Дәріс Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет74/94
Дата20.02.2023
өлшемі3,97 Mb.
#69481
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   94
Сақтандыру шаралары. Қуыққа катетер жібергенде және оның ішін цистокоппен қарағанда, сол сияқты малды қолдан ұрықтандырғанда асептикалық және антисептикалық ережелерді қатаң орындау қажет. Қабыну қоса қабат келетін, жұқпалы аурулардың сол сияқты бүйрек, несеп жолы, үріп өзегі, жыныс мүшесі жүйелері ауруларының пайда болуына жол берілмейді.
Қуықтың әлсіреуі және параличі
Қуық параличі дегеніміз — қуықтың несепті ұстау не бөліп шығару қабілетінен айырылуы. Бұл ауруға малдың барлық түлігі шалдығады және қуықтың жиырылу қызметінің уақытша немесе үнемі  бұзылуымен  сипатталады.
Аурудың себептері. Қуық параличі орталық нерв жүйесінің ауруға шалдығуы (энцефалит, менингит, энцефаломиелит), циститтердің асқынуы, қуықтың бітеліп қалуы, перитонит, жұлынның зақымдануы (параличке душар ететін түрі) салдарынан пайда болады. Қуықта несептің ұзақ уақыт бойына іркіліп қалуы салдарынан ауру асқына түседі, бұл сиыр бұзаулағаннан және мегежін торайлағаннан кейінгі әлсіреген кезде байқалады, қуыққа тас байлану, жүқпалы аурулар (листериоз, иттің обасы, шошқаның обасы т.б.) салдарынан және азықтан улану аурулары.
Аурудың белгілері. Мал ұзақ уақыт бойына несеп шығармайды. Кейде несеп тамшылап қана тұрады. Сипап қарағанда қуық тырсиып тұрады. Аурудың белгілері параличтің түріне байланысты. Қуықты жауып тұратын бұлшық еттер параличке ұшыраса, несеп тоқталмайды. Тамшылап үнемі ағып тұрады. Тік ішек арқылы сипағанда қуықтың бос екені байқалады немесе онда мүлде несеп аз болады. Несеп шығаруға қатысатын бұлшық еттер параличке ұшыраса, несеп шығуы тоқталады, бұл жағдайда қуыққа несеп толады, оның қабырғасы керіледі, кернеп тұрады. Қуыққа несеп толғанда шаншу тиеді, малдың тынышы қашады, несеп шығаруға тырысады, күшенеді, бірақ несеп шықпайды. Тік ішек арқылы сипап қарағанда қуыққа салмақ түссе несеп көп шығады, ал қолды алғанда тоқталады. Түтік енгізгенде несеп сызаттап ағады.
Емі. Несепті ағызып жіберу үшін қуыққа ауық-ауық катетер жібереді. Қуықты түтіктің көмегімен немесе тік ішек арқылы массаждап, күніне 2-3 рет босатып отыру. Қуықтың ішін дезинфекциялағыш ерітіндімен жуып тазартады. Қуықты тік ішек арқылы уқалау әдісін қолданады. Бұдан басқа несепті дезинфекциялайтын препараттар, бел аймағы фарадизацияланады, тері астына — стрихнин, бұлшық етке — күкірт қышқылды магнезий жіберіледі, ересек малға 50 мл 0,25 процентті ерітінді енгізіледі. Орталық нерв жүйесінің бұзылуынан пайда болатын қуықтың параличі мен әлсіреуін емдеп жазу оңай емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет