Дәріс тезистері Дәріс Синтаксис ілімінің зерттелуі, оқыту мәселелері



бет35/46
Дата08.04.2023
өлшемі218,21 Kb.
#80442
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46
Байланысты:
дәрістер

Аралас құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлемге енген жай сөйлемдердiң өзара байланысу тәсiлi бiрыңғай сабақтастың жолмен болмай, әрi салаласа, әрi сабақтаса байланысып келетiн құрмалас сөйлемнiң түрiн аралас құрмалас сөйлем дейдi.
Кейбiр аралас құрмалас сөйлемде сабақтастың белгiсi бұрын келiп, бiрiншi жай сөйлемнiң баяндауышы тиянақсыз түрде айтылады да, екiншi сөйлеммен сабақтаса байланысады. Екiншi сөйлем мен үшiншi сөйлемнiң баяндауыш тұлғалары тиянақты түрде айтылып, мағыналық жақындығы арқылы салаласа байланысады. М: Зылиқа кухнядаңы әзiр тұрған тамақты дайындауға кеткенде, Қамбар желдеткiштi ашып едi, тұтылған шiлтерлердi желбiрете самалды түннiң сызға оранған ауасы лапылдап кiре бастады. (К.О.).
Бұл аралас құрмалас сөйлемде үш жай сөйлем бар. Олардың бiрiншi мен екiншiсi бағыныңқылық басыңқылық қатынаста келiп сабақтаса байланысқан болса, екiншiсi мен үшiншiсi баяндауыштары тиянақты түрде айтылып, мағыналық жағынан тең дәрежеде келiп салаласа байланысқан.
Аралас құрмалас сөйлемдердiң бiрқатарында, керiсiнше, салаластың белгiсi бұрын келедi: бiрiншi сөйлемнiң баяндауышы тұлғасы тиянақты түрде айтылады да, екiншi сөйлеммен мағыналық жақындағы арқылы салаласу жолымен байланысады. Екiншi сөйлемнiң баяндауыш тұлғасы тиянақсыз түрде келiп, үшiншi сөйлемге мағыналық жағынан бағынышты болып сабақтаса байланысады. М: Үй маңында басқа байлық көрiнбейдi, қоңыр үйдiң төменгi жағына киiз жетпеген соң, туырлық орнына ши ұстап қойыпты (Ғ.М).
Бұл да аралас құрмалас сөйлем. Мұнда да үш жай сөйлем бар. Бiрақ бұл құрмалас сөйлем. Мұнда да үш жай сөйлем бар. Бiрақ бұл құрмалас сөйлемге енген жай сөйлемдердiң арақатынасы жоғарыдағы сөйлемге қарама-қарсы түрде құрылған. Бiрiншi сөйлемнiң баяндауышы тиянақты ашық рай тұлғасында айтылып, екiншi сөйлеммен мағыналық жақындығы арқылы салаласу тәсiлiмен байланысып тұрса, екiншiсi сөйлемнiң баяндауышы соң шылау тiркескен есiмше түрiнде тиянақсыз тұлғада айтылып, үшiншi сөйлеммен сабақтасу жолымен байланысып тұр.
Аралас құрмалас сөйлеммен енген жай сөйлемдердiң өзара салаласа байланысқан бөлiмдерiнiң арасы жалғаулық шылаулар келуi арқылы да, жалғаулық шылаусыз дауысырғағы арқылы да байланыса бередi. М:

  1. Қолындағы сүйменiмен мұзды сәл қашап, мосы сирақтарын нық орнатып, жуан сырықты екi мосының ашасына салды да, қазанды сол көлденiң сырыққа апарып асты (Ә.С).

  2. Шала тұтанған от өшiп барады екен, тықсырмалай үрленген сайын күл бұрқырап, түтiн көздi ашқызбайды (К.О).

Бұл сөйлемдердiң екеуi де аралас құрмалас сөйлем, әрқайсысы үш сөйлемнен келiп құрмаласқан. Бiрiншi құрмалас сөйлемде екiншi сөйлем мен үшiншi сөйлемнiң арасы салаласу тәсiлмен байланысқан және ол екi жай сөйлемдi байланыстырып тұрған да деген ыңғайластық жалғаулық бар. Ал екiншi аралас құрмалас сөйлемде бiрiншi сөйлем мен екiншi жай сөйлем салаласа байланысқан да, оларды байланыстырып тұрған ешқандай жалғаулық шылау жоқ. Аралас құрмалас сөйлем үш жай сөйлемнен құралғанда ондағы салаласа байланысу да сабақтаса байланысу да бiр-бiрден ғана болады.Ал егер ол төрт немесе одан көп жай сөйлемнен құралған болса, онда салаласа байланысатын жай сөйлемдер де сабақтаса байланысатын жай сөйлемдер де бiрнешеуден болуы мүмкiн. М,осының алдында ғана келтiрiлген, төрт жай сөйлемнен құралған аралас құрмалас сөйлемнiң тек Алғашқы ойларда шоқ-шоқ қарағанға тiреле төгiлген сары балшық ыржиып жатқанда деген бiрiнше жай сөйлемi ғана сабақтаса байланысқан да, қазақ жұмыскерлерi оны “Сары ауыз” деп атап едi, қазiр сары балшықтың түгел көмiр ұнтағы жауып кеттi де, ол “Қара жыра” атанды деген кейiнгi үш жай сөйлем өзара салаласа байланысқан. Сол мысалдың алты жай сөйлемнен құралған соғысында Лиза ойнап есiк алдына шығып кетсе деген бiрiншi жай сөйлемi әке-шешесiнiң дауыстары дыбырлап деген екiншi жай сөйлемге сабақтаса байланысса,бұл екiншiнiң өзi сөздерi үздiксiз шығады да деген үшiншi жай сөйлемге сабақтаса байланысады, ал бұл үшiншi жай сөйлем Лиза үйге қайтса деген төртiншi жай сөйлесге солаласа байланысса, төртiншiнiң өзi сөз ортасынан үзiлiп деген бесiншi сөйлемге сабақтаса байланысқан, сол сияқты бесiншi жай сөйлемге алтыншы жай сөйлеммен де сабақтаса байланысқан. Сөйтiп, мұнда төрт жай сөйлем сабақтаса байланысса, бiр жай сөйлем салаласа байланысқан.
Талданған мысалдарға қарағанда, төрт немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралған аралас құрмалас сөйлемдерде компоненттердiң бiр-бiрiмен байланысу жолдары бiркелкi болмайды: бiрде салаласа байланысқан жай сөйлемдер көп болып келе бередi.
Аралас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдер де бiр-бiрiмен қалыпты салалас құрмалас пен сабақтас құрмаластардағы жай сөйлемдi құрмаластыру тәсiлдерi арқылы байланысады. Мысалы:

  1. Жабай шығып кетпегенде, Игiлiк жiгiттердi сөзге айналдырып бөгей тұрмақ едi, бiрақ оның ретi болмай қалды. 2. Кеше iңiрде жабай жылқының бiр шетiн қайырып жүр едi, Игiлiк аулынан құйғытып шыға келген жолбасар жiгiттер мұны ортаға алып, оған қасқырдың қозығы жапқан жаласын жапты. 3. Жабай атына ауытқып құлай бердi де, сол аяғы үзеңгiге iлiнiп қалып, ол бiраз сүйретiлiп барып жерге сылқ еттi (Ғ.Мүсiрепов).

