Дәріс сабақтарының мазмұны І дәріс. Қазақ тілі орфографиясының даму тарихы. (1 сағат)


ІІІ дәріс. Қазақ емлесінің кейбір мәселелері. Дауысты дыбыстың емлесі



Pdf көрінісі
бет6/27
Дата06.01.2022
өлшемі185,64 Kb.
#16033
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
ІІІ дәріс. Қазақ емлесінің кейбір мәселелері. Дауысты дыбыстың емлесі. 

(1 сағат)

1. Қазақ емлесінің кейбір мәселелері.  




2. Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі. 

3. Ә,ы,і дыбыстарының емлесі. 

4. Я,ю,е дыбыстарының емлесі.

5. Дауысты дыбыстардың сөз ішіндегі орны.



Тірек   сөздер:  Емле,   дауысты   дыбыс,   әріп,   буын,   еріндік   дыбыстар,   ерін 

үндестігі

             А, е әріптері сөздің барлық буындарында жазылады: ал, ала, алақан, 

аспан, мақала, сарымсақ; ер, ереже, ерік, елгезек, имек.

Сөз басындағы ж, ш дыбыстары мен й дыбысының ортасында келген жуан 

дауысты а дыбысы көбінесе ә болып айтылады, бірақ а әрпі жазылады: жай 

(барлық мағынада да: жай жүр, жай сөйлем,жай отыр, жай түсу, дастарқанды 

жай,   жайма   шуақ   т.б.)   және   осы     түбірден   өрбіген   сөздер   (жайбарақат, 

жайғасу,   жайғызу,   жайдан-жай,   жай   жағдай,   жай-жапсар,   жай-күй,   жайлы, 

жайсыз, жайлап т..б.); шай, шайы (көйлек).



             Ә әрпі көбінесе сөздің бірінші буынында және бір буынды сөздерде 

жазылады: ә-сем, ә-леумет, ә-демі, тәр-тіп, кә-сіп, Сәу-ле, дәу-рен, ән, әл, әр, 

жә (одағай).

            Сөздің алғашқы буынындағы (не алғашқы буындарындағы) жіңішке 

дауыстының   әуенімен   келесі   буында   жіңішке   айтылатын   (естілетін)   ә 

дыбысының   орнына,   негізінен,   а   әрпі   жазылады:   тәкаппар   (айтылуы   - 

тәкәппар),   ләззат   (айтылуы   -   ләззәт),   рәсуа   (айтылуы   –   рәсуә),   Жәмила 

(айтылуы - Жәмилә), Сәбира (айтылуы - Сәбирә), Кәмила (айтылуы - Кәмилә) 

және тағы осы сипаттас жалқы есімдер.

           Ескертулер.1.Мына сөздердің екінші буындарында естілуінше ә әрпі 

жазылады: сірә, куә, күнә, кінә, іңкәр, зәмзәм (суы), жүдә, күмән, мүсәпір, 

дүдәмал, шүбә, мәмпәси (бұлардың жазылуын емле сездіктерінен қарап білу 

керек).

2. Бірінші буыны жіңішке ү дыбысымен келген жалқы есімдердің (көбінесе 

кісі   аттарының)   екінші   буынында   да   естілуінше   ә   әрпі   жазылады:   Күлән, 

Күләнда, Күлән, Күләй, Мүтән.

3.   Біріккен   сөздер   мен   қос   сөздердің   соңғы   буындарында   (яғни   олардың 

екінші   сыңарының   алғашқы   буынында)   ә   әрпі   жазыла   береді:   ендігәрі 

(ендігіден//   әрі),   әжептәуір   (әжеп//тө-уір),   Гүлжәмила   (Гүл//жә-мила), 

Бейсенәлі (Бейсен// ә-лі), әлсін-әлі (әлсін//ә-лі), кәп-кәрі (кәп//кә-рі), әп-әсем 

(әп//ә-сем).

          О, е әріптері қазақтың көп буынды сөздерінің алғашқы буынында және 

бір буынды сөздерде ғана жазылады: о-рамал, о-тын, то-ры, до-лана, ө-сімдік, 

ө-кімет, кө-леңке, ол, от, ор, оқ, он, өс, ө р,өн,тор, төс, төр, төрт.

           Алғашқы буындағы еріндік о дыбысының әсерімен екінші буындағы 

езулік е дыбысы о болып естіледі (айтылады), бірақ жазуда е әрпі жазылады: 

бөрене   (айтылуы   -   бөрөне),   көбелек   (айтылуы   –көбөлек),   жол-жөнекей 

(айтылуы – жол-жөнөкей)

             Ескертулер. 1. Орыс тілінен енген сөздердің соңғы буындарында о 

әрпі жазыла береді: кино, динамо, аккорд, паспорт, синоним.



2.   Біріккен   сөздер   мен   қос   сөздердің   соңғы   буындарында   (яғни   олардың 

екінші   сыңарларының   алғашқы   буынында)   о,   ө   әріптері   жазыла   береді: 

көркемөнер   (көркем//ө-нер),   кәсіпорын   (кәсіп//о-рын),   алабота   (ала//бо-та), 

Айнамкөз (Айнам//көз), оқтын-оқтын (оқтын//оқ-тын), төсек-орын (төсек//о-

рын).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет