Егерде мәтінде терминдер, анықтамалар кездесетін болса түрлі гарнитурлы шрифтарды пайдалануға болады.
Диплом жұмысының мәтінін, қағаз бетінің келесі мөлшерлерін сақтай отырып басу керек: оң жағы - 10 мм, жоғары жағы -20 мм, сол жағы – 30 мм, төменгі жағы- 25 мм.
Әрбір тарауды/бөлімді жаңа беттен бастау керек.
Диплом жұмысының беттерін нөмірлеу:
Диплом жұмысның беттерін, диплом жұмысының бүкіл мәтіні бойынша қатар нөмірленуін сақтай отырып, араб цифрларымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмірі парақтың төменгі бөлігінің ортасына нүктесіз қойылады.
Титул беті, диплом жұмысына тапсырма, мазмұны, кіріспенің бірінші бетін беттердің жалпы нөмірленуіне кіргізеді. Бірақ, Титул беті, диплом жұмысына тапсырма, мазмұнында беттердің нөмірі қойылмайды. “3” цифры Кіріспенің екінші бетіне қойылады.
2. Диплом жұмысына жазылған рецензия (сын пікір) салынады.
Сын пікір жазушылар ретінде басқа жоғары оқу орындарының профессорлары, доценттері, оқытушылары қарастырылады. Пкір берушілердің базалық жоғары білімі болуы тиіс және қорғалатын диплом жұмысының бейініне сәйкес ғылыми атағы, ғылыми немесе академиялық дәрежесі болуы тиіс.