Дәріс кешені 1 дәріс Топырақ құнарлылығы туралы түсінік. Құнарлылықты бағалау


дәріс Азықтандыруға жем дайындау әдістері



бет11/16
Дата09.05.2022
өлшемі102,2 Kb.
#33798
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
8 дәріс

Азықтандыруға жем дайындау әдістері.

Дәрістің жоспары:



  1. Азықтың құрамындағы азотсыз заттар

  2. Жем шөп дайындау әдістері.


Мал азықтарының 70-90% мөлшерін негізінен ақуыздардың құрамындағы аминқышқылдары құрайды. Олардың қазіргі кезде 200 аса түрі бар, олардың 80-і жақсы зерттелген. Атқаратын жұмыстарына қарай аминқышқылдары екі топқа бөлінеді. Бірінші топ малдың денесінде түзелмейді, сондықтан олар «ауыспайтын аминқышқылдары» деп аталып, жалпы малдың түріне қарай орташа саны 10 деп саналады. Екінші топ азот құрамында бар азық бөлшектерден құралады – оларды «ауысатын аминқышқылдары» деп санайды. Азық ақуыздарының құрамындағы аминқышқылдардың көлеміне қарай толыққұнды және толыққұнды емес болып бөлінеді. Ақуыздың құрамында ауыспайтын аминқышқылдары жеткілікті болса, ол протеиндер толыққұнды деп, ал жетпесе керісінше толыққұнды емес деп аталады. Шикі протеиннің құрамында қарапайым азотты заттар, амидтер, азот-қышқылды тұздар, нуклеиндік қышқылдар бар. Амидтер деп ақуыздың құрамында аяқталмаған ақуыздық синтездің өнімі, азотқышқылы мен, аммиактан немесе ақуыздың ыдырау өнімі аталады. Сондықтан амидтер өсуі тоқтамаған немесе дайындалған кезде азықтардың құрамында көп болады. 11 Амидтер құрамында несеп нәрі негізгі орын алады. Өте көп несеп нәрі жануар тектес азықтардың құрамында болады. Күйіс қайтаратын малдың мес қарынында микробтардың симбиозы арқылы жеткілікті түрде ақуыз құрылады. Сондықтан күйіс қайтаратын малды азықтандырған кезде біз аминқышқылдарының мөлшеріне аса көңіл бөлмейміз. Осыған байланысты ірі қараны азықтандырғанда ыдырайтын және ыдырамайтын протеинді есептеуміз керек (3-кесте). Көңіл бөле кететін жағдай азотқышқылының тұздары (нитрат және нитрит) өте улы заттар болып саналады. Бұлардың көлемі тыңайтқыш қолданған кезде, азықтың құрамында өте көп болады. Малдың денесінде нитриттер қанның гемоглобинын байлап, оны метгемоглобинге аударады, осының әсерінен торша тынысы бұзылады. Азықтың құрғақ затының құрамындағы азот қышқылы тұздарының мөлшері: жайылым өсімдіктерінің құрамында орташа есеппен 0,02 мен 0,6%, қызылшада – 0,24%, жүгері көк сабағында –0,50-1,1%-ға дейін. Орта есеппен азықтың құрғақ затында 0,2% аспауы керек. Жалпы азықтың құрамында азоттық топ Кельдаль әдісімен зерттелінеді. Табылған азот мөлшерін азықтың түріне байланысты тиісті көрсеткішке көбейтеді. Азықтың құрамындағы азотсыз заттардың ішінде көмірсулардың ең көп мөлшері 80%-ға дейін болады. Көмірсулар мал азықтандыруда, өсімдік тектес азықтар мен мерзімдік азық үлесіндегі құрғақ заттың басты құрамдас бөлігі және олар мал организмінде зат алмасу кезінде бірінші орында болады. Көмірсулар бірқантты – глюкоза, фруктоза, галактоза, манноза, рибоза, ксилоза, арабиноза; екіқантты – сахароза, мальтоза, лактоза, целлобиоза; үшқантты – рафиноза, көпқантты – крахмал, целлюлоза (жасұнық), декстрин, инулин, екі гликоген, пектиндік заттар, гемицеллюлоза, тағы да басқа болып бөлінеді. Көмірсулардың қуат қоры ретінде – крахмал, сахароза, глюкоза, мальтоза, фруктоза тағы басқа; құрылыс материалдары ретінде – лактоза, манноза, галактоза, рафиноза, рибоза қолданылады. Лактоза – сүттің құрамында, манноза – арпамен, бидайдың дәнінде, ашытқыда, қылқан жапырақта; галактоза – тамыртүйнектер мен жемістерде, күнжарада, зығыр дәнінде; рафиноза – қант қызылшасында, қара бидай, бидай дәнінде көп болады. Малдың асқазанында қорытылу кезінде бір, екіқантты және көп қанттының ішінен – крахмал тез қорытылады, ал – көпқанттының крахмалдан басқа түрлері қиын қорытылады. 12 Көмірсулар шикі жасұныққа және азотсыз шырынды заттарға (АШЗ) бөлінеді. Шикі жасұнықтың құрамына целлюлоза, гемицеллюлоза және инкрустік заттар: лигнин, кутин, суберин кіреді. Шикі жасұнық нейтралдық – детергендірген (НДК) және қышқыл детергендірген (КДК) болып бөлінеді. Азықтың құрамындағы мөлшері азықтың түріне, дайындалған өсімдіктің өсу, даму кезіне, дайындау және сақтау технологиясына байланысты болады. Көп жағдайда ірі азықта: пішенде 20-30%, сабанда 35-40%, сұлы, арпа дәнінде 10-12%, көк шөпте 5-13%, ал тамыртүйнек жемістерде 0,5-1,4% аз мөлшерде кездеседі. Шикі жасұнықтың мөлшері азық құнарлығының төмен екендігін білдіреді. Азотсыз шырынды зат (АШЗ) тарға – крахмал, қант, кейбір қышқылдар, инулин, пектин жатады. Крахмал өсімдіктің құрамында қоры ретінде көп мөлшерде дәнде, жеміс, тамыртүйнектердің тамырында 60-70%-ға дейін, ал аз түрде жапырақта, өсімдік сабағында 2%-ға дейін болады. Көбінесе малдың денесінде крахмалға ұқсас гликоген қор ретінде пайда болады. Азықтың құрамында қант – көбінесе жүзім қанты, фруктоза, манноза және күрделі қант түрінде кездеседі: қызылшада 18%, сәбізде 16% жас астықтұқымдас шөптің құрамында 13%, пішенде 1,5-8%-ға дейін болады. Лактоза – малдың сүтіндегі қанттың бір түрі. Азотсыз заттардың құрамына майлар жатады. Майдың құрамы глицеринмен май қышқылдарының тұзы, бір тектес май қышқылы болса, қарапайым боп саналады, күрделісінде әр түрлі болады. Күрделі майлардың құнарлылығы, үйлесімдігі және басқа көрсеткіштері құрамындағы май қышқылдарына байланысты. Май қышқылдары толтырылған (стеарин, пальмитин, май, каприн, миристин, тағыда басқа) және толықтырылмаған (олеин, линол, линолен және арахидон) май қышқылы болып бөлінеді. Май азық құрамында әртүрлі мөлшерде болады: бидайдың, қара бидайдың дәнінде – 1,2%; жүгері, сұлы дәнінде – 5-6%, өте көп өсімдіктерде: зығыр, күнбағыс, қытай бұршақ, рапста 30-40%-ға дейін. Өсімдіктің сабағында, жапырағында, тамыртүйнекті жемістердің тамырында өте аз: дәнмен, тұқымда көбірек, көк шөпте, сүрлемде, пішенде 1,2% дейін болады. Малдың жасына, тұқымына, күйіне байланысты денесінде 3-50%-ға дейін май болады. Май көбінесе қуат үшін пайдаланылады. Малдың денесінде май қоры көмірсулар мен ақуыздан синтезделеді, бірақ олардың өзінің химиялық, физикалық көрсеткіштері малда ұқсас болады
Бақылау сұрақтар

  1. Азықтың құрамындағы азотсыз заттарға сипаттама?

  2. Жем шөп дайындау технологиясы қандай?

  3. Жем шөп дайындау әдістері қандай?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет