1) Интралингвистика (лат., «ішкі») тілдің ішкі жүйелік құрылымын, жүйе элементтерінің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейді. Кейбір әдебиеттерде бұл терминнің орнына микролингвистика, ішкі лингвистика атаулары да қолданылады. Интралингвистиканың негізгі салалары – фонетика, лексикология, грамматика.
2) Экстралингвистика (лат., «сыртқы») тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейді. Салалары: социолингвистика, менталингвистика.
Тіл білімін зерттеуде қолданатын әдіс-тәсіліне, зерттеушінің ұстанған бағыт-бағдарына қарай да жіктеушілік бар.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімі – шығу тегі жағынан жақын тілдерді зерттейді, мақсаты – туыс тілдердің ара-қатынасын анықтап, даму сипатын көрсету. Ғылыми бағыт ретінде дамуы – 19 ғасыр.
Салыстырмалы тіл білімі орыс. сопоставительное языкознание - тілдерді шыққан тегіндегі жакындығына, типологиялык құрылымына тәуелсіз зерттейтін тіл білімінің саласы. Салыстырмалы тіл білімінің мақсаты - салғастырылатын тілдердін арасындағы ұқсастықты, айырмашылықты айқындау. Салғастыру тілдің әртүрлі деңгейлері мен элементтері арасында жүргізіледі: грамматикалық құрылыс, құрылымдық-семантикалық ұқсастықтар мен айырмашылықтар, тілдің лексика-семантикалық категориялары т.б. Салыстырмалы тіл білімінің негізінде салғастырмалы әдіс жатыр.
Типологиялық тіл білімі – тілдердің шығу тегінің алыс-жақындығына қарамастан, олардың құрылымдық, функционалдық белгілерін салыстыра зерттейді. Негізінен жеке тілдерді зерттеуге арналған. Пайда болуы 19 ғасырдың екінші жартысы.
Ареалдық тіл білімі – лингвистикалық география әдісі арқылы тіл құбылыстарының таралу жайын, тіларалық байланыстарын зерттейді. Пайда болуы – 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басы.
Структуралық тіл білімі – тілді таңбалар жүйесі деп қарастырады. Тілдік элементтердің формалды жағын зерттейді. Қалыптасуы 20 ғасырдың 20-30 жылдары.
Психологиялық тіл білімі – сөйлеу процесінің адамның ойлау, байымдау, қабылдау, ес, түйсік қабілеттерімен байланыста жүзеге асырылуын зерттейді. 19 ғасырдың ортасында пайда болды.