Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушылық-педагогикалық негіздері Жоспары



бет1/3
Дата21.04.2023
өлшемі33,14 Kb.
#85318
  1   2   3
Байланысты:
педагогика дарис 11


Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетінің
ұйымдастырушылық-педагогикалық негіздері
Жоспары:
1. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер туралы түсінік
2. Оқу белсенді топтарының жұмысы.
3. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру

Қарама-қайшылық күресі және бірлігі диалектикалық заңдылығына сәйкес кез келген


нәрсе, құбылыс қарама-қарсы жақтардың қарама-қайшы бірлігін құрайды. Белгілі бір зат, құбылыстың даму үрдісінде қарама-қайшы элементтер жинақталып, соның нәтижесінде ол оның шешімін күрес арқылы шешуге итермелейді. Соның нәтижесінде қозғаушы күш болып қарама-қайшылықтар саналады. Оқушылардың танымдық іс-әрекеті адам танымының бір түрі және оқытудағы қарама-қайшылықтарға байланысты, өзіндік қарама-қарсылықтармен сипатталады. Оқу үрдісіндегі қарама-қайшылықтардың болуына мұғалімдер интуитивтік тұрғыдан қарады. Бұл қарама-қайшылықтар оқушылардың білімді меңгеру үрдісінде кездестіретін қиыншылықтарымен түсіндіріледі. Белгілі дидакт М.А.Данилов оқыту үрдісінде пайда болатын және оның қозғаушы күші болып табылатын қарама-қайшылықтарды алғашқылардың бірі болып анықтады. Бұл оқыту үрдісінің қоятын оқу және практикалық талаптары мен оқушының білім, біліктілік, ақыл-ой деңгейі арасындағы қарама-қайшылықтар. Дилатиканың қарама-қайшьшықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез келген нәрсені, құбылыс, процесс қарама-қарсы, бірін-бірі жоққа шығару және бір мезгілді өзара шарттастық қарым-қатынаста болатын жақтардың бірлігі болып табылады.Белгілі бір құбылысты, нәрсені дамыту процесіңде соңында күрес арқылы шешілетін қарама-қайшылықтардың күшеюіне әкеп соғатын қарама-қарсылықтардың арасында сәйкессіз элементтер пайда болады. Олай болса, дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де карама-қайшылық.Оқушылардың танымдық іс-әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқьпу процесінің қарама-қайшьшықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама-қайшылықтарымен сипатталады. Тәжірибелі мұғалімдер оқу процесінде қарама-қайшылықгарды таза интуитивті түрде туғызады. Олар бұл қарама¬қайшылықтарды оқушыларға білімді меңгерту барысыңдағы қиыншылық ретіңде қабылдайды. Белгілі дидакт М.А.Данилов оқу процесінде объективті түрде пайда болатын және оның басты қозғаушы күші болып табылатын жетекші қарама-қайшылықты алғашқылардың бірі болып анықтады. Бұл оқыту барысында алға қойылатын оқу және практикалық міндеттері мен білім, білік және ақыл-ой дамуының деңгейінің арасындағы қарама-қайшылық. Сонымен бірге, ол қарама-қайшылықтың, қозғаушы күштің қалыптсауының шешуші шарты болып оқушының өзінің санасында ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады.
Осы көрсетілген қарама-қайшылықты шешудің мәні әрбір балаға қоршаған ортаны танып-білуіне, өзінің тұлғалық ресурстарын іске асыруына, өзін-өзі танытуына көмектесуде. Сондықтан мұғалім оқушыны оқу барысында туындаған қиыншылықтарды, кедергілерді жоюға саналы түрде ұмтылдыра отырып осы қарама-қайшьшықтарды шешудің сәйкес тәсілдерін айқындауда және оларды қолдана білуде жетекші рөл атқарады.Басқа да әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне оқушылардың араласуы, олармен әрекеттесуі, дербестенуі оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Микрожүйе ретінде оқушы өзінің калыптасуында өзіндік дамуының қарама-қайшылықгарына кездесіп отырады. Алайда, өзінің ішкі дүниесінде қаңдай да қарама-қайшылық өз шешімін табуы мүмкін емес (Э.В.Ильенков). Қарама-кайшьшық «оқушы (адам)» жүйесінде пайда больш «адам-адам» жүйесіңде, яғни педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеттесуі арқылы шешіледі. Оқу-тәрбие процесі жағдайында оның негізгі қарама-қайшылықтарын оқушыларды оқу-танымдық біліктерге үйрету арқылы шешу қиыншылықтарды, кедергілерді жою үшін оқушыларға мұғалім көмегі мен құрбылармен қарым-қатынас жасау қажет болғаңдықтан мұғалімнің өз оқушыларымен, ал оқушылар бір-бірімен ынтымақтастықта болуын талап етеді. Сонымен бірге оқушының өзін-өзі бағалау мен басқа да тұлғалық қасиеттерінің тиімді қалыптасуы және оның толыққанды дамуы үшін мұңдай өзара әрекеттестік өте қажет. Осылайша іс-әрекет пен танымның субъекті болып табылатын микрожүйе ретінде тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтарын шешу қажеттігі оқу процесін оған қатысушылардың қарым-қатынас, өзара әрекеттестігі және ынтымақтастығы ретінде ұйымдастыруды қажет етеді.Оқу процесінің субъектлерінің қарым-қатынасы мен өзара әрекеттестігінің феномені педагогикалық әдебиеттерде және мектеп тәжірибесіңде ұжымдық танымдық іс-әрекет ретінде түсіндіріледі. Бұл мәселелердің теориялык әдіс-тәсілдері Н.К.Крупская еңбектерінде қарастырылған. Ал педагогикалық процестің оқудан тыс бөлігі жағдайында оқушылармен ұжымдық жұмыс жүргізу әдістемесін Н.К.Крупская, П.П.Блонский, А.С.Макаренко жасаған.Казіргі педагогикалық әдебиеттерде ұжымдық жұмыс ұғымын көп жағдайда фронтальды жұмыс ұғымымен қатар қояды. Көбінесе оқушылардың жаңа оқу материалдарына деген белсенді танымдық қатынастарын және соның негізінде пайда болатын оқушылар арасындағы жақын қарым-қатынас, жалпы үлгерім бойынша жүргізілетін
жұмыстар, интеллектуалдық құңдылықтармен алмасу мүмкіңдіктері, салыстырулар, жасалатын қарым-қатынастың зерделенетін объекгілері тұрғысындғы әртүрлі қимыл бірлігі сияқты белгілері бар жұмыстарды ұжымдық жұмыстарға жатқызады. Жалпы ұжымдық танымдық іс-әрекет-тердің мәні мұғалімнің жетекшілігімен оқу процесін ынтымақтастықпен, қарым-қатынаспен байытуда.
Ұжымдық танымдық іс-әрекет — әлеуметтік тәжірибені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы, өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау, бірлесе еңбек ету, қарым-қатынас жасау біліктеріне ие болу сияқгы субъекг позицияларьш қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғаім ұйымдастырған білімдік диалогтың барысындағы окушылардың біріккен іс-әрекеті.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет