Дәріс. Конфликтологияның басқа пәндер арасында алатын орны. Конфликт ұғымы Мақсаты


Конфликт субьектілерінің (оппонентердің) арасындағы мәнді қайшылықтың болуы ; 2



бет4/39
Дата30.03.2023
өлшемі356,37 Kb.
#77459
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
дәрістер кешені 2

1. Конфликт субьектілерінің (оппонентердің) арасындағы мәнді қайшылықтың болуы ;
2. Олардың қарама-қарсы әрекеттері
3. Бір-біріне қатысты жағымсыз эмоциялар .
Сонымен, әлеуметтік конфликт дегеніміз – әлеуметтік өзараәрекеттесу процесінде пайда болатын, конфликт субьектілерінің қарама-қарсы әлеуметтерімен сипатталатын және олардың бір-біріне қатысты бастан өткеретін жағымсыз эмоцияларға ұштасатын мәнді қарама-қайшылықтарды шешудің анағұрлым шиелініскен тәсілі.Егер конфликт субьектілері қарама-қарсыәрекет жасап, бірақ бұл кезде бір-біріне жағымсыз эмоцияда болмаса , немесе керісінше жағымсыз эмоцияны бастан кешіріп, бірақ оларды сырттай көрсетпесе, бір-біріне қарсы әрекет етпесе, онда мұндай ситуациялар конфликт алдындағы болып табылады.(передконфликтными).
Әлеуметтік конфликтінің анықтамасынан байқағанымыздай, конфликтологияда осы құбылыстың психологиялық құрамдарына үлкен рөл беріледі. Бұл конфликтологияның ерекше саласы-конфликт психологиясын бөліп көрсету қажеттігін дәлелдейді.Оның зерттеу обьектісі тұтас конфликт, ал пәні- олардың пайда болу даму және конструктивті аяқталуының психологиялық заңдылықтары мен механизмдері болып табылады.
Конфликт психологиясын қарастырылатын феноменнің үш түрі қызықтырады: ішкітұлғалық конфликтілер , әлеуметтік конфликтілер және зооконфликтілер.
Конфликт психологияның орталық обьектісі - әлеуметтік конфликтілер ал олардың ядросы – тұлғааралық конфликтілер болып табылады. Басқа әлеуметтік конфликтілермен салыстырғанда аса күрделі емес болып табылытын тұлғааралық конфликтілерді зерттеу конфликтілі өзара әрекеттесудің негізгі себептерін ашуы мүмкін.Психикада болып жатқан және адамның конфликтілі мінез-құлқын анықтайтын процестерді зерттемей әлеуметтік конфликтілердің мотивтерін ұғыну (қиындық туғызады) ауыр болады.
Отандық психологияда әр түрлі конфликтіні зерттеуде белгілі бір теңсіздік қалыптасты. Еңбектердің 83 %-ке жуығы тұлғааралық конфликтілерді зерттеу болып келеді.Ішкітұлғалақ конфликтілерге 8%-ке жуық публикациялар арналған. Шағын , орта және үлкен топтар арасындағы конфликтілердің, халықаралық конфликтілердің психологиялық сипаттамасы 3-4% еңбекте келтірілген. Сондай-ақ ресей психологтары адамзаттың әр түрлі іс-әрекет түрлеріндегі және қатынастар сфераларындағы конфликтілерді зерттейді:
-әлеуметтік конфликтінің түрі; обьектісі, еңбек қатынастары мен оларды қамтамасыз ету шарттары болып табылатын -еңбек конфликтілері ( Н.В.Гришина, Т.М.Данькова , С.И.Ерина, А.А.Ершов, А.Г.Ковалев және т.б.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет