Дербес білім беру ұйымы графика және жобалау



бет20/37
Дата15.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#68255
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37
Байланысты:
32 Оқу жоспары Графика және жобалау 10 сынып

Қималар мен тіліктер

10.2.4.1
Сызбаларда қима мен тіліктерді қолданудың маңыздылығын білу және түсіну
10.2.4.2
Сызбада қима мен тілікті кескіндеу ережелерін білу және қолдану
10.2.4.3
Қима мен тіліктер орындау барысында шарттар мен жеңілдетулерді қолдану

Қима мен тіліктің түрлері.
(Т) Топта елестету арқылы әртүрлі заттардың горизонталь және вертикаль орындалған қима нобайларын орындау ұсынылады.
(Ұ) Мысал ретінде қиық цилиндр бөлшегінің кескінін қарастырыңыз.
(МК) Сызбадағы қималардың ережесімен таныстырыңыз.
(Ұ,Т) Оқушылармен бірге материалдардың әртүрлі графикалық белгілері бар қима кескінің қарастырып, сол кескіндегі заттың/ тетіктің материалын анықтауды ұсыныңыз.
(Ө) Оқушыларға заттың сызбадағы қима көрінісін салуды ұсыныңыз.
(Ұ) Тілік сызбаларына мысал ретінде алынған кескіндерді талқылаңыз. Мысалы, ұшақтың көлденен/ тігінен орындалған тілік сызбасы.
Оқушыларды тілік сөзінің мағынасымен таныстырыңыз.
(МК) Сызбадағы тілік орындау ережесімен таныстырыңыз.
(Ұ) Оқушыларға әртүрлі терең ойығы, тесігі бар заттар/тетіктер сызбаларын ұсыныңыз. Тілік пен қиманың орындау мақсаттылығын талдап, геометриялық форма тетіктерін талқылаңыз.
(Ұ) Оқушылармен бірге көрініс пен тілікті салыстырып, «тілік көрінісі» түсінігін қалыптастырыңыз. Көрініс пен тіліктерді біріктіру ережелерімен таныстырыңыз. Оқушыларға тіліктерді көрініс арқылы біріктіріп қолдануды үйреткен жөн.
(Ұ) Оқушылармен бірге заттың аксонометриялық проекциясын қарастырып, сол заттың бір бөлігін ойша алып тастауды ұсыныңыз. Заттың бір бөлігін алып тастағанда көрінісін талқылаңыздар.
Тәжірбиелік жұмыс.
Мысалы:
(Ө) Оқушыларға өздері қалаған кез- келген ойығы немесе тесігі бар заттарды таңдап алуды ұсыныңыз. Қажетті деген тілігі бар техникалық сурет сызбасын орындау.
Оқушыларға шартты белгілерді қолдана отырып, қима мен тіліктердің салуларына арналған графикалық жұмыстар орындауды ұсыныңыз.



Топтық тапсырма ретінде көкөністер, жемістер, азық- түлік өнімдерінің суреттерін немесе аталуы бойынша қималар орындау ұсынылады.
Мұғалім оқушылармен бірлесе отырып, ойығы, саңылауы, тесігі және т.б. бар заттардың бірнеше тіліктерін орындау ұсынылады.

Ойша елестету және түсініктерін дамыту үшін бірнеше заттардағы әртүрлі қималардың көріністерді қарастырыңыздар.



Мұғалімге қима көрінісі бар немесе жоқ бөлшектердің суреттерін көрнекілікке қолдану ұсынылады. Қима туралы білген және түсінген білімдерін бекіту үшін оқушыларға берілген кескіндерді өздігінен талдауды ұсыныңыз.
Тақырыпты бекіту үшін, оқушылар қималар мен көріністердің біріктіру сызбаларын өздігінен орындауды ұсыныңыз.
Мұғалімге қима мен көріністердің біріктірулер сызбасының мысалдарын оқушылармен бірге орындау ұсынылады.
Оқушылардың назарын жұмысты орындау барысында берілген суреттегі көріністің көп ақпарат беретінің және ұзақ уақыт қажет етпейтініне көз жеткізіңіз.
Ескертпе:
Тақырыпты игеру үшін 6 сағат ұсынылады.

Интернет-дереккөзі:
Бейненің- көрінісі, қимасы, тілігі.
http://graph.power.nstu.ru/wolchin/umm/eskd/eskd/GOST/2_305.htm

http://cadinstructor.org/eg/lectures/2-vidy-razrezy-sechenia/


Бейнені орындау барысында қолданатын шартты белгілер мен жеңілдетулер.
http://edu.tltsu.ru/er/book_view.php?book_id=1c02&page_id=17948


http://seniga.ru/index.php/uchmat/55-kompas/183-5.html









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет