VIII- ші жұп, кіреберіс- ұлу нерві, n.vestibulocochlearis, бет нервінен бөлініп шыққан афферентті нерв, есту және тепе-теңдік мүшесінен келетін сомалық –сезімтал талшықтары бар.Ол екі бөліктен тұрады : 1) кіреберіс, 2) ұлу. Олардың қызметі әртүрлі : 1) кіреберіс бөлігі ішкі құлақ лабиринтінің кіреберісі мен жартылай шеңберлі түтіктерде орналасқан статикалық аппараттардан импульстар өткізеді, ал ұлу бөлігі дыбыс тітіркенулерін қабылдайтын иірімді мүшеден есту импульстарын өткізеді. Екі нерв бірігіп, ішкі құлақ тесігі мен самай сүйегі пирамидасы арқылы ми сауытына кіріп, IV-ші қарынша түбіндегі ромб тәрізді шұңқырға барады. Кіреберіс бөліктің 4 ядросы, ұлу бөлігінің 2 ядросы бар.