Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс «Ұйым және басқарушылық қызметінің сипаттамасы»



бет2/53
Дата16.11.2022
өлшемі291,03 Kb.
#50518
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Ұйымның сипаттамалары:
1. Ұйым көздеген мақсатына жету үшін қолда бар ресурстарды толық пайдалана білуі керек. Ресурстар жалпы түрде еңбек, қаржы және материалдық ресурстар болып бөлінеді. Осы аталған ресурстардың әрқайсысының өз орны, міндеті арқылы ұйымның мақсатына өз үлестерін қосып, пайда келтіруі тиіс.
2. Ұйымда еңбек бөлінісі және еңбектегі бірлесу тәртібі қатаң сақталуы қажет. Мысалы, мамандығы, жауапкершілігі, өндіріс саласына байланысты еңбек бөлінісі жүзеге асатын болса, барлығы бірігіп, ұйымның мақсатын орындау үшін іс-қимыл жасауы еңбектегі бірлесу қағидасын сақтау болып табылады. Еңбек бөлінісінің екі түрі бар – тікелей және көлденең еңбек бөлінісі тәртібі. Тікелей еңбек бөлінісі – жоғарыдан төмен (немесе сатылап бөлу) қызметкерлердің лауазымына, жауапкершілігіне қарай бөлінеді, ал көлденең еңбек бөлінісі – деңгейі, лауазымы, жауапкершілігі бірдей болған жағдайда, салалары мен мамандығына қарай бөлінеді.
3. Ұйым мақсатына жету үшін сыртқы ортамен тығыз байланыста болуы керек. Мысалы, ұйым барлық ресурстарды сыртқы ортадан алады және өнімді немесе қызметті сыртқы ортаға шығарып, нарықта сатады, яғни ұйымның барлық іс-әрекеті, тіршілігі сыртқы ортамен қарым-қатынасына тікелей байланысты.
4. Ұйымда өндіріс салаларына байланысты бірнеше бөлімдер болса, оның әр саласы өзінше дамуы арқылы бүкіл ұйымның дамуына ықпал етеді. Бірнеше бөлімдердің болуы, егер ұйым күрделі болса, оны басқаруды да жеңілдетеді.
5. Ұйым дамып, табысқа жетуі үшін міндетті түрде адамдарға міндеттер жүктеп, еңбек бөлінісі арқылы ұйымның құрылымын құру, басшы қызметкерлерді іріктеу, оларға жауапкершілік жүктеу қажет. Бұл жағдай басқару, ұйымдастыру арқылы ғана жүзеге асады, яғни, ұйымға тән сипаттама - оны басқарудың қажеттілігі.
Ұйымның түрлері.
Ұйымдар ресми және бейресми болып екіге бөлінеді.
Мемлекетке заң бойынша тіркелген, өзінің дербес есеп шоты (банкте), мөрі бар ұйымдар ресми ұйымдар болып саналады (мысалы, АҚ, шаруа қожалықтары, биржалар, өндірістік кооперативтер т.б.). Ресми ұйымдардың жарғысы, сол жарғыға байланысты өз ережелері мен принциптері болады, статистикалық , салық т.б. мекемелеріде тіркеліп, есеп беріп отырады.
Ал бейресми ұйымдар ешқайда заңмен тіркелмеген, мөрі, есепшоты жоқ, өздігінен пайда болып, кейіннен жойылып кетуі мүмкін. Бейресми ұйымның да жетекшісі болады, бірақ оны арнайы ешкім сайламайды. Бейресми ұйымның жетекшісі өзінің адамдарды баурап алатын қасиетімен, ерекше ұйымдастырушылық қабілетімен, сөйлеу шеберлігімен адамдарды өзіне тартып, басқалар соның айтқанын орындап, тек соны ғана тыңдайды.
1. Бейресми ұйымдар дегеніміз- әртүрлі әлеуметтік ішкі себептерге байланысты ресми ұйымның ішінен құрылған ұйымдарды айтамыз. Олар белгілі бір мақсатқа жету үшін жүйелі түрде өзара қатынаста болатын адамдар тобы. Бұл ұйымдар ортақ көзқарастардың негізінде достық қарым-қатынаста болатын топтар құрайды. Бұл байланыстар күшейген кезде топ маңыздылығы арта түседі. Сондықтан ондай топтардың ресми топтарға басымдылық көрсетпеуін қадағалау керек. Бұл ұйымдар іскерлігін оның ресми топқа әсерін қадағауға болады. Ұйымдар қалай және неліктен бейресми топтарға ттоптарға бірігетіндігін нақты анықтау қажет. Содан кейін қажет стратегияны жасауға болады. Бейресми ұйымға адамдардың бірігу себептері:

  1. Қатысушылық немесе достық сезім. Мұнда адмдар өзіне жақын ойын бөлісе алатын, ішкі прблемаларын жеткізе алатын адамдармен бірігеді.

  2. Өзара көмек. Көп жағдайда адамдар өздерінің әріптестерінің көмегіне сүйенуіне тура келеді. Мұндай көмек ресми ұйымдарға да қажетті.

  3. Өзара қорғау. Адамдар күштің бірлікте екендігін біледі.

  4. Өзара ортақ қызығушылар мен мүдделер.

Бейресми ұйымдардың сипаттамасы:
- Әлеуметтік бақылау. Яғни бейресми топқа жиналған адамдар бір-бірінің іс-әрекетін өзара бақылайды және қандай да бір нормаларды бұзғанда топқа қыстырылады.
- Өзгерістерге қарсы тұру. Бейресми ұйымдар ресми ұйымдарда болатын кез-келген өзгеріске қарсы тұрады. Себебі өздерінің әрі қарай әрекет етүіне енгізілген өзгерістеркедергілер болуы мүмкін деп ойлайды.
- Бейресми лидердің болуы.
3.Ұйымның формалары.
Ұйымның ұйымдық – құқықтық формалары 2- ге бөлінеді:
1 .коммерциялық ұ-р ( пайда табу мақсаттары)
2. коммерциялық емес ұ-р (пайда табуды көздемейді)
Ком-қ ұ-р былай бөлінеді:

  1. Шаруашылық серіктестіктер (хоз-ое то-во)

  1. Толық серіктестік

  2. Командитті серіктестік

  3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

  4. Қосымша жауапкершіліктегі серіктестік

2.Акционерлік қоғам:

  1. Акционерлік қоғам (АО)

3.Мемлекеттік кәсіпорындар.
4.Өндірістік кооператив.
Комерциялық емес ұ-р былай бөлінеді:
1.тұтыну кооперациясы
2мекемелер
3қорлар
4діни ұйымдар
5қоғамдық бірлестіктер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет