Дәрілік өсімдік шикізатты дайындау шаралары Орындаған: Алентаева А. Е топ: 404 Фк б



бет2/10
Дата27.11.2023
өлшемі11,16 Mb.
#129970
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Күнтізбелік мерзімдер:

- көктемгі период (наурыз- мамыр) – бұл ДӨ вегетациясының бастапқы кезеңі,шырын қозғалысы кезеңі(сокодвижение)

Жиналады: қабық, бүршік, қыстаушы жапырақтар, кейбір жер асты мүшелері.

- жазғы период (маусым-шілде). Вегетация және гүлдеу кезеңі. Жиналады: жапырақтар, гүлдер, шөптер.

- күзгі период (тамыз-қыркүйек).

Жиналады: жеміс, дән, жер асты мүшелері.

Өсімдіктерді онтогенезде зерттеу негізінде олардың жинауға қолайды кезеңдері анықталады. Өсімдіктерді жинау кезеңі елдің географиялық зоналарына және ауа райына байланысты. Жиі жағдайда шикізатты жинауды күннің белгілі бір мезгіліне белгілейді. Өсімдіктің әр түріне жинау ережелері бекітілген.

ДӨШ жинаудың жалпы ережелері:

1. Толық жетілген, шаң мен топырақтан тазартылған, ауруға шалдықпаған ДӨ жиналады;

 2. Жинауды құрғақ, шуақты күні, таңғы шық кепкеннен кейін, 11 ден 17 дейінгі аралықта жүргізген тиімді.

Ылғал шикізатты жинау нәтижесінде:

- ДӨ қыздырылуы

- ферменттердің белсендірілуі

- және әсер етуші заттардың ыдырауы жүреді.


Ерекше жағдайлар:
1. Құрамында эфир майлары бар шикізатты, таңертен ертерек жинайды, себебі жоғары температурады эфир майлары ұшып кетеді;
2. Піскен жемістерді де таңертен жинайды, себебі жемістердің күнде қыздырылуы ондағы биохимиялық үрдістердің жылдамдауы мен жемістердің бұзылуына алып келеді;
3. Тез бөлінетін жемістер (легко осыпающиеся плоды) (зире жемістері) шық түскен кезде шикізатты жоғалтпау мақсатымен жинайды;
4. Улы өсімдіктерді арнайы дайындалған адамдар жинайды;
Шикізатты жинау мен кептіру арасындағы уақыт 2 сағаттан аспауы керек.
Шөптер
Табиғат жағдайында шикізат жинаушылар егер де өсімдік сиректеу кездесетін болса, оны пышақпен, ал егер де өсімдік көп – жиі топтала кездесетін болса – орақ, секатор арқылы жинайды. Егер өсімдік көпжылдық болса оны жер асты мүшелерімен қоса қопарып, жұлып алуға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет