VІ-ші жұп, әкететін нерв, n.abducens, көпірде орналасқан сомалық қозғалыс ядросынан шығып, жоғарғы көз саңылауы арқылы көз ұясына өтіп, көздің латералды тік бұлшық етін нервтендіреді.
ДӘРІС №37 ТАҚЫРЫБЫ: Бас ми жүйкелері (VII-XII жұп бас ми жүйкелері) құрылысы.
VII – ші жұп, бет нерві, n. ғacialis- аралас нерв, ІІ- ші желбезек доғасы нерві ретінде одан дамыған бұлшық еттер- барлық мимикалық және тіласты бұлшық еттерінің бір бөлігін нервтендіреді. Оның құрамында аралық нервке жататын дәм сезу және секреттік талшықтар да бар. Көпірде жататын 3 ядросы бар : 1) қозғалыс, 2) сезімтал, 3) секреттік. Ми негізінен көпір мен сопақша мидың оливасының арасынан шығады. Ішкі есту тесігі арқылы самай сүйегіне кіреді, сол тесік арқылы төмен қарай бағытталып, самай сүйегінің біз-емізік тесігінен сыртқа шығады, құлақ маңы безін тесіп өтіп, үйрек табанына ұқсап тармақталады. Бет нерві беттің барлық мимикалық бұлшық еттерін, мойын бұлшық еттерін нервтендіреді.