Мысалдың бiрiншi сөйлемiнде екiншi компонент соңғы үшiншi компонентпен бiрақ қарсылық жалғаулығы арқылы құрсаласса, үшiншi сөйлемнiң бiрiншi компонентi өзiнен кейiнгi жай сөйлеммен де жалғаулығы арқылы құрмаласқан. Ал мысалдың екiншi сөйлемiндегi бiрiншi компонент екiншi компонентпен жалғаулықсыз, iргелесе байланысқан.
Дәл осы сияқты, аралас құрмалас сөйлем құрамындағы сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердiң сабақтаса байланысу тәсiлiнде де жалпы сабақтас құрмаластағы жай сөйлемнiң құрмаласу тәсiлiмен ешқандай өзгешiлiгi болмайды. Мұндағы сабақтаса байланысатын жай сөйлемдер де өзi жетегiнде тұратын компоненттергн етiстiктiң есiмше, көсемше, шартты рай тағы басқа формалары арқылы құрмаласады. Жоғарыда келтiрiлген мысалдардағы сабақтаса байланысқан жай сөйлемдер дәл осы айтылған формалар арқылы құрмаласқан.
Сөйтiп бұл айтылғандардан байқалатын нәрсе-аралас құрмалас сөйлем дегенемiз жай сөйлемдер құрмаласуының салалас пен сабақтастан бөлекше тұратын, үшiншi бiр тәсiлi емес, сол негiзгi екi тәслдiң-салаласу мен сабақтасу тәсiлiнiң-бiр құрмаластың iшiне топтасқан түрi болып табылады.
Аралас құрмалас сөйлем құрамында оның жеке компоненттерi ретiнде төл сөздiң болуы да мүмкiн. М:”Пушкин дегенемiз төтенше көрiнiс және ол орыс рухының бiрден-бiр көрiнiсi болуы да мүкiн”,-деп, Гоголь Пушкиннiң орыс әдебиетi тарихындағы ролiн өте жоғары және соншалық әдiл бағалады деген сөйлем де аралас құрмалас сөйлемге жатады. Мұндағы төл сөз құрамындағы Пушкин дегенемiз төтенше көрiнiс деген бiрiншi жай сөйлем төл сөздiң екiншi жай сөйлемiмен және жалғаулығы арқылы салаласа құрмаласа, төл сөздiң орыс рухының бiрден-бiр көрiнiсi болуы да мүмкiн деген екiншщi жай сөйлемi деп көмекшi етiстiгi арқылы автор сөзi болып тұрған жай сөйлеммен сабақтаса байланысып тұр.
Аралас құрмалас сөйлемнiң құрылымынан бiрақ жайды байқауға болады. Бiрiншiден, көре түсетiн жай сол оның құрамында үш еомпонент болса, бiр ғана сабақтаса және бiр ғана салаласа байланысу тәсiлдерi болады, ал компоненттердiң саны одан көбiрек болса, не сабақтаса байланысу, не салаласа байланысу да көбейе түседi.Екiншiден, аралас құрмалас сөйлемнiң компоненттердiң арасындағы сабақтаса байланысу болсын, қайсысы да әдеттегi, дәстүрлi түрлерiн сақтайды. Анығарақ айтқанда , кәдiмгi салалас сөйлемде болатындай ,мұнда да салаласқан компоненттердiң жалғаулықсыз да , жалғаулықты байланысулары, сондай-ақ әдеттегi сабақтас сөйлемде болатындай, басыңқы мен бағыныңқы компоненттердiң арасында болатыны сияқты бағыныңқының баяндауыш тұлғалары да тиiстi қосымшаларға аяқталып отырады. Үшiншi бiр байқалатын жай –арлас құрмалас сөйлемнiң құрамындағы компоненттердiң өзара байланысуы тәртiбiнде мызғымас,қатып қалған заңдылық жоқ, әңгiме мынада:компоненттердiң бiрнешеуi мiндеттi түрде тек қана салаласып барып, содан соң теку қана сабақтасуға ауысу немесе керiсiнше, сондай-ақ мiндеттi түрде салаласа байланысу мен сабақтаса байланысудың алмасып отыруы дегендей қатаң тәртiп жоқ. Тiлiмiздегi сөйлемдердiң мол қолданылу мүмкiндiгiне сай, байланысу тәсiлдерi бiрыңғай да, араласып та келе бередi. Айталық, келтiрiлген мысалдардың бiрiншiсiнде алғашқы екi компонент үшiншi компонентпен сабақтаса байланысып, одан кейiнгiлерi салаласа байланысып жатса, екiншi мысалда бiрiншi компонент қана сабақтаса құрмаласып, кейiнгi екi компонент салаласа байланысқан. Ал үшiншi мысалда мұндай байланыс сабақтас-салалас-сабақтас схемасы бойынша кезектесiп келген. Қысқасы, арлас құрмалас сөйлем әдеттегi салалас пен сабақтас сөйлемдердiң қосындысы деп есептеледi.
Аралас құрмаластағы жай сөйлемдердiң арасына қойылатын тыныс белгiсi негiзiнде салалас пен сабақтас құрмаласқа қойылатын тыныс белгiлерiнен құралады.

  1. Егер араластың құрамында ыңғайлас мәндi жай сөйлемдер болса, араларына үтiр (,) қойылады.Мысалы: Туғанда дүние есiгiн ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кiрер денең.(Абай).

  2. Араластың құрамында қарсылық мәндi сөйлем болса, ол басқаларынан үтiр (,) және сызықша (-) арқылы айрылады.Мысалы:Жүсiп сөйлемекшi едi, -оны жұрттың ду көтерiм шапалақтаған қолы бөлiп, бiр сыпыра уақытқа шейiн сөйлетпедi.(Ә.Ә).

  3. Араластың құрамында жiктес мәндi не себеп-салдар мәндi сөйлемдер болса, олар басқаларынан қос нүкте (:) я сызықша (-) арқылы айрылады. Мысалы: Ақбозға сол күнi өмiрiнде бiтпеген шабыс пайда болған сияқты;төрт тұяғымен жердiң топырағын уыстай аспанға атып зымырағанда, көленеңнен көзi түскен жұрт оны ұшып барады екен деп ойлады. (С.М).

  4. Аралас құрмаластағы жай сөйлемдер өзара жалғаулық шылаулар арқылы байланысса (және шылауынан басқасы) араларына үтiр (,) қойылады.Мысалы:Түндегi боран таң ата ашылып, жел тынды да, Алматы өлкесiнiң маужыраған бiр әдемi күнi басталды.(С.М).

Хаттың бас жағын оқығанымен, сонда айтылған сөздiң ешқайсысын толық ұғына алған жоқ едi, өйткенi не екенiн, не қып отырғанын өзiде түсiне алмай отыр едi. Аралас құрмалас сөйлемнiң шылауы және шылаусыз болатын. Тек оның соңғы оқу құралының барлығында дерлiк жалғаулықты, жалғаулыұсыз деп бiр қырынан ғана танылатын қынжылтады. Әйткенде, аралас құриалас сөйлемнiң алғашқы түзiлуiнде оның “шылаулар арқылы және шылаусыз” байланысатын ақты-қаралы анық жазылған.Бұл-бiр,екiншiден бұл сөйлем түрiнiң құрамында тек жалғаулықты шылаулар ғана емес, сонымен бiрге шылаудың басқа түрлерi де,тiптi олардың өзара араласып келуi де синтаксистiк компоненттердiң басын бiрiктiрушi, байланыстырушы қызметте жұмсалады. Оның үстiне үшiншi белгi салаластыру жалғаулықтарға ғана тән нәрсе емес, демеулiктердiң де, сұраулықтардың да салаластыру қабiлетiн жоққа шығаруға болмайды. Мысалдарымыз да бұған бейiм.
Жалғаулық шылаулы түрi: Түс ауа дәлiзден топырлаған аяқ дыбысы жиi естiлiп тұрды да, бiр мезгiлде салдыр-гүлдiр есiк ашылып, iшке қару ұстаған он шақты шерiк кiрдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет