Дәріс. Конфликтологияның басқа пәндер арасында алатын орны. Конфликт ұғымы Мақсаты



бет15/39
Дата30.03.2023
өлшемі356,37 Kb.
#77459
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39
Байланысты:
дәрістер кешені 2

Гуманистік психология шеңберінде ішкітұлғалық конфликтінің басқа теориясы ұсынылады. К. Роджерс (1994) бойынша, конфликтінің негізінде тұлғада саналы (осознанными), бірақ адам өмір барысында меңгерген жалған өзіндік бағалаулар мен саналы түрде меңгерілмейтін деңгейдегі өзіндік бағалау арасында пайда болатын қайшылық жатыр. Аталмыш бағыттың екінші бір өкілі А. Маслоу, ішкітұлғалық конфликтінің мәнін адамның өзін-өзі актуалдауында (1965) жүзеге аспаған қажеттілігі ретінде қарастырады.
К. Левин бойынша, ішкітұлғалық конфликт бұл субьектіге бір мезетте бірдей мөлшердегі қарама-қарсы бағытталған күштер етеді де, субьект жағымды мен жағымсыз тенденциялар арасында; жағымды мен жағымды тенденциялар арасында; жағымсыз бен жағымсыз тенденциялар арасында таңдау жасауға мәжбүр болатын ситуация (1926).
Ішкітұлғалық конфликтінің мәні логотерапияның негізін салушы Ф. Франклдің пікірінше, өмірдің мәнін жоғалту болып табылады (1969).
Когнитивті психология тұлғаішілік конфликтіні когнитивті диссонанс арқылы қарастырады (Фестингер,1967). Диссонанс – білім мен мінез-құлықтың сәйкессіздігі немесе екі білімнің үйлеспеу ситуацияларында пайда болатын жағымсыз күй. Субьективті когнитивті диссонанс дискомфорт ретінде бастан өтеді. Сондықтан тұлға оны жоюға тырысады.
Бихевиоризм шеңберінде ішкітұлғалық конфликт жаман әдет, қате тәрбие нәтижесі ретінде түсіндіріледі (Скинер,1986). Неовихевиористер Н. Миллер мен Дж. Доллардтың (1941) еңбектерінде конфликт фрустрация, яғни кедергіге реакция ретінде анықталады.
Отандық психолгтардың арасында ішкі конфликтілерді алғашқы боп зерттегендердің бірі А. Лурия (1930) болды. Ішкітұлғалық конфликт ретінде ол индивидтің мінез-құлқында екі күшті, бірақ қарама-қарсы бағытталған тенденциялар қақтығысып қалатын ситуацияны түсінді.
Психологияда (Анцупов, Шипилов, 1997; Донченко, Титаренко, 1989; Василюк, 1984; Юрлов, 1995) ітұлғаішілік конфликтінің көрсеткіштерін бөліп көрсетеді.
Когнитивті сфера: «Мен бейнесінің» қайшылығы; өзін-өзі бағалаудың төмендеуі; өз күйін психологиялық дағдарыс, шешім қабылдаудың кідірісі ретінде ұғыну; құндылықты таңдау мәселесінің болуын субьективті мойындау, субьект бұрынырақ басшылыққа алған мотивтер мен принциптердің шынайылығына күмәндану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет