Дәріс тезистері Дәріс Синтаксис ілімінің зерттелуі, оқыту мәселелері



бет17/46
Дата08.04.2023
өлшемі218,21 Kb.
#80442
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46
Айқындауыш мүше, оның түрлерi
Анықтауыштар сияқты сөйлемде жеке сөздердiң сипатын ерекше қасиетiн бiлдiретiн сөздер және сөз тiркесi болады. Олар айқындауыш деп аталады. Айқындауыш анықтауыштың ерекше бiр түрi. Айқындауыштың анықтауыштан айырмашылығы мынада: анықтауыш анықтайтын сөздiң алдында тұрса, айқындауыш анықтайтын сөзден кейiн тұрады. Айқындауыш анықтайтын сөздiң лексикалық мағынасын, мүшелiк қызметiн басқа сөздермен айтып, дәлелдеп көрсетедi. Сонда айқындалатын сөз зат есiм болса, айқындауыш оны дәлдеп айтқанда қай зат екенiн, не оның қай тобына, қай бөлшегiне, қай түрiне жататын зат екенiн, мезгiлдiк үстеу болса, қай мезгiл екенiн, есiмдiк болса кiм, кiмдер екенiн бiлдiредi.Айқындауыштар құрылысына қарай 3- ке бөлiнедi.1. Қосалқы айқындауыш 2.Қосарлы айқындауыш 3.Оңашаланған айқындауыш.
Зат есiмдердiң қосағында жұмсалатын айқындауыштарды қосалқы айқындауыш дейдi. Мысалы, Алпамыс батыр, Жамбыл ақын. Анықтайтын сөзiмен қабаттаса айтылып, оның мағыналық мазмұнын дәлелдеп тұратын айқындауышты қосарлы айқындауыш дейдi. Мыс, телефон-автомат, инженер-технолог.Өзiне қатысты сөзiнен соң тұрып, ерекше әуенмен айтылып, анықтайтын сөзiнiң заттық, шақтық, т.б мағынасын дәлдеп көрсететiн айқындауышты оңашаланған айқындауыш деп атайды. Олар айқындауыштың басқа түрлерiне қарағанда айқындайтын сөздерiнен және сөйлемдегi басқа мүшелерден дауыс ырғағы арқылы оқшауланып айтылады да, жазуда, олардың екi жағынан үтiр не алдынан дефис, соңынан үтiр қойылады. Мысалы, Бiздер, бүгiнгi жастар, елiмiздiң ертеңгi болашағымыз. Пысықтауыштың жасалуы, мағыналық түрлерi
Пысықтауыш. Сөйлемде iс- әрекет, қимылдың жай- күйiн, амалын, мөлшерiн, мезгiл- мекенiн, себеп мақсатын бiлдiретiн тұрлаусыз мүшенi пысықтауыш деп атайды. Қалай? қашан? қайда? не мақсатпен? т.б сұрақтарына жауап бередi.
Пысықтауыш етiстiктен болған мүшенi анықтау мақсатында жұмсалатын сөйлем мүшесi. Пысықтауыш қызметiнде жұмсалатын арнайы сөз табы – үстеу. Сонымен қатар үстеу мәндес есiмдер, сапалық есiмдер мен мекендiк, мезгiлдiк, мақсаттық амалдық мағыналарда жұмсалатын септеулi зат есiмдер де пысықтауыш болады. Пысықтауыштар етiстiктермен әр түрлi мағыналық қатынаста айтылуына қарай мынандай мағыналық топтарға бөлiнедi: мезгiл пысықтауыш, мекен пысықтауыш, мақсат пысықтауыш, себеп-салдар пысықтауыш, амал пысықтауыш, мөлшер пысықтауыш..
1. Баяндауыш қызметiндегi етiстiктiң шақтық мағынасын дәлдеп, оның қашан, қай мезгiлде болатын қимыл процесi екенiн бiлдiретiн пысықтауышты мезгiл пысықтауыш деймiз.
2. Қимылдың iс-әрекеттiң болу орнын, бет алысын, қайдан екенiн бiлдiретiн пысықтауыштар мекен пысықтауыш болады. Мекен пысықтауыш жасайтын сөздер негiзiнен мекен үстеулерi.
3. Iс әрекеттiң не үшiн қандай талапқа лайық iстелетiнiн, болатыны не болмайтынын бiлдiретiн пысықтауыш мақсат пысықтауыш деп аталады. Мақсат пысықтауыштар кiм үшiн, не үшiн, қандай мақсатпен деген сұрауларға жауап бередi.
4. Қимыл процесiнiң себебiн бiлдiретiн пысықтауыштарды себеп пысықтауыш деймiз. Оларға нелiктен? Не себептi? сұрақтары қойылады.

  1. Қимылдың қандай тәсiлмен атқарылуын бiлдiретiн пысықтауышты амал пысықтауыш дейдi.Олар қалай? қайтiп? қалайша? сұрақтарына жауап бередi. Амал пысықтауыш болатын сөздер амалдық үстеулер, елiктеуiш сөздер, көсемше тұлғалы етiстiктер. Амал пысықтауыштар баяндауышқа қатысына қарай төрт түрлi мағыналық топқа жiктеледi: қимылдық амал, қарқынды амал, бейнелеушi амал, заттық амал. Қимылдық амал етiстiктiң көсемше түрiнде айтылып, iс әрекеттiң қимылдық сипатын бiлдiредi. Қарқындық амал қимылдың тездiк дәрежесiн бiлдiредi. Ондай пысықтауыштардың қарқындық дәрежесi әр түрлi болады. Баяу, шапшаң, үдету, қайталақтау т.б. Қарқындық пысықтауыштар тез, жылдам, шапшаң, ақырын, жай, шұғыл, қайта-қайта сияқты қимылдық үстеулерден жасалады.

Заттық амал пысықтауыштар қимыл тәсiлiнiң қалай екенiн белгiлi заттық ұғым негiзiнде бiлдiредi.Ондай пысықтауыштар көмектес жалғаулы зат есiм болып, қалай деген сұрауға жауап болады.

  1. Мөлшер пысықтауыш. Қимылдың мезгiлдiк созылу, көлемдiк таралу мөлшерiн, қайталау дәрежесiн, iстi iстеудегi объектiлердiң қатысы дәрежесiн анықтайды.

Мөлшер пысықтауыш болатындар:
А) сан есiмдер және олардың шығыс жалғаулы түрлерi мен өлшемдiк мағынадағы көмекшi есiмдер мен есе, рет, шақырым, бойы, құлаш, қарыс т.б тiркес түрлерi. Екi рет ескерттiм.
ә) Заттың нақты санын бiлдiрмей мөлшерiн ғана бiлдiретiн сөздер: сын есiмдер: ұзақ, қысқа; модаль сөздер: аз, көп; мөлшер үстеулер: тегiс, жаппай, онша, сонша, бiрен-саран, азғантай, едәуiр, бастан- аяқ, талай, түгел, бiртiндеп т.б мөлшер пысықтауыш ретiнде қолданылады. Ұзақ сөйледi.
б) сан есiмдердiң мөлшерлiк зат есiмдермен зат есiмдердiң мөлшерлiк есiмдермен тiркесiнен болады. Бiр жетi жатты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет