Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Тауарлы шаруашылық: мәні, пайда, бөлу жағдайлары мен себептері. Тауарлы шаруашылық дегеніміз -



бет32/81
Дата16.02.2023
өлшемі280,94 Kb.
#68281
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   81
3.Тауарлы шаруашылық: мәні, пайда, бөлу жағдайлары мен себептері. Тауарлы шаруашылық дегеніміз - шаруашылық субъекттерінің әрекеттері рынок арқылы байланыстырылатын, өнімнің қоғамдық сипаты тікелей емес, жанама жолмен (рынок арқылы) анықталынатын, өндірісшілердің экономикалық оқшаулылығы мен зквиваленттік қатынастарына негізделген шаруашылық түрі.
Тауарлы өндірісте өнімді жеке экономикалық, оқшауланған өндірісшілер өздері тұтыну үшін емес, басқалар тұтыну үшін, рынокта сату үшін өндіреді. Демек, мұндай өндірісте шаруашылық субъектерінің қатынастары негізінде ақшалы-тауарлы қатынас түрінде көрініс табады, өндіріс пен тұтыну нарық арқылы байланыстырылады. Өнім тауар ретінде белгісіз біреулерге және белгісіз нарыққа өндіріледі.
Белгілі Мажариялық (Венгрия) экономист, тоталитарлы-социалистік мемлекет «солшыл ревизионист» деп қудалаған Янош Корнап тауарлы шаруашылықтың негізгі белгілерін төмендегідей қысқаша таныстырған:

  1. Тауар өндірушілердің нарыққа тосқауылсыз кіру және одан кез келген уақытта шыға алу мүмкіншілігі;

  2. Нарықта бәсекенің әділ жүргізілуі және оны көпшілік болып қолдау;

  3. Жеке меншіктің еркін қатынасуы және қорғалуы;

  4. Рыноктық жүйенің негізгі белгілері және қозғаушы күштері ретінде жеке инициатива мен кәсіпкерлік.

Тауарлы шаруашылық натуралды шаруашылыққа қарағанда экономикалық прогресті керемет жылдамдатты, өйткені ол шаруашылық субъектерін еңбек өнімділігін арттыруға, өндірістерін үнемі жаңалап отыруға объективті ынталандырады. Сондықтан тауарлы шаруашылық алғашқы қауымдық қоғамның соңғы кезеңі мен құл иеленуші дәуірден бастап бүгінге дейін дамытылып жатыр.
Тауарлы шаруашылықтың пайда болуына негізінен үш жағдай әсер етті:

  1. Тереңдетілген ең ірі еңбек бөлінісінің және жұмыс күшінің мамандандырылуы.

  2. Жеке меншіктің пайда болуы.

  3. Тауар өндірушілердің экономикалық жағынан оқшаулануы.

Сондықтан қазіргі нарықтық қатынастар кәсіпкерліктің еркін бәсекелестік пен жеке меншік жағдайында жоғары дамыған тауарлы шаруашылығының негізінде ғана дами түседі.
Тауарлы - өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірілген тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық. Тауарлы шарушылықтың пайда болуының шарты – нақты бір өнімді шығаруға өндірістің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет