дейін, солтүстік-батысында Қазанға дейін, оңтүстік-батысында Арал теңізі
мен Каспий өңірінің солтүстігіне дейін жететін, ал кейде олар Маңғыстау
мен Хорезмге барып жүретін.
Ноғай Ордасы негізінен Жайық пен Еділ арасын жайлаған негізгі тайпа
манғыттардан тұрды, сол себепті де бұл ұлыс "Маңғыт жұрты" деп атанды.
"Ноғай", "ноғайлықтар", "Ноғай Ордасы" деген терминдер әдебиетте
алғашқы рет тек XVI ғ. басында ғана пайда болды. Сонымен қатар Ноғай
Ордасының құрамына қоңырат, найман, арғын, қаңлы, алшын, қыпшақ,
кенгерес, қарлұқ, алаша, тама және басқа ру тайпалар кірді.
XIV ғ. аяғында саяси аренаға шығып, Ноғай Ордасының негізін қалаған
Едіге 1396-1411 жылдар аралығында Алтын Ордада бүкіл билікті өз қолынан
шығармай, оны өзі тағайындаған хандар арқылы басқарып келді. "Беклер
бегі" ұлы әмір атанған Едіге көрші ұлыстардың өміріне де ықпал етіп
отырған. Клавихоның айтуына қарағанда, "Едіге өз Ордасында екі жүз
мыңнан астам атты әскерді ұдайы ұстаған".
Едіге түрік тектес халықтардың тарихи зердесінде өшпес із қалдырды.
"Ел қамын жеген Едіге" деп ардақтаған халық оның тұлғасын: "Артынан
келіп қарасам, қаhардан пайда болғандай, алдынан келіп қарасам, лапылдан
пайда болғандай,"- деп сүйсіне жырға қосты. Ол 1399 жылы Литва-Польша
әскері мен Тевтон ордені рыцарьларының біріккен жасақтарына күйрете
соққы берді. 1408 ж. Едіге орыс әскерлерін талқандап, Мәскеуге дейінгі
жерлерді жеңісті жорықпен жүріп өтті. Оның есімі тарихи шежіре
жылнамалардың бәрінде де үлкен құрметпен аталды.
Ноғай Ордасында бүкіл саяси билік пен экономикалық өмір шын
мәнінде Едіге ұрпағы маңғыт әмірлерінің қолында болды және оны рудағы
жасы үлкендігіне қарай мұраға қалдырып отырды. Алтын Ордадан
бөлектенген бірқатар иеліктердің аумақтарында Шыңғыс ұрпақтарынан
қайсыбір адамды хан көтеру Едіге ұрпақтарының келісімінсіз жарамсыз деп
танылатын дәстүр болған. Шығыс Деті Қыпшақтың саяси өмірінде XV
ғасырда Едігенің ұрпақтары Уақас би, Мұса мырза, Жаңбыршы және
басқалар зор рөл атқарды.
Ноғай Ордасы мен Қазақ хандығы халықтарының жақын туыстығы
туралы Ш.Ш. Уәлиханов айтқан болатын. Ол алғашқы қазақ ханы Жәнібек
тұсында достық қатынаста өмір сүрген ноғайлар мен қазақтарды "екі туысқан
Орда" деп атаған. Мұндай қатынастар кейін де, меселен, деректермелерде
"қазақтар мен ноғайлардың ханы" аталатын Хақназар хан тұсында XVI ғ.
ортасында да сақталды.
XVI ғ. Ноғай Ордасының Орыс мемлекетімен сауда-экономикалық және
саяси байланыстар бірте-бірте қалыптаса бастады. XVI ғ. екінші жартысында
Казан және Астрахан хандықтары Ресейге қосылғаннан кейін Ноғай ордасы
бірнеше дербес иеліктерге ыдырап кетті, оның ыдырау процесінде халықтың
бір бөлігі Кіші жүз құрамына енді. Солтүстік-шығыста тұратын ноғай рулары
Сібір иеліктеріне қарап кетті.
Достарыңызбен бөлісу: