Деректер түрлері. Деректерді жинау және топтау


Соңында вариантаның әрбір мәні неше рет кездесетінін санаймыз



бет4/5
Дата13.02.2023
өлшемі473,71 Kb.
#67494
1   2   3   4   5

Соңында вариантаның әрбір мәні неше рет кездесетінін санаймыз.

  • 0 1 2 3 1
  • 2 1 2 1 0
  • 4 3 2 1 1
  • 1 0 1 0 2

Жанұядағы балалар саны — (х)

Жанұяның саны (f)

0 1 2 3 4

4 8 5 2 1

20

Нәтижесінде аяқталған кестені немесе балалар саны бойынша жанұяның таралу қатарын аламыз.

2 мысал. Тексерілушілердің біртекті топтарында өлшеу нәтижесінде келесі айнымалылар алынды: 71, 72, 74, 70, 70, 72, 71, 74, 71, 72, 71, 73, 72, 72, 72, 74, 72, 73, 72,74 (пульстің жиілігі).

Осы деректер бойынша жиіліктер мен салыстырмалы жиіліктердің статистикалық таралу қатарын тұрғызу керек.

Шешуі.

1) Жиіліктердің статистикалық таралу қатары:

  • х 70 71 72 73 74
  • n 2 4 8 2 4
  • 2) Таңдама көлемі: n = 2 + 4 + 8 + 2 + 4 = 20. Салыстырмалы жиіліктерді табамыз, ол үшін жиіліктерді таңдама көлеміне бөлеміз:

    Тексеру: 0,1 + 0,2 + 0,4 + 0,1 + 0,2 = 1.

Таралу қатарларының графикті түрде кескінделуі

Жиіліктер полигоны

Дискретті вариациялық қатарларды кескіндегенде қолданылады.

Жиіліктер полигонын тұрғызу үшін абсциссалар осіне хi варианталары, ал ординаталар осіне – оларға сәйкес пi жиіліктері орналастырылады.

Нүктелерді кесінділермен қосып, жиіліктер полигонын аламыз.


2-тапсырмадағы берілгендер бойынша жиіліктер мен салыстырмалы жиіліктер полигондары.

Гистограмма

Гистограмма интервалдық вариациялық қатарды кескіндеу үшін қолданылады. Гистограмманы тұрғызғанда абсциссалар осіне интервалдар шамалары орналастырылады, ал жиіліктер сәйкес интервалдарда тұрғызылған тікбұрыштарды бейнелейді. Бағандардың биіктігі жиіліктерге пропорционал болуы керек.

Дискретті таралу қатарын интервалды қатарға өзгерту (айналдыру)

  • Топтардың оңтайлы санын таңдау керек (белгінің интервалдарын) және интервалдың ұзындығын (құлаш)анықтау керек R=Xmax-Xmin .
  • Таралу қатарында топтар санын Стерждесс формуласы бойынша анықтайды , мұнда k – топтар саны (бүтін санға дейін жуықтап дөңгелектейміз); N – таңдама көлемі


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет