Заттың сызбаларын оқу және орындау.
(Ұ) Берілген тетік сызбасын оқушыларға топта талқылауын ұсыныңыз.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Сызбада қандай бөлшек көрсетілген?
Сызбадағы бейне қандай аксонометриялық проекцияда берілген?
Бөлшек қандай геометриялық денелерден тұрады?
Берілген бөлшектің бір көрінісіне қарап толық елестетуге боладыма?
Бұл бөлшекті дайындауға сызбада барлық өлшемдер берілген бе?
(Ұ) Оқушылар сызбаларды өздігінен талдау үшін, заттар/бөлшектер туралы басқа да ақпараттар және геометриялық формаларын анықтауға арналған сызбаларды оқу алгоритм кезеңдерін құрады.
(Ұ) Сызбада берілген екі көрініс арқылы үшінші көріністі салудың бірнеше нұсқаларын қарастырыңыз.
(Ө)(Ж) Оқушылар көрнекі модельдерді әртүрлі бөлшектер пішіндеріне қарай талдайды. Берілген бөлшектің сызбасын орындап, сызбаны оқу жоспарын құрастыруды сұраңыз.
(Т)(Ұ) Оқушылармен бірге заттың аксонометриялық проекциясын қарастырыңыз. Проекцияға бірнеше нүктелерді белгілеп және оны тікбұрышты проекцияда табуды ұсыныңыз.
(Ө)(Т) Оқушыларға пішіндерді құрастыруға және моделдеуге арналған бірнеше тапсырма орындауын ұсыныңыз.
(Ө) Оқушыларға кескіннің көрінісі мен сыртқы өлшемдері арқылы заттың пішінің модельдеуін өздігінен орындауды ұсыныңыз.
(Ө)(Т) Оқушыларға заттың пішінің модельдеуіне байланысты сызбадағы жетіспейтін сызық түріне, оның басқа көріністері мен сыртқы өлшемдеріне, көріністердегі элементтердің біртіндеп қосылуына байланысты тапсырмалар орындауды ұсыныңыз.
|
Заттар/тетіктер сызбалары бар таратпа материалдар дайындап алу ұсынылады. Мысалы; сағаттар, аспашам, автокөлік тетігі және т.б.
Оқушыларға сызбаны оқуды негізге ала отырып, ойша ойлауды қалыптастыруға арналған бірнеше тапсырма ұсынылады.
Мысалы:
Бұл тапсырма дифференциалды түрде болуы мүмкін.
Оқушылармен бірге техникалық қауіпсіздікті; жұмыс орның дайындау, сызба аспаптарын қолдану, сызба жұмыстарына материалдарды дайындау туралы талқылаңыз.
Ескертпе:
Тақырыпты игеру үшін 5 сағат ұсынылады.
|