белгіленіп мөшерленген. Азиядағылардың кең тараған төлемдері ол
металлдан жасаған ақша болған Қытай мен Батыс Азия арасындағы негізгі
сауда керуен жолдарын бақылай отырып өткен керуендеріне салық төлеткен.
Жазба деректер бойынша ерте орта ғасыр қалалары Оңтүстік
Қазақстанда немесе Жетісуда көп болмаса да жеткілікті көрсетілген.
Ең үлкен қалалар – Суяб, Тараз, Испиджиб, Отырар. Бұл қалалар қол
өнер орталығы болып есептелді. Мұнда бұйымдарға сұраныс көбейіп,
отырықшылықпен және мал шаруашылығымен айналысушы халықтарды
қанағаттандырған. Бұл кездегі қол өнердің дамығандығын археологиялық
қазба материал арқылы көруге болды.
Түріктердің дініндегі негізгі құдайын Тәңір деп санаған, аспан құдайы.
Түрік жазбаларының дәлелдеуінше ҮІІІ ғ. Монғолияда Ежелгі Түрік
мифологиясында Умай құдай – анасы қағанның әйелінің қорғаушысы және
жас сәбилердің анасы болған.
Соған байланысты қасиетті жер мен сауда айтылады, бірақ аспан мен
жердегі барлығы Тәңір еркімен орындалады.
Осы жоғарғы әлемдік құдай түріктердің хрис. Не исламды қабылдау
кезінде сақталады.
Түрік көшпелілері ұстанған дін, шаманизмнің әлдебір формасында
болды. Оны біз бүгінгі күндері Сібір немесе Бурят моңғолдарынан көреміз.
Ол тәуірі культімен қатар жүріп отырды, бірақ онымен ешқашанда
бірікпеген. Шаманизм негізінде, өсімдіктер мен жануарларға, сонымен қатар
тау, өзен және көлдерге күш берген анимизм жатты.
Бұл наным-сенімдер, алғашқы түрі деректік көздердің жетіспеуінен
белгісіз, біртіндеп басқа діндердің, әсіресе буддизмнің элементтерін қоса
алады. Шаман бір мезетте екі рольді атқарады – балгер немесе емші. Ол
құдіретті сиқыршы бола алатын. Кей шамалар ауа-райын өзгертіп, жауын
жаудырған.
Түрік хандары және олардың билеушілері әр-түрлі діндерге қатты назар
аударып, түрлі діндерге сеніп, кейде бір сеніммен келесісіне өтіп отырған
немесе әр-түрлі сенімдерді араластырған. Мысалы, Жібек жолы бойынша
тағы бір дін манихейлік тараған. Ол ІІІ ғ. Иранда шығып, тез арада Италия
мен Қытай аралығында тарады. Ол зорастризм мен христиандықтың
синтезінен тұрды. Манихейлік, ең алдымен, отырықшы елдер арасына
тарады.
ҮІІ ғ. аяғында жаңа дін ислам пайда болды. Қазақстанның өңірінде
көптеген христиан шіркеулері мешіттерге айналады. Жаңа дін Жібек
жолының көптеген қалаларына орнықты. Ұлы Жібек жолы сауда мен
континенттерді жалғастырды. Бұл түрік халықтардың өміріне игі әсерін
тигізуі, өйткені олар сол арқылы Евразияның ұлы отырықшы
өркениеттерімен байланысты. Олар бақылап отырған және өздері белсене
араласқан құрлық саудасы, теңіз саудасына маңызды толықтыру болды.
Достарыңызбен бөлісу: