Астрагүлділер тұқымдасы – семейство астровые – Asteraceae
Сипаттамысы. Сабағы тік орналасқан сырты жалаңаш немесе сирек түк басқан, төменгі тұсынан бастап қарама-қарсы тармақталған, биіктігі 15-60 см біржылдық өсімдік. Гүл себеттері бұта ұштарында біреу немесе 3-4 тен орналасқан. Гүл орамдары қос қатарлы, оның сыртқы күлтелері жасыл түсті ұзынша, ішкі күлтелері бурыл-сарғыш түсті, ойыс, тау болып гүлінен қысқалау болады. Гүлдері түтікше гүлдер, қосжынысты, түсі күңгірт-сары. Тұқымдары шілде-қыркүйекте гүлдейді. Таралуы.Қазақстанның барлық аймағында кездеседі. Батпақты жерлерде, өзен мен көлдердің сызды жағалауларында егістіктерде және арықбойларында арамшөп ретінде өседі.
Дәрілік шикізаты. Шөбін (Herba Bidentis) өсімдіктің қауыздану кезеңінде жоғары ұшынан 15 см ұзындықта кеседі. Плантацияларында итошаған комбайнмен бүкіл жер үсті бөлігін орып, ұсақтап, жинайды. Шөбін жұқалап брезентке жайып кептіреді. Кептіргіштерде 350 – 400 С температурада кептіруге болады.Кептірілген шикізаты өсімдіктің бүтін сабағы мен жапырақтары, қауызы бар 15 см ұзындықта кесілген жоғары бөлігі. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Жапырақтарының ұзындығы 7-15 см, қысқа сағақты, 3-5 қияқты саусақ салаланған жапырақтарға бөлінген, ортаңғысы ірірек болып келген. Жапырақтары жәй жапырақтар. Жапырақтарының түсі жасыл немесе қоңырқай – жасыл түсті; сабағы жасыл немесе жасыл-күлгін түсті. Өзіне тәне иісі бар, дімі ащы, аздап бырыстырғыш. Химиялық құрамы. Шөбінің құрамында флавоноидтар, кумариндар (умбеллиферен және скополетин) , аскорбин қышқылының 600-70%6 аскорбин қышқылы 50м%, кариотин 4,46%-ға дейін, иілік заттар 4,46%. ащы заттар, шырыштар, γ-лактондар, аминдар, эфир майының іздері табылды. Қолданылуы. Итошағанның тәбет ашатын, асқорытуды көтеріп, жақсартатын қасиеті бар. Тері дертінің зат алмасуының бұызылуын реттейтін, несеп пен терінің бөлінуін жақсартып, орталық жүйке жүйесінің жұмысын ретке келтіреді. Итошаған препараттары қабынуға қарсы әсер етеді, қан қысымын төмендетеді және аллергияға қарсы әсер береді. Шөбінің қайнатпасын суық тигенде, жөтелде, бауыр мен көк бауыр дертінде, буын дертінде (подагра), артрит пен мешелде қолданылады. Қайнатпасын безеуде, көршиқанда (фурункулез) қолднылады. Тамыр қайнатпасы улы заттарға қарсы әсер етеді. Орта Азияда жылан шаққанда оның уына қарсы қолданылады.