Дәріс: «Пайымдау. Қарапайым пайымдау, оның түрлері»


Жалпықұптаушы пайымдау affirmo сөзінің алғашқы дауысты әрпімен — А



бет6/14
Дата15.11.2023
өлшемі0,51 Mb.
#124033
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Жалпықұптаушы пайымдау affirmo сөзінің алғашқы дауысты әрпімен — А,
жекеқұптаушы —affirmo сөзінің екінші дауысты әрпімен— I,
жалпытерістеуші — nego сөздің бірінші дауысты әрпімен — Е,
жекетерістеуші — nego сөздің екінші дауысты әрпімен — О
деп белгіленеді.
Мысалдар:
А: Барлық адвокаттар — заңгерлер.
Е: Бірде-бір адвокат — заңгер емес.
I: Кейбір адвокаттар — заңгерлер.
О: Кейбір адвокаттар заңгерлер емес.

Кесімді пайымдаулар терминдерінің таратылуы


Егер терминнің көлемі толығымен басқа термин көлеміне енсе немесе тұтас содан шықса, термин таратылған деп есептеледі
Жалпытерістеуші пайымдау:
Е — «Бір де бір S - Р емес»:
«Бірде-бір мейірімді адам қатыгез болмайды». Ол бір амалмен көрсетіледі. Нәтижесінде оның екі терминдері де таратылған болып шығады.
Жалпықұптаушы пайымдау:
А - «Барлық S дегеніміз Р»
Мысалы: «Термометр — бұл температураны өлшейтін құрал». Мұнда субъект пен предикат көлемдері толық сәйкес келеді, яғни екі термин де таратылған
Егер де бір терминнің көлемі, басқа терминнің көлеміне тек ішінара енсе немесе ішінара содан шықса, онда термин таратылмаған деп аталады.
Мысалы: «Бүгін кылмыстық істер бойынша қабылданған соттың барлық шешімі айыптау сипатында болды».
Мұнда субъект көлемі толығымен предикат көлеміне енген, бірақ оған тең емес. Бұл жағдайда пайымдау субъектісі таратылған, ал предикаты — таратылмаған, өйткені оның мазмұны кішірек, көлемі кеңірек болып тұр.
Жекетерістеуші пайымдау: О — «Кейбір S Р емес»:
«Кейбір студенттер логиканы оқымайды»
Мұнда субъект предикат көлемінен тек ішінара ғана шығарылады, сондықтан онда субъект таратылмаған, ал предикат таратылған.
Жекеқұптаушы пайымдау. I — «Кейбір S дегеніміз Р» Мысалы: «Кейбір прокурорлар — әйелдер». Мұнда субъект және предикат көлемі тек ішінара сәйкес келуі мүмкін, яғни пайымдаулар терминдері қиылысушы ұғымдар болып табылады. Бұл жағдайда екі термин де таратылмаған болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет