АРАЛАС ЦИРРОЗ-Аралас цирроз белгілері постнекроздық, сондай-ақ бауырдың портальдык циррозы белгілерін кабаттастырып көрінеді.
ПОРТАЛЬДЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯ-Портальдык гипертензия бауыр циррозында портальдык венада қысым көтерілуімен сиппатталады. Бұл агзада диффузды дэнекер тіннің өсіп-өнуіне, қанның ағуына кедергінің жоғарылауымен байланысты және соған орай әдеттегі канның және лимфаның айналасы бұзылады. Сондықтан бауырдан тысқары портоковальды және кава-кавальды анастомоздар жасалады, осыған байланысты канның біразы бауырға сокпай өтеді, қакпа венасының жүгі азаяды. Өңештің асқазанның, іштің алдыңғы қабырғасының веналары кеңіп, канға толады. Осылардың салдарынан іш куысына варикозды кеңіген анастомоздардан сұйыктын жіпсіп шығуы — асцит дамиды. Адамның ішінің көлемі үлкейген, іш куысына 7—10 л сұйық жиналады.
Асқынуы. Веналардың кеңуі, әсіресе өңештің, асқазанның олардың жарылуына әкеледі, ол үлкен канжоғалтуға әкеліп, акырында өлтіреді.
Бауыр циррозының аяқталуы бауыр жетіспеушілігі болып табылады. Бүйректерде ауыр өзгерістер капиллярлар эпителияларының некрозына дейін болуы мүмкін, нәтижесінде гепаторенальды синдром дамиды, яғни бұл бұзылыстар аурулардың өлу себебі болуы мүмкін. Цирроздық өзгеріске ұшыраған бауырда обыр дамуы мүмкін.
БАУЫРЛЫҚ ЖЕТІСПЕУШІЛІК — ағза ахуалының кенет төмендеуімен, немесе бауырдың бір немесе бірнеше қызметінің толық жойылуымен сипатталады, ақыр сонында ағзаның өмір сүру қабілеті 6үзылады. Жүру ағымының сипатына қарай бауыр жетіспеушілігі болуы мүмкін, жедел (дамуы бірнеше сағат немесе тәулікке созылады) және созылмалы (бірнеше айға немесе жылдарда қалыптасады).
Бауыр жетіспеушілігінің дамуының себептері: 1. әр түрлі этиологиялы гепатиттер; 2. бауыр циррозы; 3. бауырдың канайналым бұзылыстары, әсіресе портальдық гипертензиямен бірге қабаттасуы; 4. басқа біраз аурулар және патологиялық процестер — созылма¬лы дистрофиялар, паразиторлық аурулар және т.б.
Морфологиясы жағынан бауыр жетіспеушілігі нәруыздық, майлық, көмірсулык, минеральдық, дәрумендік және басқа зат алмасу түрлерінін бұзылыстарымен сипатталады, соған байланысты гепатоциттердін сәйкес дистрофия дамуымен көрінеді, некроздық майда ошақтар пайда болады, олардың айналасында қабынулық инфильтрация дамиды.
Үдейі дамыған бауыр жетіспеушілігінің аяқталуы бауырлық кома болады, бұл жайда ауру есін жоғалтады, рефлекстер тмендейді немесе жоғалады, ағзаның өмір сүру қабілеті, тыныс алу, канайналым қосыла бұзылады.
САРҒАЮ — біраз ауруда болатын синдром, билирубиннің мөлшерінің қанда және интерстициальдық сұйықта мол болуымен сипатталады және соған байланысты көздің ағы, тері, сілемей қабық және несебі сары түске боялады.