Дәріс Мобильді бағдарламалаудың теориялық негездері


Мобильді қосымшалардың түрлері



бет2/11
Дата11.11.2022
өлшемі4,03 Mb.
#49291
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Мобильді қосымшалардың түрлері



  1. Нативті қосымшалар (ағылшын. native – туған, табиғи) – бұл қосымшалар ең көп тараған түрі, ол мобильді құрылғының өзінде орналасқан. Мұндай қосымшаларды мобильді операциялық жүйелердың арнайы дүкені арқылы жүктеуге болады (Мысалы, Android-та Play Market, iOS-та App Store және т.б.). Осы қосымшаның арқасында GPS, бейнекамералар, компас, байланыс тізімі, жылдамдату датчиктері және т.б. функциаларды толық пайдалануды қарастырған. Табиғи қосымшалардың басты артықшылығы Интернеттің қажеттілгінсіз оффлайн режимінде өз жұмысын жалғастыра береді.

  2. Мобильді веб-қосымшалар - мобильді құрылғыларға арналған қосымшалардың ең көп қолданыста жүрген қосымшалар. веб-қосымша, шын мәнінде, кез келген смартфонға бейімделген және оңтайландырылған сайт болып табылады. Оны пайдалану үшін құрылғыда браузер, оның интернет адресінде орналасқан жерін білу жеткілікті (соның арқасында қосымшалардың осы түрінде ақпаратты жаңарту жүреді). Веб-қосымшалар HMTL5 дами бастаған кезде кеңінен танымал болды және адамдар жай ғана қарапайым браузер арқылы веб-сайтқа кіріп, көптеген нативті қосымшалардың функцияларына қол жеткізу мүмкін алды. Қазіргі таңда веб-қосымшалар мен қарапайым веб-беттер арасындағы нақты шекара қайда орналасқанын айту қиын, өйткені HTML5 функциалары күн сайын жаңарып келеді.

  3. Гибридті қосымшалар - нативті қосымшалар мен веб-қосымшалардың симбиозы. Нативті сияқты, тек арнайы Android-та Play Market, iOS-та App Store және т.б. қосымшалар дүкендер арқылы жүктеуге болады. Веб-қосымшалар сияқты, олардың платформасының негізі HTML5 құрылған. Олар қосымшаның өзіне енгізілген браузер арқылы жаңарып өңделеді. Көптеген компаниялар арасында таңдау көбінесе гибридті қосымшаны әзірлеуге түседі. Бұл гибридті қосымшалар ең соңғы веб-технологиялармен қамтамасыз етіліп отырады. Қазіргі гибридті қосымшаларға веб-сайттардан бұлттық технологиялар сияқты қоймаларды орнатуға мүмкіндігі бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет