1. Қазақ емлесінің кейбір мәселелері.
2. Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі.
3. Ә,ы,і дыбыстарының емлесі.
4. Я,ю,е дыбыстарының емлесі.
5. Дауысты дыбыстардың сөз ішіндегі орны.
Тірек сөздер: Емле, дауысты дыбыс, әріп, буын, еріндік дыбыстар, ерін
үндестігі
А, е әріптері сөздің барлық буындарында жазылады: ал, ала, алақан,
аспан, мақала, сарымсақ; ер, ереже, ерік, елгезек, имек.
Сөз басындағы ж, ш дыбыстары мен й дыбысының ортасында келген жуан
дауысты а дыбысы көбінесе ә болып айтылады, бірақ а әрпі жазылады: жай
(барлық мағынада да: жай жүр, жай сөйлем,жай отыр, жай түсу, дастарқанды
жай, жайма шуақ т.б.) және осы түбірден өрбіген сөздер (жайбарақат,
жайғасу, жайғызу, жайдан-жай, жай жағдай, жай-жапсар, жай-күй, жайлы,
жайсыз, жайлап т..б.); шай, шайы (көйлек).
Ә әрпі көбінесе сөздің бірінші буынында және бір буынды сөздерде
жазылады: ә-сем, ә-леумет, ә-демі, тәр-тіп, кә-сіп, Сәу-ле, дәу-рен, ән, әл, әр,
жә (одағай).
Сөздің алғашқы буынындағы (не алғашқы буындарындағы) жіңішке
дауыстының әуенімен келесі буында жіңішке айтылатын (естілетін) ә
дыбысының орнына, негізінен, а әрпі жазылады: тәкаппар (айтылуы -
тәкәппар), ләззат (айтылуы - ләззәт), рәсуа (айтылуы – рәсуә), Жәмила
(айтылуы - Жәмилә), Сәбира (айтылуы - Сәбирә), Кәмила (айтылуы - Кәмилә)
және тағы осы сипаттас жалқы есімдер.
Ескертулер.1.Мына сөздердің екінші буындарында естілуінше ә әрпі
жазылады: сірә, куә, күнә, кінә, іңкәр, зәмзәм (суы), жүдә, күмән, мүсәпір,
дүдәмал, шүбә, мәмпәси (бұлардың жазылуын емле сездіктерінен қарап білу
керек).
2. Бірінші буыны жіңішке ү дыбысымен келген жалқы есімдердің (көбінесе
кісі аттарының) екінші буынында да естілуінше ә әрпі жазылады: Күлән,
Күләнда, Күлән, Күләй, Мүтән.
3. Біріккен сөздер мен қос сөздердің соңғы буындарында (яғни олардың
екінші сыңарының алғашқы буынында) ә әрпі жазыла береді: ендігәрі
(ендігіден// әрі), әжептәуір (әжеп//тө-уір), Гүлжәмила (Гүл//жә-мила),
Бейсенәлі (Бейсен// ә-лі), әлсін-әлі (әлсін//ә-лі), кәп-кәрі (кәп//кә-рі), әп-әсем
(әп//ә-сем).
О, е әріптері қазақтың көп буынды сөздерінің алғашқы буынында және
бір буынды сөздерде ғана жазылады: о-рамал, о-тын, то-ры, до-лана, ө-сімдік,
ө-кімет, кө-леңке, ол, от, ор, оқ, он, өс, ө р,өн,тор, төс, төр, төрт.
Алғашқы буындағы еріндік о дыбысының әсерімен екінші буындағы
езулік е дыбысы о болып естіледі (айтылады), бірақ жазуда е әрпі жазылады:
бөрене (айтылуы - бөрөне), көбелек (айтылуы –көбөлек), жол-жөнекей
(айтылуы – жол-жөнөкей)
Ескертулер. 1. Орыс тілінен енген сөздердің соңғы буындарында о
әрпі жазыла береді: кино, динамо, аккорд, паспорт, синоним.