Дәріс. Конфликтологияның басқа пәндер арасында алатын орны. Конфликт ұғымы Мақсаты



бет26/39
Дата30.03.2023
өлшемі356,37 Kb.
#77459
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39
Байланысты:
дәрістер кешені 2

Практикалық сұрақтар:

1. А.Н. Харитонов бойынша жанұяда кездесетін қиындықтардың көрсеткіштері қандай?


2. Жанұяда кездесетін қиындықтардың себептерін атап көрсетіңіз.
3. Жанұялық конфликтілердің ерлі-зайыптылардың өзара қатынасындағы рөлі қандай?
6.Дәріс. Өзара әрекеттесу кезіңдегі мінез-құлық стильдері


Мақсаты: Өзара әрекеттесу кезіңдегі мінез-құлық стильдері туралы студенттерде теориялық білім қалыптастыру.
Жоспар:
1.Мінез-құлыққа жалпы сипаттама.
2. Конфликтінің тұлғалық себептері.

Мінез-құлық адамның генетикалық ерекшеліктеріне байланысты болып, өмір жағдайларына сәйкес және солардың ықпалымен байқалып отыратын тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы.Адам өзінің мінез-құлқына бақылау жасау арқылы мінездегі мінің дүзетуге, жағымсыз әрекет, дөрекі мінездерден өзін тиіп ұстауға болады.Мінез-құлық адамның өзіне маңайындағы басқа адамдарға , тапсырылған іске қалай қарайтынынан байқалады.Оның бүкіл тәртібіне әсер етеді.Мінез-құлық жануарлармен адамдарға ортақ, организмнің қыимыл-қозғалыс белсенділігін, сыртқы ортамен қалай байланыс жасай алуын білдіретін ұғым.Мінез-құлықтың қозғаушы күші қажетті өтеу.Мұның ауқымы кең жан құбылыстарының әр қайсысынан түрлі деңгейде көрініп отырыды.Адам мінез-құлқының бастапқы көрінісі қылық.Мұнда тұлғаның бет алысы адамгершілік талғам көрініс береді.
Мінез-құлық мәдениеті адамшылық қарым-қатынастың негізгі талаптары мен ережелерін сақтау, айналасындағылармен дұрыс қарым-қатынас құра білу.Адамның жүріс-тұрыс, іс-әрекетінің жиынтық көрінісі мінез-құлық ерекшеліктерін айқындайды.Мінгез-құлықтың адамгершілік нормаларына сай келетін жағымды іс-әрекетпен немесе қоғамдық нормаларға қайшы келетін жағымсыз іс-әренкеттерден тұруы мүмкін.Мінез-құлық ерекшеліктер моральдық категорияға жатады.Ол –адамның қоғамдағы мінез-құлқын реттеу қызметін атқаратын әлеуметтік институт, қоғам түгелдей мақұлдаған заңды талаптардың орындалу барысымен анықталады.Құқықтың моральдан айырмашылығы: біріншіден қоғам мойындаған адамгенршілік талаптарын әр адамның орындауын барлық қоғам мүшелерінің қадағалауына байланысты, екіншіден морал талаптарын орындау тек рухани әсер ету формаларымен (қоғамдық баға беру, көрсетілген мінез-құлық ережелерін орындалуын мақылдау немесе айыптау) өлшенеді.Мінез-құлық мәдениеті адамның өскен ортасына адамдармен күнделікті қарым-қатынасына , білім өрісіне, көрген түйген алған үлгі өңегесіне байланысты.
Мінез таңу- адам мінезін зертейтін психология ғылымының бір саласы.Мұның түп негізі ежелгі грек оқымыстысы- Фейофрастан басталады.Ол өзінің мінездер дейтіп кіпаптарында афиналық 30 адамның жағымсыз мінездерін (суаит, жылпос, жәдігөй, жарамсақ, өсекшіл және т.б.) сынап жүйелейді. 17 ғасырдағы франциз маралисі ларош фуко мыңнан асам нашар мінезді адамдардың фортретін берген бірақ бұлар этикалық тұрғыдан жазылған.Психологияда бұл соңғы кездері ғана зерттеле бастады.
2.Конфликтінің тұлғалық себептері оған қатысушылардың индивидуалды псмихологиялық еренкшеліктерімен байланысты.Олар адам психикасында болып жатқан үрдістердің ерекшелігінен негізделген.Тұлғалық себептерге келесілерді жатқызуға болады.
1.Әлеуметтік психологиялық компотенттіліктің төмен деңгейі.Конфликтті ситуация- әлеуметтік өзара әрекеттің күрделі ситуациясы.Осындай ситуациялардағы эффективті әрекеттерге деген адамның дайын болмауы конфликтіге әкеледі.
2.Психологиялық тұрақтылықтың жеткіліксіз болуы.Бұл әлеуметтік өзара әрекеттердің стресстік факторларының психикаға кері ықпал етуіне пайда болады.Тұлғаралық конфликтілерді шешу профилактикаларының ең маңызды бағытты адамдарды конфликтілі ситуацияларға жіне опптималды әрекеттерге мазмұнды және психологиялық дайындау болып табылыды.
3. Адамдағы эмпатияға неген қабілеттің нашар дамуы, яғни өзге адамның эмоциялық күйін түсінудің нашар дамуы.Эмпатиялық тұлғалық сапалардың жеткіліксіздігі әлеуметтік өзара әрекет смтуациясында адамдардың дұрыс қарым-қатынас жасау алмауынан немесе серіктес сезімін түсінбейге әкеледі.
4.Жоғары немесе төменгі деңгейде өзін-өзі бағалау да тұлғаралық және тұлғашілік конфликтілердің пайда болуына әкеледі.Жоғары деңгейде өзін-өзі бағалау қоршағандар тарапынан негативті реакция тудырыды.Төмен бағалау жоғары мазасыздан өз күшіне деген сенімсіздік жауапкершіліктен қашуға әкеледі.
5.Адам темпераментінің халериктік типі өздеріне қайшы келетін ситуацияларды конфликтілі тәсілдермен шешулеріне әкеледі.Конфликтінің тұлғалық себептерінде мінез-құлықтың әртүрлі аксентуациялары себеп болады. Ол міне-құлықтың қандайда бір белгілерінің шектен тыс көрініс беруі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет