Этникалық енжарлық, бұл адамдардың өз этникасы мен этносаралық мәселелеріне, өз халқы мен басқалардың да құндылықтарына немқұрайлық танытқанда көрініс табады. Олар этникалық топтарының арнайы ережелері мен әдет-ғұрыптарынан тәуелсіз болады, және де олардың өмірлік іс-әрекеттеріне, мінез-құлықтарына өздерінің этникалық тиістіліктері де басқалардың этникалық біртектіліктері де әсер етпейді.
Ээтнонигилизм,космополитизм нысанында этносты және этникалық, этномәдени құндылықтарды мойындамауды білдіреді. Әдетте этникалық біртектіліктің бұл типі өзінің этникалық тобының мәртебесінің төменділігін жете түсінумен және басқалармен салыстырғанда құндылықсыздығын танумен байланысты туындайды. Соның нәтижесінде өз этникасын жариялаудан қашу, ал кейде кез-келген этниканы мойындамауға әкеледі.