Н. С. Алпыспаев



жүктеу 58.71 Kb.

Дата06.03.2017
өлшемі58.71 Kb.

 

Қ.Қ.Құланова, 



 аға оқытушы 

                                                                           Н.С.Алпыспаев, 

 аға оқытушы



 

 

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДАҒЫ 



ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

 



Елімізде  дене  шынықтыру  және  спортты  дамыту,    республиканың  ұлттық  ерекшеліктері 

мен  айрықша  белгілеріне  байланысты  маңызды  мәселелер  қатарын  шешу  талаптары  тұрды. 

Бұлардың  дамуы  халықтардың  мәдениет  түрі,  ұлттық  сипаты  бойынша  барлық  социалистік 

дамудың  қалыптасқан  үрдісінен  шығып,  қазіргі  ғылым  жетістіктері  негізінде  болуын  қажет  еді. 

Осыған  байланысты  қозғалыс  практикасы  үшін  дене  шынықтыру  мен  спортты  ұлттық  және 

интернационалдық  дамыту  мәселелері  маңызды  мәнге  ие  болды.  Қазірде  дене  шынықтырудың 

әр түрлі ұлттық түрлері пайда болуда және дамуда. Қазақстандағы дене шынықтыру мен спорттың 

ұлттық түрлері, Одақтың басқа республикаларындағыдай жылдам даму үстінде. 

Ұлттық және интернационалдық қатынас мәселесі республикадағы дене шынықтыру және 

спорттың  ұлттық  түрлерін  жақындату  тірегін  шығарды.  Нақты  жағдайда,  тек  жақындату  жөнінде 

ғана  емес,  дене  шынықтыру  және  спорттың  ұлттық  түрінің  белсенді  жүйесі  жөнінде  айтуға 

болады.  Өмірдің  барлық  аясында  интернационалистік  жүйелер  орнады.  Бірақ  дене  шынықтыру 

мен спорт аясында бұл жүйелер алғашқы  атқарды. 

Дене  шынықтыру  және  спортты  дамытуда  дәстүр  бірінші  орын  алды.  Кеңестік  дене 

шынықтыру  қозғалысында  ұлттық  және  интернационалдық  қатынас  жөніндегі  сұрақ  дұрыс 

шешілген. Спорттық дәстүрлер Қазақстан халықтарының дене шынықтыру және спорттың ұлттық 

және  интернационалдық  түрлерінің  айрықша  белгілерінде    дене  тәрбиесінің  барлық  жүйесінің 

болмысы көрінеді. Әрбір жаңа қоғам, әрбір жаңа ұрпақ өзінің уақыты мен кезеңінің қоғамдық  – 

тарихи  жағдайының  белгілері  мен  сипатына  байланысты  өткен  дәстүрлерді  қабылдайды, 

пайдаланады.  Мысалы,  төңкеріске  дейінгі  Қазақстанда  дене  шынықтыру  мен  спортты  қамтитын 

жағымсыз дәстүрлер аз болмады. Қазіргі уақытта олардың көбі халық өмірінен толық жойылды, 

тек ұлттық дәстүрлер, діндік дәстүрлер қалды.  

Спорт  аясындағы  дәстүрлердің  пайда  болу  сферасы  көп  қырлы.  Біздің  зерттеулеріміз 

мысалы,  Қазақстанда  –  бұның  аз  шығуы  және  де үлкен  болуы  да  мүмкін екенін  көрсетеді.  Олар 

пайда болғанымен, ең бірінші, дене тәрбиесі жүйесінің идеялары жағынан көрінеді. Қазақстанда 

жастарға спорттық дұрыс тәрбие беруге ықпал етуші жақсы дәстүрлер пайда болуда.  



 

Дене шынықтыру және спорт -  тәрбиенің  өзекті мәселелерінің маңызды тәсілдерінің бірі 



болып  табылады,  сондықтан  да  респупликада  олардың  ары  қарай  дамуына  мемлекеттік 

қамқорлық керек.  

Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да 

адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.    

Осындай  аса  құнды  мәдени  игіліктердің  бірі  -  ұлттық  ойындар.  Бүгінде  ойынды  халық 

педагогикасының  бір  бөлігі  деп  тегін  айтпаса  керек,  адам  баласы  жасаған  жеті  кереметтің 

қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі жайдан жай емес. Қазақ халқы – материалдық 

мұраларға  қоса  мәдени  қазыналарға  да  аса  бай  халықтардың  бірі.  Сондай  қомақты  дүниелер 

қатарына ұлт ойындары жатады. 

