Дәріс №14. Қайта сақтандыру: мәні, қызметтері Қайта сақтандырудың мәні мен қызметтері



бет2/3
Дата01.12.2022
өлшемі43,03 Kb.
#54084
1   2   3
Қайта сақтандыру түрлері
Цедент пен цессионердің өзара алған міндеттемелерінің түрі бойынша қайта сақтандыру шарты мыналарға бөлінеді:
1. факультативті қайта сақтандыру;
2. облигаторлы қайта сақтандыру;
3. факультативті-облигаторлы қайта сақтандыру.
Факультативті қайта сақтандыру. Бұл қайта сақтандыруда цедент тәуекелдің бірақ немесе бөлігін қайта сақтандыруға тапсыратындығын өз бетінше шешеді және сақтандырушыны өз бетінше таңдайды. Сақтандырушы қайтасақтандыру тәуекелін қанша мөлшерде және кімге жүктейтінін өзі шешеді. Ал қайта сақтандырушы тәуекелдерді бағалай отырып, тәуекелді толық немесе бір бөлігін қабылдауды немесе мүлдеи қабылдаумауды және қайта сақтандыру капиталын қандай мөлшерде беретіндігін өзі шешеді.
Факультативті қайта сақтандыру екі тараптың өзара келісуі бойынша жүргізіледі. Әдетте қайтасақтандыру төлемдерінің мөлшері қайтасақтындыру нарығында орын адған ахуалға байланысты болады. Егер қайтасақтандыру сыйақысының мөлшері сақтандырушының алғашқы сақтандыру келісім шартын жасаған кезде алған сыйақысынан жоғары болса, тиісінше сақтандыру нарығында қайтасақтандыруға берілген тәуекелдерге деген сұраныс төмен болады. Керісінше қайтасақтандыру сыйақысы алғашқы шарт сыйақысынан төмен болатын болса, мұндай тәуекелдер нарықта сұранысқа ие болады.
Факультативті қайта сақтандыру нысанының артықшылықтары:

  1. Қайтасақтандырушы үшін: қайтасақтандыруға қабылданатын нысандар және сақтандыру тәуекелінің ықтимал дәрежесі туралы толық ақпарат алу және келісім шарт талаптарын өзгерту мүмкіндігі бар.

  2. Цедент үшін: қайта сақтандыруға деген нақты қажеттілік туындаған кезде ғана қайта сақтандыруды қолдану мүмкіндігі бар.

Факультативті қайта сақтандыру нысанының кемшіліктері:

  1. Қайта сақтандырушы үшін: тұрақты сақтандыру қоржынын құру мүмкін емес.

  2. Цедент үшін: қайта сақтандырушының тәуекелдерді қабылдаудан бас тарту мүмкіндігі жоғары болғандықтан, сақтандырушы сақтандыру келісім шартын жасаған кезде оны тиімді шарттармен және жылдам қайтасақтындыра алатынына кепілдік жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет