Дәріс №10 Тақырыбы: Қызба. Терморегуляцияның патологиясы


ІІІ кезең – декомпенсация кезеңі



бет2/5
Дата15.06.2023
өлшемі51,5 Kb.
#101657
1   2   3   4   5
Байланысты:
№ 10 Қызба

ІІІ кезең – декомпенсация кезеңі.
Терморегуляциялық орталықтың қызметі тежеліп, жылудың пайда болуы артады да, бөлінуі тоқтайды. Жоғары температураның әсерінен ұлпаларда тотығу процестері жүреді. Дене температурасы мен қоршаған ортаның температурасы теңеседі. Тыныс алу жиі. Беткей-сыртқы тыныс алу тежеледі. Қан айналым бұзылады – артериалды гипотония, тахикардия. Ауыр түрлерінде гипоксия, құрысып-тырысу дамиды. Ауру естен танады – гипертермиялық кома. Жылу соққысы – жедел экзогенді гипертермия, декомпенсация кезеңіне сәйкес келеді. Бұндай жағдай қоршаған ортаның жоғары температурасының әсерінен жылудың бөлінуі күрт азайғанда кездеседі. Дене температурасы қоршаған ортаның температурасына көтеріледі. Сыртқы тыныс алу, жүректің жұмысы бұзылады. Қан қысымы төмендейді. Ес жойылады. Күн соққысы жергілікті гипертермияның жедел түрі болып саналады, басқа күн сәулесінің тікелей әсерінен болады. Ми мен терморегуляциялық орталық қызып, дене температурасын реттейтін жүйелердің функциялары бұзылады.


Гипотермия – дене температурасының қалыптан тыс төмендеуімен сипатталатын ағзаның жылу балансының бұзылу күйі. Экзогенді гипотермия қоршаған ортаның температурасы төмендегенде дамиды. Себептері алкоголь қабылдағанда жылудың бөлінуінің көбеюі, жұқа киім, аз қозғалу, наркотик қабылдау т.б. эндогенді гипотермия эндокринді жүйенің ауруларында, ұзақ қимылсыздықта т.б. кездеседі.
Гипотермияда 3 кезең болады:
І кезең – компенсация кезеңі.
Қоршаған ортаның температурасы төмен болғанына қарамастан, дене температурасының қалыпта болуы. Жылудың пайда болуы көбейіп, қимыл белсенділігі артады, терінің жатық бұлшық еттері жиырылып, тері құсеттенеді, ұлпаларда тотығу процесстері күшейеді.
ІІ кезең – салыстырмалы компенсация кезеңі.
Жылудың пайда болуынан бөлінуі көп болады, дене температурасы төмендеп бастайды.
ІІІ кезең – декомпенсация кезеңі.
Бұл кезеңде гипоксия дамиды, сыртқы тыныс алу әлсірейді, жүрек қызметі, микроциркуляция бұзылады. Ұлпалардағы тотығу процесстері әлсірейді. Ағзаның қимыл белсенділігі азайып, терінің жатық бұлшық еттері босаңсиды. Дене температурасы қоршаған орта температурасымен теңеседі. Әлсіздік, қимылсыздық, брадикардия, қан қысымының төмендеуі, сирек беткей тыныс алу, терең ұйқы байқалады. Гипотермия кезінде ағзаның оттегіге қажеттілігі төмендеп, патогенді әсерлерге тұрақтылығы жоғарылауы практикалық медицинада қолданылады. Ауыр хирургиялық операцияларда жалпы, жергіліктігипотермия қолданылады. Бұл әдісті «жасанды гибернация» деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет