Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы
и институты развития
болады, ол өз халқына қызмет етудің маңыздылығын атап өтеді. Бұл
ретте қызмет адал, риясыз болуы тиіс. Адал, әділ, алдамайтын
еңбек, жоғары идеалға қызмет ету – діншіл іс. Ар-ождан, адалдық,
сатылмаушылық – адамшылықтың, ізгіліктің негізі, ол қазіргі заманғы
адамды тәрбиелеудің негізі болып табылады.
Ар-ождан, ар-намыс, әділдік адамгершілік құндылықтары, қоғамның
рухани кемелденуі мен жетілуінің негізі ретінде қазіргі қоғамда
сұранысқа ие болуы тиіс. Бұл құндылықтарды мемлекет, азаматтық қоғам,
әрбір азамат тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртібінің негізі
ретінде қалыптастырып, жандандыруы тиіс.
Қазір мемлекеттік қызметте қарапайым орындаушылық, кәсіби
құзыреттілік жеткіліксіз. Барған сайын ар-ұяттылық, әдептілік, адалдық
сияқты адамгершілік қасиеттердің маңызы артуда.
Тірек сөздер: ділдік, құндылық, еңбек, білім, дәстүр, ар-намыс, абырой. ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР 1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері қандай?
Ол неден көрінеді?
2. Ұлттың салт-дәстүрлері сыбайлас жемқорлықтың таралуына қарсы
тұра алады ма, бұл үшін не істеу қажет?
3. Сыбайлас жемқорлықтың этностық тамыры, мәдени алғышарттары
бар ма?
4. Біздің қоғамда ар-ұяттылық пен әдептілік қалай бағаланады?
5. Халықтың дәстүрлеріне құрметтеу сыбайлас жемқорлық көрінісі
болып табыла ма?
Рефераттардың үлгілік тақырыптары 1. Тұлғаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет аясында тәрбиелеу.
2. Мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті ынталан-
дыру тетіктері.
3. Қазақстан қоғамының ұлттық мәдениетінде сыбайлас жемқорлыққа
төзбеушілік.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда ұлттық мента-
литеттің рөлі.
Әдебиет 1. Туфан З. Религия в системе духовной культуры: учебное пособие. – Алматы:
ВШП «Әділет», 1999. – 106 с.
2. Назарбаев Н.Ә. Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: Бес институттық
реформа: «Нұр Отан» партиясының XVI съезіндегі баяндама // Егемен
Қазақстан. 2015. 12 наурыз.
3. Савинов Л. В. Коррупция как ментальность нации и этноса. http://www.
justicemaker.ru/view-artide.php?id=15&art=2247, 10.04.2015.
4. Калыбекова А. Народная мудрость казахов по воспитанию. Изд. 3-е. –
Алматы: БАУР, 2011. – 512 с.
5. Измайлов А. Э. Народная педагогика: педагогические воззрения народов
Средней Азии и Казахстана. http://bibliotekar.kz/narodnaja-pedagogika-
pedagogicheskie-voz/2-trudovoe-vospitanie-serdcevina-narodno.html,
10.04.2015.
6. Абай. Книга слов. Поэмы. – Алматы: Ел, 1993.
43