Бүгінгі замандастарымыз бен болашақ ұрпақтарымыздың оны оқып үйренуі өздерінің кім 

екендіктеріне барлау жасауына, ата-бабаларының психологиялық болмысы мен ойлау жүйелеріне 

зер  салуларына,  көздеген  мақсаттарын  саралап,  жете  білулеріне,  дәстүр  жалғастыра  отырып, 

өткен  мен  бүгінді  байланыстыра  алуларына,  сөйтіп  “мәңгүрттікке”  тосқауыл  коюларына  септігін 

тиізбек. 

  

Халқымыздың  ұлы  перзенттерінің  бірі,  заманымыздың  аса  көрнекті  жазушысы 



М.О.Әуезов: “Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері 

бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыруға 

ғана емес, ойынның өзінше ерекше мағыналы болған”–деп тегіннен тегін айтпаса керек. Ойынға 

зер  салып,  ой  жүгіртіп  қарар  болсақ,  содан  үлкен  де  мәнді,  мағыналы  істер  туындап  өрбитінін 

байқаймыз, өйткені ең алдымен не  болса да жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Ойынды 

біз  бар  өнердің  бастауы  деп  білеміз.  Ал  қай  өнер  болса  да  кең  арналы,  сулы  шалқар  дариядай 

болып,  кемеліне  келгенше  жолда  кездескен  сандаған  үлкенді–кішілі  арналардан  бас  кұрайтын 

өзен сияқты ғой. Сол алып өзеннің орта тұсынан шыққан адам оның басы әуелде жылжып аққан 

бұлақтан басталып еді дегенге онша илана қоймас та еді. Ұлт  ойындары біздін көз алдымызға тап 

осы  суреттерді  елестеді.  Өткені  бір  кезде  ол  бар  өнердің  басы,  олардың  нәр  алатын  бастауы 

болғаны  анық.  Шынында  да,  көне  жиналған  думанды    сауықта,  ойын-той  үстінде  дүниеге  келіп, 

көптің  игілігіне  айналған.  Сөйтіп  бүгінгі  және  болашақ  ұрпаққа  ұлттық  мәдениет  пен  әдеби 

туындылар, ең алдымен, сол халықтардың бірі. Ұлттық ойындар туралы алғашқы пікір айтушылар 

мен оның жекелеген  нұсқаларын жинаушылардың қай-қайсысы болмасын оны жоғары бағалап, 

көшпелі халықтан мұндай өрелі өнерді күтпегендіктерін сөз етеді. Ойындардың өзі адам еңбегінің 

жемісі, халықтың фантастикалық ой-құбылысының көрінісі, танып-білуге талпынысының нышаны 

ретінде  өмірге  келген  өнердің  бастамасы,  халықтың  әлеуметтік-экономикалық  өмірінің  айнасы 

екенін білуге тиіс. 

Лиро-эпостарының қай-қайсысын алып қарасақ та, олардың өн бойынан халықтың ұлттық 

ойындарының, әдет-ғұрып, салттарының алуан түрлерін кездестіреміз. Ол-ол ма, осы жырлардың 

негізгі  кейіпкерлері  – болашақ ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері  ойын үстінде 

көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынды шыңдай түседі. Ойынға 

халық  ерекше  мән  берген.  Сондықтан  халық  оған  тек  ойын-сауық,  көңіл  көтеретін  орын  деп 

қарамаған.  

Ең бастысы – ел қорғауға қабілетті болашақ қайраткер өзінің осы қабілетін шаршы топтың 

алдында  баршаға  тең,  еркін  бәсекеде  жеңіп  алуға  тиіс  болған  .  Сондай-ақ  талапты  жас  ойын 



 

өнеріне  өзінен  жасы  үлкен,  танымал  ұстаздан  үйреніп,  жаттығатынын,  аянбай  тер  төгетінін 



байқаймыз. 

Ұлттық  ойындар  атадан  балаға,  үлкеннен  кішіге  мұра  болып  жалғасып    отырған  және 

халықтың  дәстүрлі  шаруашылық-мәдени  өнер  тіршілігінің  жиынтық  бейнесі,  көрінісі  де  болған. 

Әрине, ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп, 

бірін-бірі толықтыра, байыта түседі. 

Қазақтың  ұлттық  ойындары  тақырыпқа  өте  бай  және  әр  алуан  болып  келеді.  Ұзақ 

жүргізілген  жинау,  зерттеу  жұмыстарының  нәтижесінде  біз  ұлт  ойындарының  тақырыбына, 

мазмұнына,  ондағы  көзделген  мақсатына  байланысты  негізінен  үш  үлкен  салаға  бөліп 

топтастыруды  лайық  деп  таптық.  Атап  айтқанда:  ойын-сауық,  тұрмыс-салт  ойындары,  дене 

шынықтыру, спорт ойындары және оймен келетін ойындар. Шындап келгенде, ұлттық ойындар – 

ауыз  әдебиетінің  бір  саласы.  Ұлттық  ойын  түрлері  ұлан-байтақ    қазақ  даласына  ауызекі  тарай 

келіп,  ол  түрленіп,  өзгеріп  отырған.  Жан-жақты  дамыған,  денсаулығы  мықты,  салауатты  өмір 

салтын  мұрат  тұтқан  дара  тұлғаларды  тәрбиелеу  ежелден-ақ  халық  арманы.  Бүгінгі  таңда  өз 

тәуелсіздігін  қолына  алған  егеменді  еліміз  –  Қазақстан  студенттерінің  алдына  қояр  басты 

талаптары да осы болмақ *1+. 

Ұлт  ойындарының  бойына  ел  мен  елді,  халық  пен  халықты  бір-біріне  ұштастыратын 

жасампаз  күш  жинақталған.  Олай  болатыны,  өмірде  бір-бірімен  байланыссыз,  оқшау  тұрған  еш 

құбылыс  жоқ.  Басқаны  танып-білу  үшін,  ең  алдымен,  өзіңді  танып-білу  қажеттілігі  туындайды. 

Ұлттық  мұраларды  тиімді  пайдалану  арқылы  біз  ұлтқа  тән  салт-сана,  әдет-ғұрып  дәстүрлерін 

құрметтеп, үлгі тұтып, өз халқының тілін, дінін қадірлей білетін және өз бойына ұлттық қасиеттерді 

сіңіріп,  жинақтап  өскен  ұл-қыз  тәрбиелейміз.  Сол  арқылы  жастар  өз  халқының  менталитетін  өз 

бойына  сіңіріп,  ең  алдымен,  өзінің  кім  екенін,  шыққан  тегін  танып-біле  алады  да,  басқаның  да 

қадір-қасиетін сезініп, өзі де олардан үйренетін болады. 

Олай  болатыны,  жас  ұрпақ  өзінің  белгілі  бір  ұлтқа  қатысты  екенін  сезінбей  тұрып,  сол 

ұлтқа  тән  моральдік  қасиеттерді  бойына  сіңіруі,  өз  ұлтына  деген  перзенттік  борышын,  қоғам 

алдындағы жауапкершілігін түсінуі, сол ұлтқа тән адамгершілік сапаларды қабылдауы қиын. Кеңес 

дәуірінің оқыту жүйесі үлкен табыстарға жетіп, халықты жаппай сауатты дәрежеге жеткізгенімен, 

әсіресе,  саясатқа  негізделгендіктен ұлттық  мүдде  аяққа  басылды.  Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие 

жұмысына пайдалану педагогикалық жүйенің жалпы заңдылықтарына бағынады. Педогогикалық 

жүйенің  міндеттері,  мазмұны,  формалары,  әдістері,  тұтас  логикалық  тізбек  құрса,  онда 

қарастырылып отырған байланыс заңдылығы нәтижені қамтамасыз етеді. Ұлттық ойындар өзінің 

табиғатында,  жаратылысында  ұлттық  өнегені  бойына  сіңіріп,  бүкіл  ұлтқа  тән  қасиеттерді 

жинақтайды,  толығып,  жетілу  арқылы,  өзінің  жан-жақты  тәрбиелік  қасиетін  шыңдай  түседі. 

Сондықтан  ол  тәрбие  жүйесінің  міндеттері  мен  түрлерін  толықтырып  қана  қоймай,  оқу-тәрбие 

жүйесінің  мазмұны  мен  әдіс-тәсілдерін  байытуға,  оны  жетілдіре  түсуге  де  өз  үлесін  қосады, 

барынша белсенді әрекет жасайды *2+. 

Ойынның  тәрбиелік  негіздерін  адам  баласының    саналы  ғұмыры  басталғаннан  кейін,  әр 

кезеңде әр түрлі пікір айтып, оны ұрпақ тәрбиесі, білім беруге іске қосу мәселесі үзбей айтылып 

келеді. Ұлт ойындарында, оның ішінде Орта Азия халықтарының ішінде әдет-ғұрып бойынша қыз 

балалар мен ұл балалардың тұрмыстық ойындарына мән беріп, көңіл аудару әдеті қалыптаспаған 

болатын. Әсіресе, Қазақстан сияқты кең өлкені алып жатқан елде  бәйге, ат жарысы, дөнен, құнан, 


 

түйе жарыс, жорға жарыс, күрес, садақ ату, көкпар, аударыспақ қыз қуу, теңге алу түрлері халық 



арасында кең тараған құбылыс болатын. 

Көңіл аударарлық  ойынның бір түрі – асық ойыны. Ол өте қарапайым көрінгенімен, мұнда 

адам  денесін  шыңдап,  сомдайтын  қасиеттер,  бала  тәрбиесінде,  оны  өзара  әрекетке  жетелейтін 

қимыл түрлері қаншама. Ең бастысы, ол – баланы жастайынан салауатты өмір салтына жетелейді. 

Адамның  ойлау  жүйелерінің  жетілуінен  бастап,  бұлшық  еттерінің  жетілуіне,  тыныс  мүшелерінің 

реттелуіне,  өз  дене  мүшелерін  меңгеруіне,  соның  нәтижесінде  қырағылық  мен  мергендікке 

баулиды. 

Ұлттық  сана,  ұлттық  менталитет,  Отанды  сүю,  патриотизм  деген  мәселелер  қазірде 

айтылып та, жазылып та тұр. Кімді де болсын, тіпті тұтас ұлтты да сынауға болады. Бірақ қазақ елі 

дүниежүзілік қауымдастыққа несімен  еніп, несімен ерекшеленуі керек деген мәселеге  келгенде, 

ешкім  мардымды  еш  нәрсе  айтпайды,  тіпті  жұмған  аузын  ашпайды.  Қазақ  халқы  бүгінде  дүние 

жүзіне  өзінің бар екендігін, көне  ұлттардың қатарына жататындығын танытып  отыр. Олай болса, 

идеологияландырылған  қатаң  тәртіп  сияқты  саясаттың  нәтижесінде  өзінің  бет-бедерін  жоғалтуға 

аз-ақ  қалған  қазақ  халқы  бүгінгі  мүмкіншілігін  пайдалана  отырып,  сол  жоғалтқандарын  мектеп 

арқылы жастардың бойына сіңіруге, ұлттық сананы, ұлттық мақтанышты және ұлттық менталитетті 

қайта  қалпына  келтіруге  толық  жағдай  жасар  еді.  Мұның  өзі  республикамыздағы  мектептер 

алдына қойылған негізгі мақсаттарға да сай келеді.  

 Ойын  мағынасымен  жеке  оқушының  мақсаттары  бір-бірінен  алшақ  кетпейді,  қайта  бір-

біріне  қабысып,  ұштасып  жатады.  Олай  болатыны,  ойын  мақсаты  -  өзінің  қарсыласын  ұту,  одан 

басым түсіп, жеңіске жету. Ұлттық ойындардың жасаушысы – халық. Олай болса, бұл – халықтық 

шеберлік.  Осы  күнде  сол  халық  жасаған  туындыларға  күдікпен  қарайтындар  әлі  де  кездеседі. 

Кеңес  үкіметі  кезеңінде  халық  мұраларына  немқұрайлы  қарау  көзқарасы  қалыптасты.  Ал  шын 

мәнінде,  қазақ  халқының  жеке-дара  тұлғалары  ғасыр  бойы  осы  қарапайым  халық  ойындары 

арқылы  неше  алуан  өнер  саңлақтарын,  адамдардың  қорғаны  болған  батырларды  тәрбиелеп 

шығарды. Олай болса, ұлттық ойындардың өзі, шындап келгенде, адам қасиетін бір жақты емес, 

жан-жақты  дамытуға  негізделген.  Ол  тек  көңіл  көтеру,  ермек  үшін  жасалмаған.  Ол  –  адам  

баласының  жағымды  қасиеттерін  дамытып,  ойлатып-толғантуға,  сезімталдыққа,  басқаның 

жағдайына  ене  білуге,  жеңіске  деген  ұмтылысқа,  өз  күшіне  деген  кәміл  сенімділікке    денесін 

шыңдап,  қабілетін  арттыруға,  қиялдай  білуге,  сол  қиялды  орындауға  жетелейді.  Бұл  ұлттық 

ойындардың бойына дарыған ежелгі қасиеті болса, біздің ата-бабаларымыз содан тәлім алып өсті. 

Бүгінде  ұлттық  ойындардың  осы  табиғи  тәрбиелік  қасиеттері  мектептегі  оқу-тәрбие 

үдерісінде пайдаланудың (методологиялық) әдіснамалық негіздерін құрайды. Алайда күні бүгінге 

дейін  ұлттық  ойындарды  пайдаланудың,  оның  тәрбие  құралына  айналдырудың  әдіснамалық 

негіздері туралы әлі ешкім дәйекті пікір білдіріп, белгілі бір жол-жоба көрсетпегені белгілі. Өйткені 

ұлт  еркіндігін  алып,  жеке  мемлекет  болып  жариялағанға  дейін  ұлттық  ойындар  өз  атауымен 

аталмай,  дәйекті  түрде  зерттелмей  келді.  Ал  біздің  елімізде  ұлттық  ойындар  туралы  зерттеу 

жұмыстары  жекелеген  еңбектермен  ғана  шектеліп,  оны  тек  дене  тәрбиесі  сабақтарында 

пайдалану туралы сөз болып келеді.  

Ұлт  ойындары  –  адамдардың  шындықпен  өрілген  алыс  күндерін  меңзейтін,  болмыстың 

өзінен туындайтын және соны жастардың танып-білуі мен түсінуіне арналған ақыл-ой, қиялының 

өрелі  өрісі.  Яғни,  ол  -  күнбе-күнгі  адам  тұрмысының  көрінісі.  Сондықтан  адамның  өзі,  оның 

тұрмыс-тіршілігі  қандай  шыңдық  болса,  ол  жасаған  ойын  да  сондай  болмыс  шыңдығы.  Ұлт 



 

ойындары  сайып  келгенде  адам  қиялы  арқылы  өмір  шыңдығының  адам  санасында  түрленіп, 



қайта  тууы  болып  табылады.  Өйткені,  ойын  дегеніміз  –  адамның  еңбек  тәжірибесінің  ойын 

арқылы қайталануы. Олай дейтініміз, ол – белгілі бір жүйеге негізделеген адамдық дене, ақыл-ой 

жаттықтырушысы.  Дене  шынықтыру  мен  спортты  дамыту  үлкен  мүмкіншіліктерге  ие.  Осыған 

байланысты  республикадағы  дене  шынықтыру  ұйымдарының  алдында  үлкен  және  жауапты 

міндеттер  тұр.  Бұл  үшін  дене  шынықтыру  қозғалысы    жалпы  және  халықтық  қозғалысқа  айналу 

үшін, дене тәрбиесінің ұлттық жүйесінің жалпы принциптерін тарату ерекшеліктерін талдау керек.    

Қорыта  келгенде,  қазақ  халқының  ұлттық  мұраларының  бірі  –  ұлт  ойындары.  Өйткені 

ұлттық  ойындар  арқылы  біз  болашақ  жастарды  рухани  сезімге  тәрбиелей  аламыз.  Осындай 

атадан балаға мұра болып келе  жатқан  ұлттық спорт ойындары  –  “Қазақша күрес”, “Ат  жарыс“, 

”Көкпар“, ”Тоғыз  құмалақ“, яғни  осы ойындар дүниежүзілік  олимпиадалық ойындарда өткізілсе, 

қазақтың ұлттық спорт ойындары үлкен мәртебеге жетер еді. 

Сонымен,  ұлттық  спорт  ойындарын  күнделікті  тәжірибеде  қолданған  жөн.  Сонда  ғана 

ұлттық ойындар үлкен дәрежеге жетіп, олимпиадалық спорттың резервіне айналар еді.                 

Әдебиеттер тізімі: 

1.

 



1. Сағындықов Е.Қазақтың ұлттық ойындары. 

2.

 



2. Сағындықов Е. Ұлттық ойындарды оқу тәрбие ісінде пайдалану. 

 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал