Дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)



бет6/72
Дата10.10.2022
өлшемі205,02 Kb.
#42209
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
лекция ТБК 1 семестр

Тіл білімі және тарихТіл білімінің тарих ғылымымен, оның ішінде этнографиямен, археологиямен байланысы бар. Тіл тарихы - сол тілді жасаушы, сол тілді қолданушы халықтың тарихымен байланысты. Олар бірін-бірі байытады, бірін-бірі толықтырады. Тілдік деректерді - тарих, тарихи мәліметтерді - тіл пайдалана алады. Айталық, тіліміздегі кірме сөздерді зерттеу арқылы қазақ халқының бұған дейін қандай халықтармен аралас-құралас болғандығын білуге болады.
Тіл білімі және этнография. Этнографтар халықтың ерте кездегі салтына, дәстүріне, әдет- ғұрпына, тұрмысына байланысты материалдық байлықтарды зерттегенде тіл фактілеріне соқпай өте алмайды. Өйткені тіл - соларды ұзақ уақыт бойы сақтап қалған құралдардың бірі.
Тіл білімі және антропология. Тіл білімі антропологиямен де жақындасады. Антропология - адамның биологиялық табиғаты, морфологиялық типтері туралы ғылым. Адам баласы тілінің пайда болу дәуірін айқындауда әсіресе палеантропологияның деректері айрықша маңызды.
Тіл білімі және география. Тілге кейде географиялық факторлар да әсер ете алады. Мысалы, аралда тұрған халықтардың тіліне ешкім әсер ете алмауы мүмкін. Болмаса кең аймақта тұратын халықтың тілдері диалектілерге бөлініп кетуі мүмкін, ал тар аймақта тұратын халықтардың тілдеріндегі диалектілер бірігіп, жойылып кетуі ғажайып емес.
Тіл білімі мен географияның өзара байланысы ғылымның жаңа бір саласы - лингвистикалық географияның тууына әкеп соқты. Лингвистикалық география тілдегі фонетикалық, лексикалық грамматикалық құбылыстардың қай территорияға тарағанын көрсетеді. Бұл, әсіресе, диалектілік ерекшеліктерді зерттегенде ерекше маңызды. Сол арқылы, белгілі бір тілдің немесе диалектілердің лингвистикалық картасы (атласы) жасалынады.
Тіл білімі және семиотика. Тіл - таңбалар жүйесі. Осыған орай тіл білімі жалпы таңба атаулыны қарастыратын - семиотика ғылымымен байланысқа түседі. Таңбаларға Морзе әліппесі, жазу мен цифрлар, жол белгілері, тағы басқалар жатады. Жазусыз (әріптерсіз) тіл жоқ екендігі белгілі. Ондай шартты белгілер – материалдық жағынан да, білдіретін хабарының мазмұны, оны беру тәсілі мен таңбаның құрылымдық сипаты жағынан да алуан түрлі, ол – ғылым нысаны болуға әбден жарайтын, мейлінше күрделі құбылыс. Осы себептен 20 ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап, таңбаларды зерттейтін семиотика деп аталатын дербес ғылым қалыптасты. Семиотика – грек сөзі, мағынасы – белгілі дегенді білдіреді.
Семиотика (гр. semeion - белгі, танба) (семиология) - таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы (тіл, мәдениет, салт-дәстүр, кино т.б.), табиғаттағы (жануарлар дүниесіндегі коммуникация) немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау, логикалық пайымдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әртүрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылыми пән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет