Пайда болу тегіне байланысты сарғаюдың келесі түрлері болады: 1. Бауырлык немесе паренхиматоздық — гепатоциттердің біріншілік некроздык өзгерістерімен шакырылады, олардың себептері әр түрлі жарақаттаушы факторлар — инфекциялық агенттермен, гепатотроптык улармен, токсикалық заттармен, солармен бірге бауырдың цирроздык өзгерістерімен. Осы өзгерістер өтті жасап шығару және өтті бөліп шығару бұзылыстарынан, сонымен қатар бауыр жетіспеушілік белгілерімен бірге жүреді. Осы жайларда өт бүлінген гептоциттерден және өттік капиллярлардан қан алып жүруші және лимфалық капиллярдағы қанға түседі. 2. Бауыр үстілік немесе гемолиздік, сарғаю қан плазмасына конюгацияға түспеген билирубиннің жоғарылауымен жасалады, ол тамыр ішілік немесе тамыр сыртында эрироциттер гемолизінде, гемолиздік анемияларда, көп көлемді гематомада, тікелей билирубиннің мол жасалуында пайда болады. 3. Бауыр асты сарғаю, себебі өттік капиллярларлардан, бауыр ішілік капиллярдан, өт қапшығынан немесе өт түтіктерінен өттін шығуының тұрақты бұзылуынан болады. Сонымен қатар өт шығаратын жолдардың ісіктерімен, тыртықтарымен, үлкейген лимфа түйіндерімен басып жаншылуына және с.с.
Кез келген сарғаюдың көрінісіне көздің ақ қабығы, тері мен сілемей кабықтың сары түске боялуы, жүйке ұштарынын өт қышқылдарымен тітіркенуінен терінің қышуы, билирубинурия, ахолияға ыкпал жасайды, яғни өттің ішек ішінде болмауы және нәжістің түссізденуі. Ахолия іш қуыстың және мембранды (қабырғалық) аскорыту бұзылыстарына, дисбактериозға, ішектік аутоинтоксикацияға және өттін бактериоцидтік әсерінің болмауынан интоксикация пайда болуына әкеледі.
БАУЫР ІСІКТЕРІ: ҚАТЕРСІЗ ІСІКТЕР;- 1. Аденомалар гепатоциттерден жасалады (гепатоаденомалар) немесе өт түтіктерінің эпителиясынан (холангиоаденомалар), баяу өседі, симптомы болмайды, түйін пішіндес қаппен шектелген, кейде үлкен көлемде болады. Тіндік атипизммен сипатталады, гепатоциттер бауырлық бөлікшелерді жасамайды. Аденомалар малигнизацияға ұшырауы мүмкін, обырға трансформацияланады. 2-Гемоангиомалар веналык тамырлардан дамиды. Бұл бауыр ісігінің ен жиі кездесетін қатерсіз ісігі, сырт пішіні майда бұдырлы, түйін түсі көкшіл қызыл түсті, үлкендігі диаметріне 5—7 см. Микроскапиялық каверналы гемангиома болып табылады, тіндік атипизм әр түрлі үлкендіктегі және пішіндегі тамырлық қуыстардан жасалады, олар қанға толы, қабырғалары әр жерде әр түрлі қалыңдықта. Гемаангиомалар жарылуы мүмкін, солай ішпердеге кан толу болады. Гемангиомалар малигнизацияға шалдығуы мүмкін, ондай жағдайда ангиосарркома дамиды.