Дәріс: Білім беруді оқытудың заманауи тәсілдері пәнінің міндеті мен мақсаты. Педагогикалық технология түсінігі



бет15/53
Дата15.12.2023
өлшемі0,87 Mb.
#138470
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53
Байланысты:
Дәріс Білім беруді оқытудың заманауи тәсілдері пәнінің міндеÑ

Инновацияның негізгі қағидалары



Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың педагогокалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тəрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру жəне дамыту; баланың өз бетімен əрекеттену əдістерін меңгеру; баланың танымдылық жəне шығармашылық икемділігін дамыту; əр оқушының даму жүйелері жұмыс істеу; оқу үдерісін оқушының сезінуі.
Білім беру саласындағы инновациялық бағыттың қажеттілігін анықтайтын себептер қазіргі таңда бүкіл халыққа белгілі болып отыр. Оларға төмендегілер кіреді.

  • білім беру жүйесінің жаңаруы, яғни жоғарғы оқу орындарының кредиттік оқу жүйесіне көшуі жəне орта білім беру жүйесінің 12 жылдыққа өтетіндігі;


  • білім беру мазмұнының ізгілендірілуі;


  • мұғалім мен оқушыға қойылатын талаптың жаңа тұрғыдан қарастыруды, яғни оқушы тек тұтынушы ғана емес, ортақ іс-шара субъектісі де.


Қазіргі кезде технологияда білімді меңгертудің шығармашылық деңгейіне жету үшін Блум жүйесі пайдаланылады.


Көптеген мектептер жаңа оқыту жəне тəрбиелеу үдерісін енгізе бастады. Алайда, мектептердің жылдам даму қажеттілігі талабы мен педагогтердің оны іске асырудағы білімнің жетіспеушілігі арасында алшақтық байқалады. Ал білімді меңгеру деңгейіне қойылатын талапты төмендегі сызбадан көруге болады. ілімді меңгеру деңгейлері

1-сурет. Білім жүйесінің сызбасы

Білім жүйесінің түсініктері


Рет тəртібі


Оқушы іс-əрекеті

Білу

Тыңдайды, қабылдайды, есте сақтайды, түсінеді, ойлайды.

Түсіну

Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады.

Қолдану

Ойланады, салыстырады, табады, талқылайды, ашады, іздейді.

Талдау

Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, жаңа мəселені шешеді.

Топтау

Ойлап табады, құрастырады, шығарады, байланыстырады.

Бағалау

Бағалайды, талқылайды, өз талабын айтады.


Шығармашылық деңгейге жету жолдары оңай емес. Қазіргі технологияда «миға шабуыл», дебат, модем, жоба жасату, қорғату, оқу, жазу арқылы оқушылардың сыни көзқарасын қалыптастыру жиі қолданылады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет