Сапалық деректер (номиналды, рангілік, дихотомиялық).
Сандық деректер (дискретті, үздіксіз).
Деректерді жинау және топтау. Вариациялық қатар.
Жиілік полигоны мен гистограмма тұрғызу
Бас жиынтық және таңдама
Бас жиынтық – зерттеу жорамалы ұйғарылатын барлық нысандар жиыны.
Таңдама – қасиеттерін оқып-білу үшін арнайы таңдалынып алынған саны бойынша шектелген нысандар тобы,.
Таңдаманың негізгі қасиеті оның репрезентативтілігі (бас жиынтықтың қасиеттерін бейнелеу)!
Деректер түрлері: сапалы және сандық
Сапалық (немесе категориялық, сипаттамалы, атрибутивті) – сандық өлшеуге келмейтін айнымалылар, зерттеу нысанының қасиеттерін сипаттайды, олармен арифметикалық амалдар орындауға және оларды өсу немесе кему ретімен орналастыруға болмайды
Олар
Номиналды (атауы)
Реттік немесе рангілік – логикалық ретпен орналастыруға (ранжирлеуге) болады, мысалы, пациенттің ауру сатысы немесе жағдайының ауырлық бағасы, алайда оны сандық өлшеммен қаншалықты ауыр немесе жеңіл екендігін айта алмаймыз, яғни ауру жағдайы жақсы немесе нашар екендігін білеміз, бірак қаншалықты екенін айта алмаймыз. Дихотомиялық немесе бинарлы – екі мәннің біреуін ғана қабылдай алады (сау/ауру, қайтыс болды/тірі қалды, шылым шегеді/шылым шекпейді және т.б.), яғни немесе… немесе
Мысалдар: білім (?), жанұялық жағдайы (?), палата номері (?), диагноз (?)
Сандық – нақты анықталған сандық мөлшері бар айнымалылар (сандық мән)
Екі түрге бөлінеді:
Дискретті – тек қана бүтін сандармен өрнектеледі, мысалы, жанұядағы балалар саны, күніне шегілген темекілер саны, аурудың қайталану саны және т.б.
Үздіксіз – үздіксіз шкаладағы кез-келген мәнді қабылдауы мүмкін, мысалы, бойдың ұзындығы, дене салмағы, артериялық қысым, қанның биохимиялық көрсеткіштері және т.б.