Дәріс Мобильді бағдарламалаудың теориялық негездері



бет1/11
Дата11.11.2022
өлшемі4,03 Mb.
#49291
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Дәріс 1. Мобильді бағдарламалаудың теориялық негездері



  • Мобильді операциялық жүйелер

  • Мобильді қосымша және олардың түрлері

  • Мобильді қосымшаларды құру жодары

  • Мобильді қосымшаларды құру кезеңдері

  • Мобильді қосымшалардың артықшылықтары

Біздің заманымызда мобильді құрылғыларсыз елестету мімкін емес. Еңбектеген баладан қартайған қарттарға дейін бұл құрыларымен таныс. Барлығымыз мобильді құрылғыларды әртүрлі мақсатымызға қолданып келеміз. Қазіргі уақытта мобильді құрылғылар нарығы қарқынды дамып келеді, дамығаны соншалық мобильді құрылғылардың соңғы нұсқасымен танысып үлгермейміз. Көптеген елдердің басты міндеті барлық адамдардың өмір сүру саласын қамтитын ақпараттық қоғамды қалыптастыру болып табылады. Ақпаратты тасмалдау құралы ретінде мобильді құрылғыларды айтуға болады. Алайда осы іс-әрекетті орындау үшін мобильді құрылғылардың операциялық жүйесі болуы керек.




Соңғы жылдары көп қолданылатын мобильді операциялық жүйелерге (ОЖ) келесілер жатады: Android, iPhone OS, Kai OS, Lineage OS, Fire OS, Flyme OS, Sailfish OS, Tizen, Remix OS. Мобильді операциялық жүйелерде өзімен бірге мына функциаларды біріктіреді: сенсорлық экран, ұялы байланыс, Bluetooth, Wi-Fi, GPS навигация, камера, бейнекамера, сөйлеуді тану, диктофон, музыкалық плеер, NFC және инфрақызыл қашықтан басқару және т.б..
Мобильді операциялық жүйелер арқылы мобильді қосымшаларды жүктеуге болады. Мобильді қосымшалармен жылдам, жаңарып отыратын, қажеттілігіне қарай қызмет түрлерін таңдауға болады. Мысалы: Еgov.kz, СityBus, Soyle.kz және т.б..
Мобильді қосымша — ұялы құрылғыларда, смартфондарда, планшеттерде және басқа да мобильді құрылғылар үшін арнайы әзірленген бағдарламалық өнімдер. Көптеген мобильді бағдарламалар құрылғыда алдын ала орнатылған немесе App Store, BlackBerry App World, Google Play, 1mobile market, Windows Phone Store, Яндекс және т.б. сияқты онлайн дүкендерден жүктеп алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет