Дәріс. Конфликтологияның басқа пәндер арасында алатын орны. Конфликт ұғымы Мақсаты



бет23/39
Дата30.03.2023
өлшемі356,37 Kb.
#77459
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39
Байланысты:
дәрістер кешені 2

Топ ішіндегі фаворитизм. Бірқатар мамандар (К.Фергюссон, Х.Келли, 1964, Д.Рабби, М.Горвитц, 1969) топаралық конфликтілікті мүдделердің обьективті конфликтісінсіз де, тек қана белгілі бір таным процестері арқылы да байқауға болатындығын көрсетті. Аталмыш феномен «топ ішіндегі фаворитизм» деген атауға ие болды. Оның мәні жеке топ мүшелерінің басқа топ мүшелерінең қарсы әсеріне жағдай туғызу тенденцияларымен сипатталады. Ол сырттай бақыланатын мінез-құлық ретінде, сондай-ақ, өзінің және басқа топ мүшелеріне қатысты пікірлердің, пайымдаулардың, бағалаулардың қалыптасуынан да көрінуі мүмкін. Бұл эффектілер қандай да бір критерийлер бойынша «өз жақындары» ретінде бағаланатын, және аталмыш критерийлер бойынша «бөтен» ретінде бағаланатын адамдар арасындағы «демаркациялық шекараны» анықтай отырып, әр әлеуметтік өзараәрекеттесудің әр түрлі деңгейлеріндегі әр түрлі ситуацияларда әрекет етуі мүмкін (В.Агеев, 1990).
Аталмыш механизм психологиялық болып табылады. Алайда топтар- таптық, этникалық, аймақтық, жастық және т.б. – арасындағы терең обьективті қайшылықтар фонында топ ішіндегі фаворитизмнің жоғары дәрежесі деструктивті әлеуметтік салдарларға ұшыратады. Топтар арасындағы конфликтілер топ ішіндегі фаворритизм мен топаралық өшпенділікті күшейтеді.
2. Ұлтаралық конфликтілер әр түрлі этностар өкілдерінің арасында болады. Олардың себептері өте көп. Конфликтінің пайда болуы үшін үш фактор керек. Біріншісі ұлттық сана сезім деңгейімен байланысты. ол адекватты, төмен, жоғары болуы мүмкін. Екінші фактор – ұлттық тұрмыстың барлық жақтарына қысым келтіретін мәселелердің «критикалық» мөлшері. Үшінші фактор – жоғарыдағы екі факторды қолданатын политикалық күштер.
Ұлтаралық конфликтілерді түсіну үшін олардың факторларын қарастыру керек: этнопсихологиялық, әлеуметтік-экономикалық, саяси, әлеуметтік-мәдени.
Этнопсихологиялық фактор – материалдық және рухани мәдениеттің әдеттегі өмір салтын бұзу қаупін туындатады да этникалық бірліктер жағынан қарсыластық тударады.
Әлеуметтік-мәдени айырмашылықтар – мәдениет пен діни нормалар немесе өркениеттік құрылымның өзгеріске ұшырауы қорғаныс реакцияларын тудырады.
Әлеуметтік- экономикалық фактор – оның мәні әр түрлі, ол белгілі бір роль ойнап, конфликтінің бір себебі бола алады, әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті, топтардың экономикалық қызығушылықтарын бейнелейді.
Саяси фактор – үлкен саяси билікке қол созатын жаңа саяси лидерлердің пайда болуынан туындаған этникалық қарсыласты көрсетеді.
Ұлтаралық конфликтілерді реттеу институттық және инструменталдық бағыттарды біріктіру негізінде шешіледі.



ұ
л
т
а
р ф
а а
л к
ы т
қ о
р
к л
о а
н р
ф ы
л
и
к
т
і
л
е
р



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет