қайталануына байланысты иррационалдық деңгейде жаңғыратын,
ұтымды тәртіп нысандары орныққан. Олардағы рационалды өзекті
анықтауға тырысу қоғамның материалдық және рухани мәдениеті
негіздеріне тереңдеп ену қажеттігіне әкеледі. Әрине, еңбек, білім, теңдік
пен толеранттылық құндылықтары бейәлеуметтік, жағымсыз тәртіп, біз
оған сыбайлас жемқорлықты жатқызатын, нысандарына қарсы тұрады.
Бұрын көмегін көрсеткен адамға көмек көрсету бірқатар дәстүрлі
мінез-құлық нормаларына жатқызылады
–
«асар» және басқалар, олар
достық немесе туысқандық қатынастар негізінде өзара қолдау мен
көмекті көрсетеді. Бұл – жеке бас пайдасы үшін емес, қиын жағдайда
көмектесу негізделген адамның мінез-құлқының әлеуметтік құндылығы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері
қоғамның жалқаулық, парақорлық, ұрлық, әділетсіздік және басқалар
сияқты кеселдерін айыптау нормаларында көрінеді. Мысалы, әртүрлі
этностардың мақал-мәтелдерінде халықтың алақол адамдарға деген
теріс көзқарасы көрінеді:
«Түйе немесе түйме ұрласа да, ұрының аты ұры»,
«Ұрлық жасасаң, жазадан қашып құтылмайсың»,
«Ұрымен дос болсаң, ұяласың, өзің де ұрлық жасайсың»,
«Ұры ұрлық жасауын қойса да, «ұры» атауы оның қыр соңынан
қалмайды»,
«Арамдықпен еңбек ету, тамақты ұрлықпен тапқанға тең»,
«Оңай жолмен келген табыс, құт болмайды»,
«Қайыршының қарны тоймас, ұры бай болмас» (қазақ мақалдары);
«Арам жолмен келген игілік, пайдалы болмас» (күрд мақалы);
«Қасқырды көк бөрі болғаны үшін емес, қойды жегені үшін соғады»
(орыс мақалы).
Бұл ретте «ұрлық» тура және жанама мағынасында да түсініледі.
«Ұрлық жасау» осы байлықтың шынайы иесіне айтпастан еңбек етпей
баю дегенді білдірмей ме?
Әлеуметтік нормалар, ар-ождан мен абырой ұғымдары. Әлеуметтік
тіршілік иесі мен саналы адам оны айналасындағылар қалай қабылдайды
деп ойланады. Оның тәртібі қоғам белгілейтін және оның тәртібін
бақылау функциясын атқаратын әлеуметтік нормалармен реттеледі.
Қоғам мен адамның мұндай рухани байланысы ар-намыс пен абырой
ұғымдарында білінеді.
Ар-намыс пен абыройды сақтау мәселелері қоғамдық және жеке
сананың әрдайым ерекше бақылауында болды. Ар-намыс пен адами
абыройын сақтау – көптеген халықтың шынайы өмір сүру мәні. Бұл
қағидаттар сақталып және ұрпақтан ұрпаққа беріліп, осы күнге дейін
өзінің әлеуметтік мәнін жоғалтпаған халық нақылдарынан көрінеді.
39