Егер дәрігер-стоматолог емдеуге келген науқаста аусыл болуы тұралы күмән тұса, дереу жергілікті ветеринарлық қызметке хабар беру керек (аймақтағы эпидемиологиялық ахуалды анықтау үшін)
Егер дәрігер-стоматолог емдеуге келген науқаста аусыл болуы тұралы күмән тұса, дереу жергілікті ветеринарлық қызметке хабар беру керек (аймақтағы эпидемиологиялық ахуалды анықтау үшін).
Егер дәрігер-стоматолог емдеуге келген науқаста аусыл болуы тұралы күмән тұса, дереу жергілікті ветеринарлық қызметке хабар беру керек (аймақтағы эпидемиологиялық ахуалды анықтау үшін).
Емі. Ауруды емдеу үшін вирусқа қарсы дәрілерді жалпылай және жергілікті емдеу үшін қолданылады. Сонымен қатар дене қызуын төмендейтін, антигистаминдік дәрілерді де ұмытпау керек. Ауыз ішіндегі жарақат ошақтары екіншілік инфекциямен (кандидоз, спирохетоз) асқынбауы үшін саңырауқұлақтарға қарсы дәрілер (нистатин, низорал, ламизил), фузобактерияларға қарсы (трихопол, бактрим) тағайындайды.
Ас қабылдауды жеңілдету үшін тағамдар қабылдау алдында ауыз кілегей қабығын анестетиктер-ертінділерімен ауыз ішін бұлау немесе аэорозольды ертінділерін (Лидокаин-аэорозоль) шашып қолдану тұралы кеңес беріледі. Терідегі бөрткендерді анилинді бояғыштардың (бриллиант жасылы, метилен көгі) ертінділерімен өңдейді. Қазіргі кезде құрамында анестетиктер мен кератопластиктер (эрозияның жазылуын тездететін) бар дәрілер аэорозоль түрінде (асколь, олазоль, легразоль) шығара бастады. Оларды ас қабылдау алдында және ас қабылдағаннан кейін ауызды антисептиктер ертіндісімен шайғаннан кейін қолданған тиімді.