Дәріс: «Пайымдау. Қарапайым пайымдау, оның түрлері»


Пайымдауларды модальдігі бойынша түрлерге бөлу



бет7/14
Дата15.11.2023
өлшемі0,51 Mb.
#124033
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Пайымдауларды модальдігі бойынша түрлерге бөлу


«Пайымдаулардың модальдігі» (лат.: «modus» - «бейне», «амал») - кез келген пайымдау қосымша мағыналық жүктемені қоса алып жүретіндігін білдіреді
Модальдік логика — қазіргі логиканың кең, салыстырмалы дербес және тез дамушы бір саласы. Оның заңгерлер үшін де теориялық және практикалық мәні зор.
Модальдіктің түрлері:
- алетикалық,
- деонтикалық,
- аксиологиялық
- эпистемикалық.
Қазақ тілінде пайымдаудың модальдігі мынадай сөздер арқылы беріледі:
  • «мүмкін», «рұқсат етілген», «жақсы», «ықтимал»;
  • «мүмкін емес», «рұқсат етілмеген»

  • Осы сөздер логикада модальдік операторлар деп аталады

Алетикалық модальдік


Алетикалық модальдік (грек тілінен: «aлетейа»— «ақиқат») – бұл «қажет-кездейсоқ» немесе «мүмкін-мүмкін емес» терминдермен берілген пайымдауда логикалық немесе іс жүзіндегі себептің, шарттардың болуы туралы ақпарат.
Онда «мүмкін», «қажет», «кездейсоқ» деген сөздер модальдік операторлар қызметін атқарады.
Пайымдаудың ақиқаттығы немесе жалғандығы негізделген болуы керек.Олардың негізі ретінде пайымдаудың құрылымдық-логикалық сипаттамалары немесе шындықпен байланысы бола алады. Осыған сәйкес алетикалық модальдіктің екі түрін ажыратады:
1) логикалық модальділік, яғни логиканың заңдарына негізделген пайымдау. Мысалы, пайымдау ақиқат болып табылады, егер ол логиканың қайшыласпау заңын жеткізіп тұрса.
2) іс жүзіндегі (фактическая) модальділік, яғни дүниедегі заттардың шын арақатынастарына негізделген. Мысалы: «Эйфель мұнарасы Парижде орналасқан»; «Қазақстан нарықтық қатынасқа өтуде».
Алетикалық модальдіктің «мүмкін-мүмкін емес», «қажет-кездейсоқ» деген операторлар арқылы қалыптасқан түрлерін де ажыратады::
а) бір нәрсенің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы пайымдаулар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет