Бұдан əрі «Орындаушы» деп аталатын Жарғы негізінде əрекет етуші «JUZ40 EDUCATION»Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) Директоры Мусаева Жұлдызай Дүйсенқызы бір жағынан, жəне
Бұдан əрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын Қазақстан Республикасының азаматы (шасы), білім алушыныңӘділ Ерлан, ЖСН №061206550895, заңды өкілі, ата-анасы (оларды алмастыратын адамдар)
Бекешов Мереке Әділұлы Жубаназарова Жадыра Тугелбаевна
жеке куəлігі/төлқұжаты №021727825, 20 08жылғы «», ҚРМинистерство
Юстиции берілген, жеке
сəйкестендіру нөмері (ЖСН) №821022402620,Ақтауқаласы,
Приморский көшесі,Пляжнаяүй,54пəтер мекен-жайында тұрады, бұдан əрі бірлесіп «Тараптар», ал əрқайсысы жеке-жеке «Тарап» деп аталатын немесе жоғарыда көрсетілгендей, төмендегілер туралы осы өтеулі қызмет көрсету шартын (бұдан əрі – Шарт) жасасты:
ОСЫ ШАРТТА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ҰҒЫМДАР МЕН ТЕРМИНДЕР
Ақпараттық қызметтер – білім алушыларды Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын тапсыруға оқыту жəне дайындау, яғни Қазақстан Республикасының аумағында əрекетке қабілетті кəмелетке толған/кəмелетке толмаған жеке жəне заңды тұлғаларға, білім алушылардың ата-аналарына, ақпараттық технологияларды қолдана отырып, көрсетілетін электрондық қызметтер (оның ішінде ақпараттық, интерактивті, транзакциялық);
Ақпараттық технология – ақпаратты жинауды, жасауды, сақтауды, жинақтауды, өңдеуді, іздеуді, шығаруды, көшіруді, беруді жəне таратуды қамтамасыз ететін технологиялық кешенге біріктірілген əдістердің, өндірістік процестердің жəне бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;
Келуші – онда тіркелу немесе тапсырысты орналастыру мақсатынсыз, Сайтқа/ Платформаға кірген тұлға;
Білім алушы – Орындаушының ақпараттық қызметтерін тікелей алатын жеке тұлға.
Тапсырыс беруші – Орындаушының Шартына қол қойған тұлға, яғни білім алушы немесе білім алушының заңды өкілі, ата-анасы;
Тапсырыс – Тапсырыс берушінің Шарттың талаптарына сəйкес ауызша/ жазбаша немесе мессенджер арқылы ресімделген Қызметтерді көрсетуге арналған тапсырмасы;
Тараптар –Шарттың Тараптары бірлесіп Орындаушы, сондай-ақ Тапсырыс беруші мен Білім алушы (егер ол Тапсырыс беруші болмаса);
Дербес деректер – Шартпен регламенттелген, белгілі бір жеке тұлғаға қатысты, электрондық, қағаз жəне (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген мəліметтер;
Дербес деректерді жинау – дербес деректерді алуға бағытталған іс-əрекеттер;
Дербес деректерді өңдеу – дербес деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесіздендіруге, бұғаттауға жəне жоюға бағытталған іс-əрекеттер;
Үшінші тұлғалар – қазіргі уақытта да, болашақта да Орындаушымен Тапсырыс берушінің дербес деректерін жинау, өңдеу жəне қорғау жөніндегі мəн-жайлар немесе құқықтық қатынастар бойынша байланысты тұлғалар.
Куратор – Білім алушыларға курстарда оқуға көмектесетін маман. Үй тапсырмасын қадағалайды, сұрақтарға жауап береді, ұйымдастыру мəселелерін шешеді жəне оқу процесінде қолайлы жағдай жасайды, сондай-ақ Тапсырыс берушінің/ білім алушылардың сабақтарға деген мотивациясының төмендегенін көтермелейді, оқытуды ұйымдастыруға көмектеседі (телефон қоңырауларын соғады, сабақтарға рұқсат береді, чаттар жасайды), Тапсырыс берушілерден/ білім алушылардан кері байланыс жинайды. Куратор қызметтерін Орындаушы бонустық қызметтер түрінде ұсынады, олар Орындаушының қызметтеріне кірмейді.
Абоненттік төлем – осы Шарттың 5.1.1-тармағында көрсетілген тарифке сəйкес таңдалған, нақты тұтынылған қызмет көлеміне тəуелді емес, белгілі бір уақыт кезеңі үшін Тапсырыс берушінің төлеуге міндетті белгіленген ай сайынғы төлем мөлшері.
Сабақ түрі – Тапсырыс беруші таңдаған сабақты өткізудің жеке немесе топтық онлайн түрі.
Оқыту бағдарламасы - білім алушының жас санаты мен білім деңгейіне сəйкес Орындаушы бекіткен оқу бағдарламаларының тізбесінен Тапсырыс беруші таңдайтын жəне/немесе Орындаушы таңдайтын сабақтар курсы.
Онлайн оқыту нысаны – тапсырыс беруші таңдаған тариф арқылы онлайн нысанда жеке жəне/немесе топтық сабақтарды (Тапсырыс беруші таңдаған сабақ нысанына сəйкес) өткізу арқылы Шарт бойынша қызметтер көрсету.
Ақпараттық қызметтерді жүргізуге арналған Платформа, яғни Classroom/WhatsApp - бұл Тапсырыс беруші/білім алушы мен оқу кезінде Орындаушы арасында делдал болатын, Білім алушыларға Орындаушының тапсырмасы бойынша есептер/жауаптарды өткізуге, құруға жəне орналастыруға мүмкіндік беретін қызметтер.
Ақпараттық қызметтер бейне сабақтарды, үй, практикалық тапсырмаларды, мəтіндік жəне (немесе) графикалық материалдарды, консультациялар өткізуді, WhatsApp/Telegram мессенджерінде топқа қосылуды жəне осы Шарт шеңберінде толық көлемде орындалған үй тапсырмалары бойынша кері байланыс пен ұсыныстар алуды қамтиды