Дәріс тезистері Дәріс Синтаксис ілімінің зерттелуі, оқыту мәселелері


Дәріс 9. Көп компонентті салалас құрмалас сөйлем. Аралас құрмалас сөйлем



бет31/46
Дата08.04.2023
өлшемі218,21 Kb.
#80442
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46
Дәріс 9. Көп компонентті салалас құрмалас сөйлем. Аралас құрмалас сөйлем.

Сабақтас құрмалас сөйлемдер көп бағыныңқылы болып келетiн сияқты бiр салалас сөйлем құрамында да үш одан да көп жай жай сөйлемдер келе алады. Мұндай көп компоненттi салалас сөйлемдердi компоненттерiнiң бiр-бiрiмен мағыналық қатынастарына қарай атау мүлiк емес. Өйткенi ондағы компоненттер бiр-бiрiмен мағыналық қатынастары әр түрлi болып келедi. Мысалы; Шұғыл орысша бiлмейдi, барон қазақша бiлмейдi, бiрақ екеуi кейде араға тiлмаш салмай –ақ түсiне бередi. (Х.Есенжанов) Молдакесi, кенже балам едi, өзi өте қорқақ, тым ұра бермессiз.
Мысалдың бiрiншi сөйлемде алдыңғы екi компонент өз ара ыңғайластық қатынас айтылса, соңғы үшiншi компонент ал екеуiне қайшы мағынада айтылған. Екiншi сөйлемде алдыңғы екi компонент бiр-бiрiмен ыйғайластық қатыеаста айтылса, соңғы,үшiншi компонент ол екеуiне себептiк қатынаста тұр.
Көп тарамдық салалас сөйлем компоненттерi бiр-бiрiмен жалғаулықтар арқылы да байланыса беребi.
Мысалы: 1. Қатыннан келген жалғыз алашаны қыстыгүнi ашыққанда сатпай сақтап едiм, соған жарты пұт тары алып сеуiп едiм, ендi мынау бәрi нологқа кетейiн деп отыр.(Б,Майлин). Оның дөңгелек көзi көпiрген қақпастан қалада қалатын әдетi бар едi, бұл жолы ол тесiле қараған жоқ, Әбдрахманның тұла бойы, жүзiн шарлап қарады.(Х.Е)
2. Қарын ашады, бiрақ қосқа баруға қорқамын, оны маңайлап қасқырлар жүрген сияқты.(С Мұқанов). Ақырын ғана есiктi iшке қарай итерiп едi, болмашы саңылау көрiндi, бiрақ кiлттi ме, әде iштен сұқпа салған ба байқап болар емес.(Х.Е).
Келтiрiлген мысалдың бiрiншi тобындағы сөйлемдер компоненттерi бiр-бiрiмен жалғаулықсыз iргелесе құрмаласқан. Екiншi топтағы сөйлемдердiң алдыңғысында бiрiншi компонент екiншi компонентпен жалғаулық арқылы, екiншiсi үшiншi компонентпен жалғаулықсыз құрмаласса, соңғы сөйлемде, оның керiсiнше, бiрiншi мен екiншi жалғаулықсыз , екiншi мен үшiншi жалғаулық арқылы құрмалысқан. Сөйтiп, бұл сөйлемдер компоненттердiң бiр-бiрiмен байланысы әрi жалғаулықсыз, әрi жалғаулықты түрде араласып келген.
Сонымен, көп тармақты салалас сөйлем, компоненттерiнiң бiр-бiрiмен байланысу тәсiлi жағынан, жалғаулықсыз болып та, жалғаулықты болып да , әрi жалғаулықты, әрi жалғаулықсыз аралас болып та айтыла бередi.
Көп тармақты салалас сөйлем компоненттерi жоғарыда келтiрiлген мвсалдардағыдай әрдайым әрқайсысы әр түрлi мағыналық қатынастары жағынан олар бiртектес бiрыңғай болып та тұрады.
Мысалы; Көш бетiмен жайылған мал, бiресе ұұйыса, бiресе бытырай қонған киiз үйлер, көмiр қораларының ескi төмпешiктерi.(Ғ.М).Кiлем, көрпе төсеулi, күмiстетке сары ала тегене сапырулы, керектiнiң бәрi бар, артық ешнәрсе жоқ.(Ғ. Мүсiрепов).
Мұндағы компоненттердi өз ара байланысты, бiр уақыттың, бiр мезгiлдiң iшiндегi көрiнiсi, жай-күйдi суреттегенi болмаса, оларды мағыналарыжағынан пәлендей қарым қатынаста тұр деуге болады.
Көп тармақты салалас 1-шi компонент жалпылық мағынада айтылып,кейiнгiлер мәнiн саралап ашып тұратын түсiндiрмелi сөйлем турiнде де көп кездеседi. Мысалы: Елдiң iшi сыпырылысып жатқан әскер; бiресе қызыл келкдi, бiресе ақтың әскерi келедi.(Б.Майлин).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет