Дәріс 19-20. Тақырыбы: Сөз құрамын оқыту әдістемесі Жоспар


Сөздің морфемалық құрамын оқыту әдістемесі



бет2/2
Дата09.04.2023
өлшемі108,43 Kb.
#80768
түріҚұрамы
1   2
Сөздің морфемалық құрамын оқыту әдістемесі
Сөздің түбірге жалғанатын бөлшегі – қосымша екенін, қосымша жалғанған сөздің қосымшалы сөз екенін түсініп, оқушы түбірден қосымшаны айыра алатындай болған кезде, жуан, жіңішке қосымшаларды сөздерге жалғатып машықтандырамыз. Сөйлемдерден түбір сөздерді таптырамыз. Осы арада түбірге қосымша жалғатып айттыру керек. Енді оқушылар қосымшаның сөзге жалғанғандағы қызметін аңғаратын болады.
Қосымшаның жұрнақ және жалғау болып бөлінетінін таныту әдістемесі
Сөзге жалғанатынның бәрін қосымша деп тану да, таныту да қиын емес. Қиыны – қосымшаның жалғау, жұрнақ болып бөлінуі. Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулардың сөздің морфологиялық құрамын, мағыналы бөлшектерін, морфемаларды саналы түрде меңгеріп алу үшін мәні зор. Сөздің морфологиялық құрамын талдау, көбінесе сол сөздің мәнін дұрыс ұғынып алуға жәрдем етеді, сөздің мағыналы әрбір элементі – түбір, жұрнақ, жалғау – бұлардың әрқайсысы өзінше сөзге мән береді, ал осы мәндердің жинағы бірігіп, сөздің жалпы мағынасын тудырады. Морфемаларды соның ішінде жұрнақты айыра білудің балалардың тілін жетілдіру үшін де зор мәні бар. Өйткені бұл жаңа сөздер жасауға және сол сөздерді орынды жерінде қолдана білуге мүмкіндік береді.
Балалар түбір, туынды сөздерді салыстырып оқып, мағыналық айырмашылығын, соған лайық тұлғалық айырмашылықтарын білуге тиіс. Сөз мағыналарын танытқаннан кейін, оған жалғанған жұрнақтарға назар аударту қажет. Балалар сөздердің мағыналарының бұрынғыдан өзгеруіне қосымшалардың әсері болатынын аңғаратын болсын.
Оқушыларға сөзге жұрнақ жалғанғанда оның бұрынғы мағынасы өзгеріп, басқа затты білдіретінін, ал жалғау жалғанғанда сөздер ондай мағыналық өзгеріске ұшырамайтынын білдіру қажет. Бұл қосымшалардың қызметтері арасындағы ерекшелікті толық түсінбей тұрып, біреуінің неге «жұрнақ» деп аталатынын, екіншісінің неге «жалғау» деп аталтынын ұғынбайды. Сондықтан жұрнақ пен жалғаудың бір-бірінен өзгешелігін түсіндірудің ең төте жолы «жаңа сөз» және «байланысқан сөз» деген ұғымдарды меңгерту арқылы жүзеге асуға тиісті.
Мысалы: бүркітші
бүркітті
бүркітпен
Мұғалім сөздерге көптік, тәуелдік, септік жалғауларын жалғатып, олардың сөз мағыналарын мүлде өзгертіп жібермейтінін, байланыс үшін жалғанатынын оқушыларға түсіндіруі тиіс. Бұл арада жекелеген сөздерге жұрнақтардың тиістісін жалғата білумен қатар қосымшалардың буын үндесуі жайындағы бұрын өтілген емле ережелері де ескеріледі. Ол үшін әрқайсысы өз беттерімен үш қатардағы сөздерге іштей тиісті жұрнақтарды жалғап байқасын. Содан кейін мұғалім:
- Қой сөзіне қай жұрнақты жалғауға болады?
- Қой сөзіне -шы жұрнағын жалғауға бола ма?
- Етік сөзіне қай жұрнақты жалғауға болады?
- Етік сөзіне -ші жұрнағын жалғауға бола ма? –деген сұрақтар қою арқылы сөздерге кез келген жұрнақтарды жалғай беруге болмайтынын, дыбыстық үндескен жұрнақтарды жалғауға болатынын ұғындыру керек.
Жалғаулар туралы жалпы түсінік қалыптасқанда қосымшалардың түрін (жұрнақ пен жалғауды) бір-бірінен айыра білу мақсаты қойылады. Осы тұста оқушы туынды сөз дегенді, жалғаудың жұрнақтан кейін жалғанатынын да білетін болады.
Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынадай талаптар қойылады:
  • алдымен, мүмкіндігіне қарай, негізгі түбірлерді, онан әрі туынды түбірлерді, ең соңында түбірлес сөздерді талдайтындай жағдай жасалады,
  • белгілі бір сөздердің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін, сол негізгі түбірден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысы ескеріледі;
  • туынды сөздер мен негізгі түбірді ажырату барысында мағына жағына назар аударылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет