Дәрістер жинағЫ 1-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеттері


Лириканың жеке компоненттерін оқыту



бет24/33
Дата09.02.2023
өлшемі172,77 Kb.
#66471
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33
Байланысты:
Д рістер жина Ы 1-та ырып. дебиетті о ыту дістемесі п ні, ма с

2. Лириканың жеке компоненттерін оқыту
1. Тақырып. Ең алдымен лириканың тақырыбы ашылады. Лириканың түрі мен тақырып бірдей ұғымдар емес. Шығарма тақырыбын оның өн бойынан рухынан іздеу керек. Оқушылардың өзіне жұмыс істету арқылы тақырыбын нақтылай түсеміз (Абайдың «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңінің тақырыбы – заман көрінісі, ел ішінде белең алған қылықтар. «Қалың елім, қазағым» тақырыбы – әлеуметтік тақырыбы, т.б.).
2. Идея. Лириканың өміршеңдігі – оның идеялық позициясында. Шығарма идеясы – оның өзегі. Оқушылармен бірлесе отырып, оқылған шумақтардан ақын пікірі қандай идеяға әкелетінін ұғындырамыз. Ақынды өз дәуірінің өкілі ретінде танып, шығарма идеясын сол кезеңнің ерекшеліктеріне байланысты бағалауға үйрету керек. Көркем шығарманы талдау, тануда тарихилық принципті есте ұстаймыз. (Бұхар шығармаларының идеясы – ел бірлігіне шақыру, қазақ мемлекетінің тұтастығын сақтау, т.б.).
3. Образ. Лирикалық қаһарман. Лирикалық характер. Лирикада образдылық та, образ да бар. Адам рухының тұңғиық сырларын бейнелеп беру арқылы ақын образ жасайды. Бірақ лирикадағы образды сөз бен адам бейнесін (образ) ажырата білу керек. Бейнелі сөзді бейнелеу, адам образын бейне деп қарасақ, лирикадағы бейне – лирикалық қаһарман. Лириканың басты қаһарманы ақынның өзі, ал лирикалық қаһарман – ақынның жырлайтын объектісі. Лирикалық қаһарман мен ақын – көп жағдайда бір-бірімен етене жақын болады. (Жеке бастың күйі: «Атадан алтау, Анадан төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ»).
Лирикалық кейіпкердің жеке бір мәселеге көзқарасы ғана емес, бүтін өмірлік құбылысқа деген қат-қабат күйініш-сүйініші көрінбек. Ол басқалардан дараланып алынады да, бірте-бірте тұтас характерге айналып сомдалады. Сондай-ақ лирикалық характер өлеңдердің бәрінде бола бермейтінін де оқушылар білуі керек.
4. Композициясыз лирика болмайды. Композициялық талдау лириканың идеялық-эстетикалық мән-мағынасын ашудың, өлеңді танудың негізгі амалдарының бірі болып есептеледі. Ол мәнерлеп оқу, мәтінге негізделген сұрақ-жауап (әңгімелесу), оқушылардың орындайтын оқу еңбектері арқылы жүзеге асады. Өлең арқылы, оның жеке бөлшектері, көріністер мен суреттер, ақындық толғаныстар мен тебіреністер, айқындалған соң өлеңнің композициялық-мазмұндық жоспары түзіледі. Бұл – талдаудың басты сатысы болмақ («Жасымда ғылым бар деп ескермедім»).
5. Өлеңнің тілі. Өлеңдегі ой мен әсер, ақын шеберлігі мен туындының көркемдігі поэтикалық сөз бен тілден көрінеді. Өйткені лириканың негізгі материалы – ақындық сөз, көркем тіл, олардың шебер қиылысуы. Зерттеушілер көркем шығарма тілін автор тілі, кейіпкер тілі, поэтикалық тіл деп үшке бөліп қарастырады.
6. Өлең құрылысын таныту. Зерттеушілер мен әдіскерлер өлеңнің құрылымдық жүйесін танытуды оқушылардың әдеби-теориялық білімін жетілдіруге ықпал ететін құрал деп біледі.
Өлеңнің бүкіл құрылысын талдауды мектеп бағдарламасы көтермейді Бірақ 5-сыныптан бастып өлең құрылысы туралы түсініктер кеңейтіліп, ұйқас, буын, бунақ, тармақ, шумақ туралы балалар меңгеріп, талдай білуі керек.
7. Ақын мәнері (стилі). Әдебиеттің мектептік курсында жазушы стилін жан-жақты таныту мүмкін емес және қажет те емес. Ал жоғары сыныптарда бұл бағытта оқушылардың өзіндік ізденістерін жолға қойып, стильдік талдау дағдысын қалыптастыру қажет. Нақтылы шығарманы оқып-үйрену барысында ақынға тән ең басты стильдік ерекшеліктерге тоқталып, назар аудару қажет-ақ. Стиль ұғымын меңгерту әдебиет сабағының барлық кезеңдерінде де азды-көпті жүріп жатады. Мысалы, кіріспе әңгімеде, ақын шығармашылығы туралы әңгіме кезінде, мәтінмен жұмыс барысында, жинақтаушы әңгімеде, өздік жұмыс үстінде ақын стилі немесе стильдің жеке компоненттері төңірегіндегі ұғымдар үздіксіз жүріп жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет