Дәрістер жинағЫ 1-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеттері


-тақырып. Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері



бет25/33
Дата09.02.2023
өлшемі172,77 Kb.
#66471
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33
Байланысты:
Д рістер жина Ы 1-та ырып. дебиетті о ыту дістемесі п ні, ма с

12-тақырып. Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері



  1. Мәтінмен жұмыс істеу

  2. Көркем шығарманы талдаудың әдіс-тәсілдері

  3. Әдебиет сабағында жүргізілетін жазба жұмыстары



Дәріс мақсаты:

  • Мәтінмен жұмыс істеудің маңызын түсіндіру;

  • Көркем шығарманы талдаудың әдіс-тәсілдерін саралау;

  • Әдебиет сабағында жүргізілетін жазба жұмыстарыды қарастыру




  1. Мәтінмен жұмыс істеу

Әдебиет сабағындағы ең басты құрал – көркем шығарманың мәтіні. Сондықтан сабақты көркем мәтінді эмоциональдық тұрғыдан әрі сапалы игертуді бірінші кезектегі мәселе деп қараған жөн. Шығарма мәтінін оқу – оның идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшелігін түсінудің де басты сатысы. Ү-ҮІІІ сыныптарда әдеби шығарманың мәтінін оқып-үйрену талдау және жинақтау арқылы жүргізіледі. Әдеби шығармаларды оқып-үйренудің әдісі оның жанрлық сипаты мен көркемдік ерекшеліктеріне және көлеміне сәйкес болады. Шығарманың құрылысы, тілі, көркемдігі шығарманың идеялық мазмұнын ашатын құралдар (тәсілдер) ретінде қаралуы керек.
Орта буында оқушылар жеке көркем шығармаларды оқып-үйренумен қатар көрнекті ақын, жазушылардың өмірбаяндарынан белгілі бір көлемде мәліметтермен танысады, ондай мәліметтер бірде автобиографиялық шағармалардан, естеліктерден үзінді, енді бірде жазушы шығармашылығына, жеке шығармаларына қатысты болып келеді. Орта мектепте әдебиет теориясы өз алдына жеке пән болып оқылмайды, әдеби шығарманы оқыту кезінде соның табиғатына, көркемдік ерекшелігіне, тіл ұстарту мақсаттарына орай әр сыныптың көлемінде тиісті мәліметтер беріледі.
ІХ-ХІ сыныптарда әдебиет курсы да көрнекті әдеби шығармалардың мәтінін оқып-үйренуге негізделеді. Бұл сыныптарда өз алдына жеке өтілетін монографиялық тақырыптармен қатар шолу тақырыптарынан тұрады. Монографиялық тақырыптар жазушының бір немесе бірнеше шығармасына, кейде тұтас шығармашылығын оқып-үйренуге негізделеді.
Жеке алынып, арнайы талданатын шығармалардың мәтінімен оқушылар алдын-ала оқып, танысуы керек. Мұнан кейінгі негізгі жұмыс – әр шығарманы мұғалімнің басшылығымен талдау. Жоғары сыныптарда көркем шығармалар әр түрлі деңгейде талданады: 1) Толық талдау. Шығарманы, негізінен шағын жанрдағы шығармалар (әңгіме, ертегі) мәтінін түгел талдап шығу. 2) Ішінара талдау. Шығармадағы өзекті мәселелер, негізгі проблемалар немесе жеке көрініс, эпизодтар талданады, ал басқа тараулары шолу арқылы қамтылады (көлемді шығармаларды талдағанды).
Шығарманың жанрына, мазмұнына, көркемдік ерекшеліктері мен әр сыныптағы оқушылардың даярлық дәрежесіне қарай мұғалім шығарманы оқыту әдісін түрлендіріп отырады. Әсіресе әңгімелесуді (эвристикалық әдіс), сабақ-диспуттарды, дәрісті, проблемалық оқуды, семинар сабақтарды орынды пайдалана білген дұрыс.
Монографиялық тақырыптар құрамына ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылық жолы жайында мәлімет беру де кіреді. Жазушының өмірбаянын өткенде оқушыларға оның қоғамдық және әдеби-шығармашылық қызметіне бейланысты бір маңызды фактілерді хабарлап, шығармаларының атауларын, негізгі тақырыптарын, идеялық мазмұнын, көркемдік-стильдік ерекшеліктерін нақтылы дәлелдермен көрсете отырып, шығармашылығына қысқаша сипаттама беріледі, сол арқылы қаламгердің шығармашылық портреті танылады.
Көркем шығарманың сөз айшықтарын таныту да – аса қажетті жұмыс. Әдеби шығарманың тілін талдау – кейіпкерлердің іс-әрекетін, мінез-құлқын түсінуге, сол арқылы оның образ ретінде қалыптасу жолдарын аңғартуға, белгілі бір жанрдың немесе жазушының өзіндік стилін танытуға, мәтіннің идеялық-көркемдік мәнісін түсінуге көмектеседі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет