Дәрістер. 1 дәріс. Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі


Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы



Pdf көрінісі
бет39/43
Дата05.11.2022
өлшемі0,78 Mb.
#47647
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
Дәрістер курсы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы. 
Қазіргі уақыттағы Қазақстандағы саяси реформалар. Қазақстан 
тәуелсіздігін алғаннан кейін саяси саладғы мақсаттар мынадай басты 
міндеттерге жұмылдырылды. Күшті Президенттік басқару бағытындағы 
мемлекеттің дамуы, көппартиялық жүйені құру; тұрақты экономикалық 
реформаны қамтамсыз ету; көп бағытты әскери-саяси және экономикалық 
одақтармен келісімдерге келу, демократиялық құқықтар мен адам 
бостандығын сақтай отырып, Қазақстанның әлемдігі саяси салмағын көтеру, 
әлемдік қатынаста Қазақстанның геосаяси жағдайын пайдалану болды. 
Мемлекеттік елтаңбалардың заңды түрде қалыптастыру жұмыстары 
басталды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде Жоғарғы Кеңес суретші 
Шәкен Ниязбеков жасаған мемлекеттік елтаңбаны, архитекторлар Жандарбек 
Малибеков пен Шота Уалиханов жасаған мемлекеттік елтаңбаларға жоғарғы 
баға берді. Ән ұранның авторлары Мұзафар Әлімбаев, Қадір Мырзалиев, 
Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева болды. 1992 жылы 4 
маусымда жоғарғы Кеңес жаңа мемлекеттік рәміздерді бекітті. Осы 
жылдардағы саяси өмірдегі басты міндеттердің бірі еліміздің жаңа 
Конституциясын қабылдау болды. Конституция халықтың талқылауына 
ұсынылды. Жоғарғы Кеңесте және халық арасында: экономикалық 
мәселелер, жерге жеке меншік. Қазақстанның әкімшілік-территориялық 
құрылымы, мемлекеттік тіл төңірегіндегі пікірлер қызу талқыланды. 
1993 жылы 28 қаңтарда Жоғарғы Кеңес тәуелсіз Қазақстан 
Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады. Бұл бірінші 
Конституциямыз, елімізде демократияны дамытуда, құқықтық мемлекеттің 


заңдық базарларын қалыптастыруда, Қазақстанның әлемдік қауымдастықпен 
байланысын дамытуда үлкен роль атқарды. 
Сонымен бірге бұл Конституциядағы көптеген әлеуметтік жеңілдіктер
экономикадағы нарықтың заңдарымен сәйкес келмеді. Сондай-ақ еліміздегі 
Президент билігін күшейту және заң шығару саласын жетілдіру қажеттігі де 
туындады. 
Соған орай 1995 жылы шілде айының басында бүкіл халықтық 
талқылауға жаңа Конституцияның жобасы ұсынылды. Бүкіл халықтық 
талқылаудан кейін 1995 жылы 30 тамызда жаңа Конституциясының жобасы 
бойынша Республикалық референдум болды. Бүкіл халықтық референдумда 
дауыс берген халықтың 89% жаңа Конституцияны қабылдауға дауыс берді. 
30 тамыз мемлекеттік мереке, Конституция күні деп жарияланды. Бұл жаңа 
Конституцияның мынадай негізгі баптары бойынша өзгешеліктер бар. 
Президенттік басқаруға байланысты, заң шығарушы парламентке 
байланысты, жерге байланысты, халыққа білім беруге байланысты, 
денсаулық сақтауға байланысты және тілге байланысты. 
1995 жылы 29 сәуірде Президенттің өкілеттілігін 2000 жылға дейін 
ұзарту туралы бүкіл халықтық референдум болды. Референдумға қатысқан 
халықтың 95% Президенттің өкілеттілігін ұзартуға дауыс берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет