Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет35/81
Дата16.02.2023
өлшемі280,94 Kb.
#68281
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   81
Тұтыну бағалылығы - бұл заттың пайдалылығы, адамның қандай болмасын қажеттігін оның қанағаттандыра алатын қабілеті. Осы арқылы бір өнім басқаларға ұқсамайды, өйткені олардың тұтыну қасиеттері өзгеше болады.
Өнімдердің көп түрлі болуы, олардың әр қайсысының тұтыну бағалылығының ұқсас болмағаны сияқты, еңбектің де түр-түрге бөлінуінен, олардың жеке түрінде қолданылатын еңбек операцияларының ұқсас болмауынан туады.


5. Ақшаның пайда болуы мен мәні. Ақшаның қызметтері.
Ақша ерте заманда пайда болды, олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарты және өнімі болып табылады.
Әр халық бағалылығы жойылмайтын, әрі көпке әйгілі түрлі бағалы заттарды ақша ретінде пайдаланды. Оған жататындар: балта, пышақ, найза, қалқан, садақ және т.б. Осындай сан алуан заттардың ақша қызметтерін атқарды, кейбір экономистердің ақша дегеніміз - тауарлар мен қызмет көрсетуде айырбастауға жарайтын «түрлі заттар» деп мәлімдеуіне себеп болды. Бірақ, бұлайша, тегін зерттеу себебінен субъективтік және объективтік екі көзқарас қалыптасты.
Субъективтік көзқарастар - адамдардың бұл жөнінде өзара келісімдер жасауының нәтижесінде “ақша” пайда болған деп пайымдалды.
Объективтік көзқарастар - тауар-ақша қатынастары-ның дамуы нәтижесінде, бүкіл тауарлар арасынан дара бөлініп шыққан, әрі жалпыға бірдей баламалы рөл атқаратын ерекше тауарды “ақша” деп аталды.
Уақыт озған сайын бүкіл тауарлар арасынан бір зат (мысалы, қой) дара бөлініп шықты, ол өзінен басқа тауарларға айырбасталды. Мұндай жалғыз тауар басқа тауарлардың құнын анықтайтын болды. Айырбастың тарихи ұзақ даму нәтижесінде айрықша тауар, яғни ақша пайда болды. Ақша дегеніміз - жалпылама балама рөлін атқаратын ерекше тауар.
Түрлі елдерде бірнеше ғасырлар бойы ақшаның рөлін әртүрлі заттар атқарып келді.
Жылдар өткен сайын жалпылама баламалық рөлді алтын атқаратын болды. Оған себепші оның төменде аталған қасиеттері, яғни алтынның: :
1) сапасының біртектілігі;
2) бөлінгіштігі;
3) икемділігі (портативтілігі);
4) сақталғыштығы.
Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Әр бір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар. Ақша жүйесі – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы.
Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементтері болады. Ақша жүйесінің типі бұл ақшаның қандай формада болуын сипаттайды. Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады: ақша бірлігі, эмиссиялық жүйе және ақша түрлері Ақша бірлігінің – барлық тауарлардың бағаларын бейнелеуге қызмет ететін, заңды түрде бекітілген ақша белгісі. ҚР-дың ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет