Дәріс 17. Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы. Ф. И. Голощекиннің «Кіші қазан»


Қазақстанда индустрияландыруға қатысты көзқарастар



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата20.11.2023
өлшемі5,57 Mb.
#124988
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Қазақстанда индустрияландыруға қатысты көзқарастар:
Бірінші бағытты жақтаушылар
- Қазақстан экономикасының орталыққа тәуелділігін, 
шикізат көзі ретінде дамуын жақтады. Олар мемлекеттік саясат негізінде, республиканың 
ерекшеліктерін ескере отырып, «партияның ауыл шаруашылығы шикізат базасы есебінде 
оның өнімдерін өңдеумен ғана шектелуін, ұсақ өнеркәсіпті дамыту жолын ұстануы бірден-
бір дұрыс бағыт» деп мәлімдеді.
Екінші бағыт бойынша
 

Қазақстанды тек шикізат базасы ретінде пайдалану дұрыс 
емес екендігі, мұндағы индустрияландыруды жоғарғы жақтағылардың талабы бойынша 
жүргізбей, жергілікті қажеттілікті ескере отырып, өнеркәсіптер салу негізінде іске асыру 
керектігі баса айтылды. Ж.Мыңбаев, С.Садуақасов.
Үшінші бағыттағылар

қазақ жерін индустрияландыруға қарсы болды. Олар көшпелі 
өмір - қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы, ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік 
ерекшелігі. Ал қарқынды түрде индустрияландыру оның ұлттық болмысын бүлдіреді, 
«түйеден социализмге» тікелей өту мүмкін емес деді.
Келесі, 
төртінші бағытты жақтаушылар
шовинистік көзқараста болды. Олар қазақ 
халқының индустрияландырудың қарқынына ілесе алатынына күмән келтірді. Қазақтармен 
«өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындай алмайсың», «өндірісті қазақтандыру пайда бермейді», 
«қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді», «қазақ бәрібір жұмыс істемейді, ол қайтсе 
де далаға қашады» деп санады.



Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер: 
1) Машина жасау, металлургия, қорғасын өнеркәсібі кәсіпорындары болмады.
2) Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды. 
3) Тау - кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді. 
4) Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін әкетілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет